Астанада коммуналдық саланы цифрландыру инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағытына айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде қалаға қар қалың түсіп, жел ұйытқып соққанда көпшілікке біршама қолайсыздық туғызады. Осындай маусымда көшені уақытылы тазалау үшін техника ғана жеткіліксіз, жұмыс тәртібі мен есеп те нақты болуы керек. Сол себепті «Астана Тазалық» кәсіпорны қысқа дайындық кезінде енгізілген цифрлық шешімдерін таныстырды. Негізгі жаңалық «Цифрлық жол парағы» жүйесі. Ол нақты уақыт режимінде қай техника қай көшеде жүргенін, қандай маршрутпен қозғалғанын, жұмыстың қай уақытта басталғанын, қанша реагент себілгенін көрсетеді. Яғни, диспетчер де, басшылық та қағаз жинап отырмайды, көріп отырып шешім қабылдайды. Қазір технология 393 арнайы техникаға енгізілген. Нәтижесінде есепті…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жамбыл облысы Талас ауданында үш бірдей жеткіншекті ұзақ жыл бойы азаптап, құлдықта ұстаған азамат сотталды, деп жазады Ertenmedia. Іс материалына сәйкес, айыпталушы өгей ұлдарын 6 жыл бойы ұрып-соғып, таңнан қара кешке дейін малдың соңына, қара жұмысқа жеккен. Балаларды қоғамнан оқшаулап, аш қалдырып, телефон ұстатпай, коллежде оқитын үлкен баланың шәкіртақысына ортақтасып отырған. «Сот отырысында балалардың берген куәлігі және іс бойынша жиналған өзге де айғақ арқылы айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпкердің жауапкершілігін жеңілдететін фактырлар анықталмады. Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деп хабарлады Талас аудандық сотының баспасөз қызметі. Контексті айта кетейік… Оқиға тамыз айында Көктал ауылы тұрғындарының үш баланың…
Шымкентте ірі жылыжай кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен поляк инвесторлары – Fabe-Agro компаниясының басшылығы Мартөбе тұрғын алабында капсула қою рәсіміне қатысты. Жоба құны 137 миллион АҚШ долларын құрайды. Әкімдік дерегінше, қазіргі кезде құрылыс алаңын дайындау және қажетті инфрақұрылымды тарту жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның жалпы аумағы 144 гектарды қамтиды. Кешен толық іске қосылғанда жылына 36 мың тоннаға дейін көкөніс өндіру жоспарланған. Негізгі өнім қызанақ пен қияр. Сонымен қатар шамамен мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады деп күтілуде. Бұл тек ауыл шаруашылығы емес, жергілікті халық үшін де маңызды әлеуметтік эффект беретін жоба. Салтанатты рәсімде Ғабит…
Ұлттық банк 2026 жылдың алғашқы жартысына дейін базалық мөлшерлемені төмендетуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia. Реттеушінің ақша-несие саясаты туралы жарияланған есебінде қазіргі 18 пайыздық базалық ставка инфляциялық қысымды азайту үшін сақталатыны айтылған. Банк шешімді базалық инфляцияның әлі де жоғары болуы, инфляциялық болжамның тұрақсыздығы және салық реформасы мен квазибюджеттік ынталандырудың сұранысқа ықпал ету ықтималдығына байланысты қабылдаған. Сонымен қатар, Ұлттық банк елдің 2025 жылғы жалпы ішкі өнімінің өсу болжамын жақсартып, 6-6,5 пайызға дейін көтерді. Алдағы жылдары экономикаға квазибюджеттік сектордың инвестициясы, ішкі тұтынудың тұрақтылығы және мұнай өндірісінің артуы оң ықпал етеді. Дегенмен… Биылғы мұнай өндірісінің рекордтық көрсеткіштері мен ішкі нарықтағы күшті сұраныс…
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бүгін өзінің Facebook парақшасында Экономика комитетінің отырысында мемлекеттік сатып алудағы тәртіпті босатып жіберетін бастама үнсіз өтіп кетуге шақ қалғанын жазды. Оған әріптесі, депутат Анас Баққожаев назар аударып, мәселені көтергеннен кейін бәрі ретімен шешіліпті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұрат Әбенов еске салғандай, бір жыл бұрын Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға Анас Ахатұлы ұсынған маңызды өзгеріс қабылданған. Ол өзгеріске сәйкес, «қара тізімге» енген компания басшыларының жақын туыстары да тендерге қатыса алмайды деген талап енгізілген еді. Себебі бұрыннан белгілі схема бар. Бір мердігер ұйым мемлекеттік тапсырысты алып, жұмысты толық орындамайды, орындаған күнде де жұмысты сапасыз атқарады. Содан кейін компаниясы қара…
Президент Тоқаев бірнеше салаға ауқымды өзгеріс әкелетін жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа құжатқа сәйкес, мәдениет, білім, отбасы институты және мемлекеттік бақылау бағытында бірқатар маңызды жаңалықтар енгізілмек. Өзгерістер оннан аса заң мен кодексті қамтиды, оның ішінде Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік кодекстері, «Неке және отбасы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі», «Қазақстандағы тілдер», «Балалар құқығы», «Мәдениет», «Білім туралы» заң бар. Қабылданған заңның басты мақсаты жетім балалардың құқығын қорғауды күшейту. Енді бала асырап алуға немесе қамқорлыққа алуға бірінші кезекте туыстарының құқығы болады. Егер ағайын-туысы табылмаса, басымдық ресми некедегі ерлі-зайыптыларға беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттен қаржыландырылатын, балаларды тамақтандыру, емдеу, оқыту және жатын орынмен…
Жол экономиканың күретамыры. Күре жолының жағдайы жақсы өңірлердің дамуы да жеделдей түседі. Сондықтан да елімізде жаңа жол салып, ескісін қайта жаңғырту ісі қарқынды жүріп жатыр. Биылдың өзінде 13 мың шақырым жол қамтылады деп жоспарланған. Соның басым бөлігі орындалып та қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапаға мән беріледі Еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін, транзиттік әлеуетін арттыру туралы айта келіп Президент: «Сондай-ақ негізгі дәліздер аясында автомобиль жолдарын дамытуға баса мән берген жөн. Қазір елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Жол салған кезде транзиттік дәліздердің мән-маңызына баса көңіл аударған жөн» деді. Сонымен биыл 13 мың шақырым жол қамтылмақ. Оның ішінде республикалық 2 мың…
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, ҚТҚ өңдеу жобаларын жүзеге асыру туралы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі. – Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасы кең ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Мәселе тек ағаш отырғызу және қоқыс тазарту туралы болып отырған жоқ. Табиғатты қорғау идеясына бүкіл қоғамды біріктіру, жайлы…
Алматыда жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесі толық іске қосылып, халық шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Ertenmedia. Түске жақын тіркелген жер асты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. Ондағы магнитуда 6,7 балл болса, Алматыда шамамен 3 балдық тербеліс сезілді. Қалалық әкімдік өкілі Ілзат Ақчуриннің мәліметінше, барлық ескерту жүйесі штаттық режимде жұмыс істеген. Қала тұрғындары Mass Alert арқылы ұялы телефондарына хабарлама алса, көшедегі дауыс зорайтқыштар мен сиреналар да дер кезінде қосылған. «Сауда орталықтарында, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында шұғыл эвакуация жасалды. Халық ғимараттардан тез арада көшеге шығарылды. Эвакуациялау кезінде ешқандай дүрбелең немесе кептеліс байқалмады», – деді Ақчурин. 13:10 шамасында полиция патрульдері мен құтқарушылар…
Қазақстанда онлайн-платформалар мен медиа нарықты реттеу тәртібі түбегейлі өзгермек. Ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады Ertenmedia. Жаңа құжат цифрлы кеңістіктегі заңсыз контентке тосқауыл қою мақсатында дайындалған. Соның ішінде аудиториясы 5 мың адамнан асатын анонимді телеграм-арналардың иелері өз тұлғасын ашуға міндеттеледі. Олар министрлікке жеке мәліметін жіберіп, арнайы реестрге тіркеледі. Онлайн-платформалардың Қазақстан аумағында өкілдік ашуы да міндетті болуы мүмкін. Заң жобасы мем. органдардың ресми жауабын арнайы белгілеуді, аудиовизуалдық платформалардың жұмыс тәртібін қайта қарауды, операторларға лицензия беруді, контент жариялау ережесін бекітуді және уәкілетті органның құзыретін кеңейтуді көздейді. Құжатта ерекше назар аударатын бір норма бар: мистикалық және оккульттық қызмет туралы…










