Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ғаламдық климаттық өзгерістер бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер үшін үлкен сын-қатерге айналды. Температураның көтерілуі, құрғақшылық, су ресурстарының азаюы және табиғи апаттардың жиілеуі экономиканың барлық саласына әсер етуде. Осындай жағдайда Қазақстан да уақыт талабына сай әрекет етіп, төмен көміртекті және экологиялық таза экономикаға көшуге дайындалуы қажет. Бұл оңай процесс емес, сондықтан оның әділ және барлық азаматтар үшін қолайлы өтуі ерекше маңызды. Осы мақсатта Қазақстанда Әділ көшу стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл құжат энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды кезең-кезеңімен жаңғыртып, экологиялық таза технологияларды енгізуге бағытталған. Ең бастысы бұл өзгерістер адамдардың өмір сапасын төмендетпей, керісінше жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс. 2024 жылдың…

Read More
Астана медицинасы

Астанада халықаралық JCI аккредитациясы бар 9 қазақстандық клиниканың 7-еуі орналасқан. Бұл қаланы елдегі сапалы медицинаның ең ірі орталығы болуына мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. 2024 жылы елордаға 4 500 медициналық турист келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қазір Астана заманауи инфрақұрылымы, озық технологиялары, білікті мамандары және қолжетімді бағалары бар қала. Бұл факторлар елорданы ТМД, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің пациенттері үшін тартымды етеді. Астана жоғары технологиялары, халықаралық стандарттары және қолайлы бағасы үшін қызықты ете түседі. Бірқатар бағыт бойынша бағалар Еуропа, Оңтүстік Корея немесе Түркия елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, бірақ қызмет сапасы сәйкес деңгейде. Шетелдік пациенттер үшін Астанада…

Read More
Стадион Семей

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласы әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС арасында меморандум жасалып, 25 мың көрерменге арналған стадион салу жоспарланған. Жер телімінің жалпы аумағы 20 гектар. Қазіргі уақытта 25 мың орындық стадионның құрылысын жүргізетін мердігер ұйыммен үш жақты келісімшарт жасалып, аумақ қоршалып, жерді қазу, тегістеу жұмыстары басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға сәйкес аумақта асфальтбетонды жолдар мен алаңдар қарастырылған. Архитектуралық-жоспарлау және инженерлік-құрылымдық шешімдерді әзірлеу барысында аймақтың табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктері толық ескерілді. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталатын болады. – Бүгін, міне, стадионның құрылыс жұмыстары басталды. Осы жұмысты бәсеңдетпей, жалғастыру қажет. Қаржысы кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Бұл семейліктердің…

Read More
Шымкент Сыздықбеков Тоқаев

Шымкентте қазір жалпы құны 900 млрд теңгеге бағаланған ірі жобалар жүзеге асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Индустриялық аймақтың инвестор үшін қандай артықшылығы бар? Қалада негізгі басымдық өнеркәсіптік аймақтарды үлкейтіп, инвесторға инфрақұрылымы дайын алаң ұсыну. Сол арқылы жаңа өндіріс ашып, тұрақты жұмыс орындарын көбейту көзделген. Ресми мәлімет бойынша, қалада екі жаңа өнеркәсіптік аймақ салынып жатыр, ал бұрыннан бар үш аймақ кеңейтілуде. Дәл осы аумақтарда 300 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Барлық жобаның жиынтық құны – 900 млрд теңге. Жоспарға сәйкес, осы жобалардың есебінен 13 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс табады. Индустриялық аймақтың негізгі артықшылығы – жолы, жарығы, суы, газ бен басқа да…

Read More
Алматы ТЖД

Алматы қаласының ТЖД алдағы 8 желтоқсанда ауа райы күрт бұзылатынын ескертті. Таулы аймақта қалың қар жауып, көктайғақ болады. Қаланың өзінде де тұман түсіп, сынап бағанасы төмендеп, жолда мұз қатуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. ТЖД мамандары қарапайым қала тұрғындарына жолға шығарда бағытыңызды ауа райына қарап жоспарлаңыз. Егер таңертең асығыс жұмысқа шығатын болсаңыз, уақытты ертерек қойып, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты ұзартқан дұрыс. Қалада тұман болса, алысты көрмей қалу оңай, ал көктайғақта тежегіш те бірден ұстай бермейді. Таудағы жағдай бөлек әңгіме. Қалың қар мен мұз араласса, жол жабылып қалуы да мүмкін, көлік тұрып қалуы да мүмкін. Сол үшін ТЖД «тауға шығуды кейінге қалдыра тұрыңыз»…

Read More
Алматы

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешеніндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысын барып көрді. Қала тұрғындары үшін де, қонақтар үшін де бұл жердің орны бөлек, сондықтан әкім ең әуелі мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті сақталуы тиіс екенін нақты айтты. Яғни, Медеудің сыртқы бейнесін түбегейлі өзгерту емес, ішкі жүйесін жаңарту, қауіпсіздігі мен қолайлығын күшейту назарда тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға қарасақ, негізгі бағыттардың бірі энергия үнемдеу болып отыр. Кешенге жаңа тоңазытқыш жабдықтары орнатылып, инженерлік желілер толық жаңартылады. Мұз айдынының сапалы қатуы, техникалық ақаулардың азаюы, электр қуатын үнемдеу сияқты мәселелер осы арқылы шешім табуы тиіс. Энергияны аз жұмсайтын жүйелерге көшу…

Read More
Шымкент өрт депосы

Шымкентте шұғыл төтенше жағдайға жауап беретін қызметтердің жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында алғашқы әмбебап кешеннің ашылуы осының айғағы. Ресми мәліметке сүйенсек, мұндай үлгідегі нысан Қазақстанда бұрын болмаған. Ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты. Олар кешенді аралап көріп, мамандармен сөйлесті, жүйенің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен бақылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа кешенде полиция, төтенше жағдай қызметі, өрт сөндіру және жедел жәрдемді бір алаңға жинау. Бұрын әр қызмет қала ішінде әр жерде орналасып, оқиға орнына бөлек шықса, енді олар бір нүктеден қатар шыға алады. Бұл уақыт ұтуға, өзара байланыс…

Read More
шашлык

Алматыда кәуапханалар, қоғамдық тамақтану орындары және монша сияқты нысандарды тексерілді. Тұрғын үйге жақын орналасқан орындардан түтін мен иіс тұрғындарға жайсыздық туғызатыны жасырын емес. Осы жолы Медеу ауданындағы бірнеше кәуапханаға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары назар аударды. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бес дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде төрт нысанда бұзушылық анықталды. Бір факт бойынша іс материалдары сотқа жолданды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалада түтін мен иіс мәселесі көбіне көмірмен жанатын мангалдан шығады. Осы бағытта «Eco Almaty» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп профилактикалық жұмыс жүргізген. Мақсаты кәсіпкерлерге талапты нақты…

Read More
Түркістан

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті. ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны Конституциялық Сот, Түркістан облысының әкімдігі және университет бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық симпозиумның басты мақсаты – түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының тәжірибесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әділетке негізделген құқықтық мәдениеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсерін жан-жақты қарастыру. Басқосуға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның белгілі ғалымдары мен құқық саласының мамандары қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Симпозиумның алғашқы күні  секциялық отырыстар мазмұнды пікірлермен ерекшеленді. Халықаралық жиында түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының…

Read More
Нұрдәулет Қилыбай

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың халықпен жұмыс стилін риза болдық. Жұма күні сағат 14:00-де басталған халықпен кездесу ресми форматтағы жиналыспен шектелмей, кешкі алтыдан кейін жеке қабылдауға ұласқан, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте мұндай қабылдаулар бірнеше сағатқа созылып, күндізгі уақытпен аяқталушы еді. Ақтаудағы жағдайда олай болмады. Әкім тұрғындарды түн ортасына дейін емес, таңғы 7:15-ке дейін қабылдапты. Әкімнің халықты қабылдау бөлмесінің есігі соңғы тұрғын кіріп шығып болғанша ашық тұрған. Нұрдәулет Қилыбайдың жүздесуге келген 150-ге жуық азамат негізінен тұрғын үй мен жер телімін алу, үлестік құрылыс, жұмыссыздық, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, коммуналдық тариф, қоғамдық бағыттағы сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алған. Аймақ басшысы әрбір өтінішті…

Read More