Автор: Асылхан Бөрібай

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін шектеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның айтуынша, кез келген зиян контент балаларға емес, сыни ойлау қабілеті толық қалыптаспаған ересек адамдарға да кері әсерін тигізуі мүмкін. «Қолданыстағы құқықтық нормалар аясында әлеуметтік желілерді шектеуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз. TikTok-ты шектеу мәселесіне келсек, платформа пайда болған Қытайдың өзінде балаларға арналған шектеулер бар. Онда балалардың TikTok-та өткізетін уақыты тәулігіне 40 минуттан аспайды және контентке қатаң шектеу қойылған. Яғни балалар тек білім беретінғ дамытуға арналған материалдарды ғана көре алады», – деді Жұмаділдаева. Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстандағы балалар мен ересектер тұтынатын контент бастапқы форматтан мүлде…

Толық оқу

Сот шешімі бойынша Алматы қаласы Медеу ауданындағы 3-ші көше, 12-учаске бойына салынған нысанды бұзу басталды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. Құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті жоқ, ол жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды. Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді. 2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің қатысуымен басталды. Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оған жауапты сала басшылары мен дін қызметкерлері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары бейнебайланыс арқылы қатысып, өңірдегі діни ғимараттардың құжаттарын заңнамаға сәйкес рәсімдеу және оның құрылыстарын реттеу мәселесі қаралды. «Облыстағы діни ғимараттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеуді назарда ұстаңыздар. Кейбір аудандарда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бірқатар аудандағы жауаптылар жұмысты ширатулары керек. Заңнамаға сәйкес, ғимараттардың құжаттары түгенделмей құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады», – деген облыс әкімінің орынбасары ғимараттардың заңсыз салынуын қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. Сонымен бірге демеушілер мен меценаттарға әлеуметтік нысандар салу да маңызды екенін түсіндіру қажеттігі айтылды. Жиын…

Толық оқу

Премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қаржы министрі Мәди Такиев жүргізілген талдау шеңберінде салық төлеушілер шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында бұрын енгізілген арнайы салық режимдерін (СРП) пайдаланғаны анықталғанын баяндады. Министр тағы бірқатар факторды атады. «Қаржы министрінің ақпаратынан салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын қолдана отырып, міндетін адал атқармайтын кәсіпкерлер барын көріп отырмыз. Миллиардтаған айналыммен олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS…

Толық оқу

Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарды. Бүгін ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Толық оқу

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шаралары барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табысын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төлеген. «Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заңбұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні», — деп жазылған хабарламада. Комитет мәліметінше, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді. Айта кетейік, бұған дейін желіде блогерлердің тізімі тарады. Оның ішінде Мейрамбек Бесбаев,…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жаңа Конгресс-орталықтың құрылысы туралы айтып берді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы Алматыда мұндай көрнекті нысандар кеңес заманынан бері салынбағанын атап өтті. «Болжамды жаңа Конгресс- орталығы мемлекеттік меншікте болады. Қала бюджетінен қаражат инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыруға бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке демеушілік қаражат тартылады», — деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, Алматы әкімі белсенді тұрғындарға қала дамуына көңіл бөлгені үшін алғысын білдіріп, жобаның Алматыға пайда әкелетініне сенім білдірді. «Біздің қала дамуы тиіс. Алматыда еркін мемлекеттік жер қоры жоқ, сондықтан біз жолдарды ұзарту, әлеуметтік инфрақұрылымды, қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін…

Толық оқу

СҚО әкімдігінің отырысында  «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жүзеге асырылуы туралы мәселе қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Акция басталғаннан бері облыста 271 шара ұйымдастырылып, 2,8 мың экологиялық акция өткізілді. Мерекелік шаралардың маңызды бөлігі ретінде халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 638 кездесу өткізіліп, онда санитарлық талаптар мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сенбіліктерге 158 мыңнан астам адам, 6,1 мың бизнес субъектісі және 63 өнеркәсіптік кәсіпорын қатысты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 578 тарихи-мәдени ескерткіштер, 200-ден астам саябақ пен сквер, 23 субұрқақ тазартылды. Қоқыс жинауға 2,4 мың бірлік техника тартылды. 53 мың аула аумағы тазартылды, 167 мың тонна қоқыс  полигондарға шығарылды. Сондай-ақ, 34 мыңнан астам ағаш пен…

Толық оқу

Риддер қаласындағы «Синегорье» демалыс базасында үш күнге созылған республикалық «Ассамблея Жастары» лагері – «ЭТНО WINTER CAMP» өтті. Бұл шара елдің түкпір-түкпірінен келген белсенділер мен еріктілерге өзара тәжірибе алмасып, жаңа білім алу мүмкіндігін сыйлады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Лагерьге Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан келген «Ассамблея Жастары» ұйымының белсенділері қатысты. Биылғы кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылды. Үш күн бойы қатысушылар танымдық және ойын-сауықтық бағдарламаларға белсене атсалысты. «Лагерь ерекше әсерлі өтуде. Ұжымдық жұмысқа баулитын тренингтер, шешендік өнерді дамыту сабақтары, қызықты шеберлік сағаттары – мұның бәрі Шығыс Қазақстанның…

Толық оқу

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. ІІМ мәліметінше, биыл қылмыстық құрылымдардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт іс қозғалған. Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір дерегі анықталыпты. Сондай-ақ, бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша соталды тергеп-тексеру басталған. Бұл істер бойынша тергеу нысанында Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар. «100-ден аса адам жауапкершілікке тартылып жатыр. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі…

Толық оқу