ҚМДБ Оразаға қатысты маңызды сауалдарға жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған кісілер не істейді? Сәресі ішу парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресін өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын әрі қарай жалғастыра береді. Бірақ сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», — делінген. Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі сәресі жеу…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Сауда-саттық жасалған жоқ, өйткені бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Әзірге сатылмаған зергерлік бұйымдар арасында мынадай әшекейлер бар: 14,7 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған YEPREM сақинасы. cabinet-auction.e-qazyna.kz Сақина 85 гауһар таспен көмкерілген. Құны 7,5 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған Frank Muller алқасы. Бұл зергерлік бұйым салмағы 4,6 карат болатын ақ гауһар тастармен көмкерілген. Құны 3,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі сары алтыннан жасалған Yana Jewellery сақинасы мен білезігі. cabinet-auction.e-qazyna.kz Әшекейдегі тастардың жалпы саны — 235, оның ішінде салмағы 5,46 карат болатын ақ…
Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Облыс әкімінің баяндамасынан: Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған; Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр; мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңге болатын 5 жоба іске асырылады; жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған; Аустралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған; биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі; медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі; 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Заңдағы бастамаларды өңірде жүзеге асыру мақсатында тиісті сала өкілдерімен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуде Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жаңғырту талқыланды. Басқосуда Зұлпыхар Сансызбайұлы Заңның маңыздылығына тоқталып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, туризмді дамыту, қаланың әлеуетін көтеру жолдарын атап өтті. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру, сондай-ақ қаланың жеке дизайн коды енгізілетіндігі айтылды. Сала өкілдерімен бірге тарихи-мәдени ескерткіштерді аралап, жұмыстарымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи…
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл мен Қызылжар ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстарын және арналардың құрылысын тексерді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылжар ауданында Соколовка, Большая Малышка және Вагулино ауылдары су басу қаупі бар аймақтарда орналасқан. Қауіпті азайту мақсатында Соколовка маңындағы Есіл өзенінде жаңа айналма канал жасалуда. Бұл жұмыстар осы ауылдарға жақын өзеннің су өткізу қабілетін ұлғайтады. Тасқынның шарықтау шегінде Петропавл су торабы арнаның тарылуы салдарынан суды қажетті көлемде өткізе алмайды. Бұл мәселенің шешімі — Заречный кентінің жанында айналма канал құру. Қазір ұзындығы 3,7 км болатын арнаның құрылысы белсенді жүргізілуде, ол алғашқы кезеңде суды өткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Ущев пен Былғары кенті…
Бүгін Рамазан айының төртінші күні. Ertenmedia.kz 2025 жылғы оразаға қатысты ең маңызды сауалдардың жауабын ұсынады. Рамазан қандай ай? Ислам күнтізбесінде Рамазан — бүкіл әлемдегі мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ұстайтын тоғызыншы ай. Рамазан – ең қасиетті айлардың бірі. Ораза тек аштықты сезіну емес, сонымен қатар, рухани тазару кезеңі. Рамазан айында мұсылмандар Құран оқып, дұға жасап, ізгі істерге көңіл бөледі. Кешке ауызашар жасап, отбасымен және жақындарымен бірге уақыт өткізеді. Бұл ай – мейірімділік пен кешірімнің, сабыр мен ықыластың белгісі. Рамазан – жүректі тазартатын, адамды сабырға, шүкіршілікке үйрететін ерекше уақыт. Ораза 2025 қашан басталды? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі…
ШҚО-да Глубокое ауданы Предгорное ауылында 21 жылдан астам уақыт бойы ара шаруашылығымен айналысып келе жатқан кәсіпкер Алексей Дегтярев бүгінде тек жергілікті нарықта ғана емес, көрші елдерде де жоғары сұранысқа ие табиғи бал өндіріп келеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алексей Дегтяревтің кәсібі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, өңірдің экономикалық өсіміне және туристік тартымдылығын арттыруға зор үлес қосып отыр. 2024 жылы Алексей Дегтярев өз кәсібін кеңейтіп, крем-бал өндірісі мен өнімдерді фасовкалауға қажетті жабдық сатып алу үшін «AMANAT» партиясының филиалына жүгінеді. Партияға келген кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы естіп оған қатысатындығын жеткізеді. Арада көп уақыт өтпей тиісті құжаттарды жинақтап бағдарламаның қатысушысы атанады. «Ауыл аманаты» сияқты нақты…
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бюджеттік ұйымдардағы техникалық қызметкерлердің, соның ішінде еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик секілді қарапайым еңбек адамдарының жалақысын көтеруді ұсынды. Депутаттың бұл бастамасы халық тарапынан қолдауға ие болды. Осы тұста ErtenMedia депутаттың өзімен тілдесіп, бұл жұмыстар алда қалай жалғасын табатынын сұрады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2025 жылдар аралығында жалпы азаматтардың, оның ішінде азаматтық қызметшілер және техникалық қызметшілердің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Біздің депутаттық сауал осы тапсырманың орындалуын қоғамдық бақылау деп тану қажет», — деді Мәжіліс депутаты. Жұлдыз Сүлейменова азаматтар тарапынан шағым, сұрақ болғанын да жасырмады. «Мектептерді аралаған кезде осы мектептердегі еден жуушылар,…
Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Қайырымдылық» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте мәлімдеді. «14 наурыз — «Көрісу күні – амал мерекесі» күні Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Шәмші» аллеясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының көрісу рәсімі өтеді. Аталған шарада қос өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, этнос өкілдері мен өнерпаздары кездесіп, көрісу күні орындалатын барлық рәсімдерді бірлесе атқаратын болады. Сондай-ақ, осы күні «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылады. Ал, 15 наурыз…
Арғын Нығматулин – белгілі қазақстандық кәсіпкер және спорт қайраткері, Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы. Оның Қазақстандағы және шетелдегі негізгі активтері белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia Shishkin like арнасына сілтеп. Спорттағы активтері: “Сарыарқа” хоккей клубы: Арғын Нығматулин 2009-2018 жылдары Қарағандының “Сарыарқа” хоккей клубын басқарды және Қазақстан хоккей федерациясының тең құрылтайшысы. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері атағына ие.  Doszhan Sport мұз айдыны: Арғын Нығматулинге тиесілі “Nbn Inc.” ЖШС арқылы Қарағанды қаласындағы Республика даңғылында орналасқан Doszhan Sport мұз айдыны және оның астындағы 0,5 гектар жер телімі бар. Компания 2018 жылы тіркелген және өз меншігіндегі…










