Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан облысында туризм және мәдениет салаларына инвестиция тарту жұмыстары жан-жақты жүргізіліп келеді. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының маңызды тұлғасы және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тараптар Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Түркістанда туризм қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, бұл бағыттағы жаңа бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді. «Ортақ тарихи құндылықтарымыз бізді одан әрі жақындастырады. Сіздің медиа саласындағы мол тәжірибелеріңіз және ықпалыңыз біз үшін өте маңызды. Түркістан облысы – еліміздің тарихында айрықша орны…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біраз ауыс-түйіс жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Ол 2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Айта кетейік, ол бұған дейін де, дәлірек айтсақ, 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап осы қызметті атқарған еді. Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Абай Қайырбеков 1998…

Толық оқу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласының инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы мәселені талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қытайлық серіктестердің қатысуымен өңірде бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын айтқан облыс әкімі аграрлық бағыттағы Жетісу облысы үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде «Qingdao Wanlin Food Co., Ltd» инвестор компанияның құрылтайшысы әрі бас директоры Ли Янтао өз компаниясының екі бағытта, яғни пияз, сарымсақ, сәбіз, картоп сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайталай өңдеумен айналысатынын жеткізді. Бұл ретте пияз өсіру…

Толық оқу

ШҚО-дағы студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне тарту, ел жастарының өзіндік тұлғасын қалыптастыру және олардың бастамаларын қолдау мақсатында облыстағы үш жоғары оқу орны мен төрт колледжде «БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеялары ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ассамблеяларды ашу аясында Өскемендік студенттер Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі зертханаларға экскурсия жасап, ондағы технологиялық жетістіктермен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен студенттік ассамблеяның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, аймақтың белсенді жастарымен және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті. Кездесу барысында ұйым төрағасы студенттерге студенттік ассамблея жастарының қызметі туралы баяндады. «БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеяларының ашылуы аясында «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында»…

Толық оқу

Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған. 2006-2008 жылдары «Сити» инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген. 2008-2014 жылдары «Сити» инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі…

Толық оқу

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл ашылатын студенттік жатақханалар туралы жазды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қаладағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды жүйелі деңгейде салуды жалғастырамыз. Олар – тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, білім беру, медицина, спорт және т.б. нысандары. Өздеріңіз білетіндей, өзге қалалардан келетін студенттер саны жыл сайын артып келеді. Жауапты министрлікпен, университеттермен, инвесторлармен бірлесіп, жатақханалардағы орын санын ұлғайту бойынша жұмыс істейміз. Мәселен, былтыр 4 мың 200 орынға арналған 7 студенттік жатақхана салынып, пайдалануға берілді. Олар – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Тұран Астана» университеті, Медицина университеті, Astana IT university студенттеріне және т.б. арналған жатақханалар. Биыл тағы 8 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар…

Толық оқу

Семейде қатарластары аяусыз ұрып-соққан баланың отбасына қазақстандықтар көмек қолын созды. Бұл туралы Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Жүнісова мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia. «Баланың отбасына көмектесу жөнінде көптеген сұрақ келіп жатыр. Оның әпкесінің есепшотына 24 миллион теңге жиналған, бұл қаражатты баспана сатып алуға жұмсау жоспарланып отыр. Отбасы қазақстандықтардың қолдауына шын жүректен алғыс білдіреді», – деп жазды Жүнісова. Сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкіл үй таңдау мен оны сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы комиссия құрылатынын жеткізді. Оған өңірлік және қалалық мәслихат депутаттары, адвокаттар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енбек. Оқиғаның мән-жайы Бұған дейін Абай облысының полициясы қылмыстық іс…

Толық оқу

ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған. Тергеу барысында күдіктілер Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары бұл шағын зауыттан 102 мың тоннадан аса мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған. Алдын ала есеп бойынша қылмыстық топтың айналымы кейінгі екі жылда…

Толық оқу

27 ақпанда өткен «Ауыл» партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында Жигули Дайрабаев партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәліметке сүйенсек, Дайрабаевты қызметінен босату туралы шешім саяси кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан қабылданған. Дайрабаев туралы Дайрабаев 2023 жылдан бері VIII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарып келеді. Ол Қазақ ауылшаруашылығы институтында білім алып, ғалым-агроном мамандығын меңгерген. Әр жылдары түрлі лауазымдарда қызмет еткен: 2015-2019 жылдары – «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы; 2019 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ президенті; 2020 жылдың маусымынан Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы; 2022 жылдың маусымынан «Атамекен»…

Толық оқу

WhatsApp-та 25 жастан бастап 65-тен асқандарға дейін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуға тиіс деген хабарлама тарап жүр. Оны алу үшін сауалнамадан өту керек екен. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, — деп хабарлайды ErtenMedia stopfake.kz-ке сілтеп. Қазақстан Республикасының ресми сайттарында жаңа жәрдемақы туралы хабарланған жоқ. Мұндай ақпарат Үкіметтің сайтында да, Президенттің порталында да жоқ. Елдің бірде-бір департаменті немесе комитеті жаңа бағдарлама туралы мәлімдеме жасаған жоқ. «Мемлекеттен төленетін төлемдер туралы ақпарат басқа порталдарда жарияланбайтынын естен шығармаған жөн. Жеке деректеріңізді желідегі белгісіз ресурстарда жазуға болмайды. Төлемдер туралы мұндай фейк ақпарат интернетте жыл сайын жарияланады», — деп жазылған ақпаратта. Айта кетейік, былтыр қазақстандықтарға әлеуметтік қордан төлемдер төленетіні туралы…

Толық оқу