Ақтауда әкімнің жаңа орынбасары болып Әсет Шопанов тағайындалды, – деп хабарлайды ErtenMedia. Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің түлегі. Ол еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында бас маман ретінде бастаған. 2003-2018 жылдар аралығында Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. 2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары болса, 2022-2024 жылдары басқарма басшысы қызметін атқарды. Мас күйде көлік жүргізу дерегі Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, былтыр Әсет Шопанов мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған. Сол кезде ол Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Отырыста пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері де қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірде 2022 жылы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топ құрылған. Комиссия жұмысының нәтижесінде 512,8 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылған. Облыстық қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың соңына дейін 170 мың гектар пайданылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда 51,5 мың гектары қайтарылған. Бұл жұмыс Бородулиха, Жарма, Мақаншы аудандарында баяу жүргізілуде. Облыс әкімі аудан әкімдеріне пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. «Аудан әкімдері ауыл халқын жайылымдық жермен…
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты. «Өскемен тынысы» Экологиялық қорғаныс бюросының жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарға ақыл айтты. Ол әңгіме барысында өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті. Пікірталасқа сондай-ақ ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов қатысты. Сондай-ақ, Виталий Чернецкий – «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі, Вадим Кушнарев – «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі қатысты. Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңның маңыздылығына тоқталды. Аталған тарихи құжаттың шаһарды дамытуға жаңа серпін беретінін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің тапсырмасымен әзірленген бұл Заң Түркістанды рухани, тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде ерекше мәртебеге ие қала деп бекітеді. Құжат 13 баптан тұрып, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша 44 құзырет беріледі. Заң бойынша Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өзге де тарихи ескерткіштерді қорғау, археологиялық, ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, ұлттық қолөнерді дамыту, қаланың тарихи келбетін сақтау үшін дизайн код енгізу, археологиялық резерват құру қарастырылған. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аймақта биіктігі мен сәулеті…
Наймандар — Қазақ хандығының этникалық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған ру-тайпалық бірлестік. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдын батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Х ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» карағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен ата- лады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азия аумағына қоныс- танған. Қидандардын Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның…
2024 жылы Шымкентте әкімнің жиналысы кезінде тұрғын үй басқармасы басшысы міндетін атқарушы ұсталды. Оқиғаның видеосын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-да жариялады. Экс-шендіге сот қандай үкім шығарғаны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ол Шымкенттегі 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. «2024 жылғы 27 тамызда ол 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ, өмір бойына қандай да бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылды», — деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі өкілі Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында. Айта кетейік, әкім бұл «көріністің себебін» өзгелерге сабақ болсын деген…
700-ге жуық шетелдік таксист жазаланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полиция пікірі Көші-қон қызметінің мәліметі бойынша 5 күн ішінде 46 мың көлік тексерілген, нәтижесінде 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталған. «Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан», — деп жазылған хабарламада. 234 шетелдік заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды. Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылған. Сонымен қатар, 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұған дейінгі жағдай Айта кетейік, бұған дейін…
Бас прокуратура Арғын Нығматулин қандай күдікке ілінгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қадағалау органы Арғын Нығматулинге және Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. «Соталды тергеп-тексеру шеңберінде А.З. Нығматулин күдікті деп танылды, сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты іздеу жарияланды», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатқаны хабарланды. Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура. Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы…
Абай облысында көктемгі су тасқынына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1 400 адамнан тұратын арнайы топ құрылып, қажетті техника әзірленді, қорғаныс дамбалары салынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сонымен қатар, мамандар өзендер мен жолдардың, су қоймаларының жағдайын бақылап, су басу қаупін азайту үшін инженерлік жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель мәлімдеді. «Облыста су тасқыны наурыздың екінші онкүндігінде басталып, маусымның ортасына дейін жалғасады. «Қазгидромет» мәліметтері бойынша, топырақтың қату деңгейі 22-115 сантиметр аралығында, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Синоптиктердің болжамына сәйкес, наурыз айындағы орташа температура климаттық…
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр. Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура. Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы. Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы сәуірден 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.










