Автор: Асылхан Бөрібай

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы қашан салынатыны жөнінде пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Министрлік өткізген брифинг барысында Сәтқалиев бұл жобаның болжамды мерзіміне тоқталды, яғни 2-3 жыл. «Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, жобалау кезеңі үш жылға дейін жалғасады. Осы мерзімнен кейін құрылыс жұмыстары басталғанда, «бетон» кезеңіне өтеміз. Жалпы құрылысқа екі жыл ішінде кірісеміз деп жоспарлап отырмыз. Дегенмен негізгі нысанның құрылысы техникалық-экономикалық негіздеме толық аяқталып, жобалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік органдардан барлық қажет рұқсат алынған соң ғана жүзеге асады», – деп түсіндірді министр. Айта кетейік, жуырда Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Толық оқу

Астанада көлік полицейлері интернет алаяқтар желісін жойды, —  деп хабарлайды ErtenMedia. ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттерінің үйлестіруімен Астана қаласында ұялы байланыспен заңсыз қитұрқы әрекет жасауға қатысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстаған. Тінту барысында күдіктілерден республика аумағында интернет алаяқтық жасау үшін пайдаланылған виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған 2 SIM-box құрылғысы, қазақстандық мобильді операторлардың 2 мыңнан аса SIM-картасы, ноутбуктер, роутерлер, пайдаланушылардың нақты орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік беретін маршрутизаторлар тәркіленген. Бұл дерек бойынша көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. «Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», — деп…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мешіттердегі ас беру рәсімдері қымбат екенін сынап, бұл мәселені шешу керек екенін айтты, деп хабарлайды ErtenMedia. «Астананың Бас мешіті мен Хазірет Сұлтан мешітіндегі асханада ас беретін болсаңыз, адам басына 20 000 теңгеге дейін төлеуге дайын болыңыз! Адам өліміндегі ас емес, той жасайтын дастархан! Минималды баға — 7000 теңге. Бірақ ол кезде етті өзіңіз әкелесіз. Бұл бизнес болмағанда не?» — деп ашынды ол. Депутат Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында дастарханда тек 7-ақ ас түрі болатынын, одан басқа мәзір жоқ екенін жеткізді. «Неге бас қалада, басқа аймақтарда осылай болмайды? Ерте ме, кеш пе кез келген адам басына өлім келеді. Одан…

Толық оқу

Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесі. 2024 жылы 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін!», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы қазақстандық жастармен жұмыс істеудің басты бағыты «Адал азамат» тұжырымдамасы болды. Бұл бағытты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. Тұжырымдама адалдық, әділдік және еңбекқорлық секілді құндылықтарды насихаттауға негізделген. Еліміздің бірнеше өңірінде оқыту және жұмысқа орналастыру бағдарламалары жүзеге асты. Атап айтсақ, Астанада – «Jol Tap» (3,9 мың адам оқудан өтті), Алматы, Ақтөбе және…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге байланысты жиын өткізді. Жиынға прокуратура, полиция департаменті, Білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазіргі таңда оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен жанжалға қатысқан төрт оқушыны арнайы мектепке жіберу ұсынылды. Сонымен қатар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін олардың ата-аналарын ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арыз берілді. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша оқушылардың заңды өкілдері жауапқа тартылды. Жәбірленушіге облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр. Абай облысының Білім басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Қазіргі уақытта…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды. Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ, премьер-министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында Президент премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық…

Толық оқу

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мемлекеттік тілді қалай үйреніп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер вице-министрден қазақ тілін үйрену үшін қандай сервистерді қолданатынын және қай бағдарламаларды басқаларға ұсынатынын сұрады. Дмитрий Мун мемлекеттік тілді меңгеруде ChatGPT қолданатынын айтты. «Алдымен әріптестеріммен бірге есеп дайындаймыз, содан кейін оны ChatGPT-ге беріп, сөйлемдерді жеңілдетуін сұраймын. Яғни, күрделі құрылымдардың орнына қарапайым сөйлемдер жазуды өтінемін. Кейін мәтіннің соңына «рақмет» сөзін қосуын сұраймын. ChatGPT мәтінді толығымен қайта жазғанда, оның «дауыстап оқу» функциясын пайдаланамын. Бұл маған сөздердің дұрыс айтылуын және интонацияcын түсінуге көмектеседі. Кешке құлаққап киіп, айтылуын тыңдаймын, осылайша онлайн…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Нинься-Хуэй автономдық ауданының Иньчуань қаласында жалғасты. Аймақ басшысы күріш өсіру және өндірумен айналысатын «Ningxia Guangyin Rice Industry Co., Ltd.», ауыл шаруашылығы саласындағы «Ningxia State Farm» компанияларының жетекшілерімен кездесіп, аймақтың әлеуетіне сай инвестиция тарту мәселелерін талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қызылорда облысы – Қазақстандағы күріш өндіруші ірі өңір. Облыста барлық қазақстандық күріш пен тұздың 90%-дан астамы өндіріледі. Біз ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ, өнімді алыс және жақын шетелдерге белсенді түрде экспорттаймыз. Жыл сайын 80 мың гектардан астам жерге күріш егеміз. Өткен жылдың қорытындысымен 500 мың тонна күріш жиналып, 73,2…

Толық оқу

Перизат Қайрат басқарған «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жабылады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы әділет министрлігі хабарлады. «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры 2021 жылдың қазанында тіркелген. Биыл 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берілген. Сонымен қатар, арызда бірлестікті мәжбүрлеп тарату да айтылады. Еске салайық, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Мәліметке сүйенсек, қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына жұмсалған. «Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450»,…

Толық оқу