Астанада кофехана қатты сынға ұшырап, жұмысын тоқтатты. Кеше ашық тұрған кофехана жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Астанадағы Qazaq cofee кофеханасына барған бір азамат қазақ тілінде қызмет көрсетілмегені үшін ескерту жасаған. Ол кофехананың 2gis парақшасына сол ескертуін “қазақ тілінде мәзір жоқ” деп жазып кеткен. Кофехана кешірім сұрап, кемшілікті түзетудің орнына қазақ тілін білуді қызметкерлерінен талап етпейтінін айтқан. Оны да орысша жазған. «Менің қызметкерім қазақ тілін білуге міндетті емес. Мұндай ешбір жерде қазақ тілі толық қолданылмайды. Тіпті құжаттың өзі 50-де 50 орыс және қазақ тілінде жүргізіледі», – деп жауап берген кофехана әкімшілігі. Басылым мәліметінше, 2gis парақшасында 5 балдың 4,8…
Автор: editor
Кеше Талғарда тағы бір қайғылы оқиға болды. Жуырда ғана көз жұмған марқұм Шерзаттың ағасы да қаза тапты. Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған Шерзат Болаттың ағасының көлігінің видеосына қатысты пікір білдірді, — деп ErtenMedia.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеода автор марқұмның көлігін көрсете отырып, «Нұрболат бауырым қайтыс болды осы жерде. Жедел топ көлікті орнынан заңсыз қозғалтып, бізге ештеңе көрсетпей, алып бара жатқан жерінен тоқтатып алдық», — дейді. Алматы облыстық Полиция департаменті мән-жайды түсіндірді. «Автокөлікті марқұмның мәйіті табылған жерден алыс емес жерде 30 жастағы азаматтың туыстары анықтады. Полиция қызметкерлері хабарламаны алғаннан кейін бірден оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары заңда белгіленген тәртіппен қажет…
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) 2024 жылғы өзінің өндірістік, қаржылық және экологиялық қызметін қорытындылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Кәсіпорын тиімділік пен тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетуді жалғастырып келеді. 2024 жылдың тамыз-қараша айларында отын шығынының нақты көрсеткіштері 8,45-9,80%-ды құраап, нормативтік деңгейден едәуір төмендеген (12,47-14,5%). Бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1-4%-ға төмен. Ал сұйытылған мұнай газы (СМГ) өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 6 322 тоннаға артып, қараша айында 23 080 тоннаға жетті. Авиакеросин өндіріс 57%-ға өсіп, 23 848 тоннаны құраса, мұнай өңдеу 10 айда 4 583 407 тонна шикізат қайта өңделді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57 336 тоннаға артық. Сол…
Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісі Нұрғанаттың өліміне қатысты істің мән-жайын айтты. Ол әлеуметтік желіде видео жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мынау — біздің Азат ауылы, Шерзаттың жатқан жері. Осы бейіттің басына түнде бір кісілер автокөлік осында деп айтқаннан кейін келдік. Мына жерде автокөлік түнде тұрады. Есігі ашық. Көлік оталып тұрған болуы керек. Есімде анық жоқ. Бауырымды іздеп жүріп не болып жатқанын нақты түсіне алмадым. Осы жермен жалғыз із жүреді де, түседі. Мына жерде жар бар. Әрі қараса жол бар. Шамамен 7-8 метр жар. Осы жардан әрі қарай түседі. Мына жерден адам түсуі мүмкін емес. Осы бағыттан түсіп, 700 метр…
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісінің өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Басылым мәліметінше, ол інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың «өзіне қол жұмсағанына» сенбейді. «Нұрымов ұлының бейіт басында жүр екен. Айтуынша, Нұрғанат осы маңнан табылған. Нұрымовтың сөзінше, ол бейіт басы жақтан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен. Содан төмен түскен жерден таптық деді. Қаржаубай Нұрымов «інісін суицид жасауға итермеледі» деп санайды. «Нұрғанат өлетіндей бала емес еді» деді ол. Нұрымов «інісінің өліміне байланысты әділ тергеу жүруі керек» деп санайды», — деп жазылған басылым дерегінде. Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады.…
Шерзат Болаттың туыстарының адвокаты Саида Тәуекелова Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасы жөнінде тың деректерді айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Шерзат ісі бойынша Нұрқанатпен тергеу амалдарына күнделікті жауап алу кезінде бірге қатыстық. Ауыр психологиялық жағдайын байқамаған едік. Ол жауап алу сәттерінің бәрін батыл түрде өткерді. Оқиға орнына барғанда да. Сәрсенбіде сотқа баруымыз керек еді. Сотта біз “жала жабу”, БАҚ-та “жалған ақпарат тарату” бойынша арыз түсіргенбіз. Сол бойынша сот басталуы керек еді. Дайындалған едік. Кеше де байланысты болдық. Материалдық қиындықтарға, ет дүкеніндегі жұмыстарына қарамастан, олардың осы істі қозғағанына қуанған…
Шерзат Болаттың ағасы суицид жасағанын туыстары жоққа шығарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. 9 желтоқсанда Талғардың шетінде Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі — суицид. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады деген ақпарат берген болатын. Басылым дерегінше, Ғайыпбаевтың отбасы суицид нұсқасын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бұл туралы оның әпкесі айтып берген. Қазіргі уақытта туыстары пікір білдіруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салған. Олардың айтуынша, марқұмның денесі мәйітханада жатыр, ал полиция өлімнің мән-жайын тергеп жатыр. «Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай моргта жағдайды…
Талғарда марқұм Шерзат Болаттың ағасы қаза тапты. Журналистер қаралы үйге барған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ulysmedia.kz мәліметінше, қаралы отбасы бүгін Нұрқанат Ғайыпбаевты соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып жатыр. «Қаралы үйге Еңбекші қазақ ауданының әкімі келген. Ол Қаржаубай Нұрымовтың отбасына көңіл айтып, “қандай көмек керек” деп сұраған. Марқұмның туған-туыстары ешқандай көмек қажеті жоқтығын айтқан», — деп жазылған басылым дерегінде. Әкімге “отбасының үй мәселесі қалай шешіліп жатыр?” деген сұрақ қойылған. «Әкім “көктемде құрылыс басталған кезде көмектесеміз, оған дейін Қаржаубайдың отбасының құжаттарын реттей беруге, эскиздік жобасы жағынан заңнамалық көмек көрсетуге дайынбыз, ұсынысты айттық” деген. Марқұмның туған-туыстары пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартқан. Еске салайық, бүгін…
Марқұм Шерзат Болаттың ағасы қайтыс болар алдында хат жазып кеткен, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Хат мәтінін Алматы облыстық Полиция департаменті жариялады «Аға, не істесем де кешір. Бұл өмір. Мен бауырым өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым сақтап қалуға. Аллаға керек болды. Оны да алып қойды. Аға, өмір түсін, біз үшін кек алуың керек. Сен сол үшін жаралғансың. Бірақ мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар. Соларды ойла. Мен сені қатты жақсы көремін, кешіріп қой. …Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ», — деп жазылған жазбада. Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Полиция марқұм…
Алматы облысының полициясы Шерзаттың ағасының өлімі бойынша тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм 4 қазанда қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, інісінің жанына жерлеуді сұрады», — деп жазылған хабарламада. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз!», — деді полиция. Еске салайық, бүгін…
