Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ресейдің Ішкі істер министрлігі Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматы Петр Мирошниченконың пана сұраған өтініш қабылдаған. «РИА Новости» агенттігі Мирошниченкоға депортация қаупі төніп тұрмағанын хабарлады, — деп жазады ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп. Ресей ІІМ бұған дейін Қазақстан азаматына уақытша пана беруге дайын екенін мәлімдеп, оны көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімшеге жүгінуге үндеген. «РИА Новости» агенттігінің мәліметінше, өтінішті қарау мерзімі бір айдан үш айға дейін созылады. Оған дейін Мирошниченкоға Ресейде жүруге рұқсаты бар құжат берілген. «Настоящее Время» арнасының хабарлауынша, 41 жастағы Петр Мирошниченко – Қазақстанның солтүстігіндегі Ақмола облысының тумасы. 2023 жылы Ресей армиясына қосылып, Украинада Ресей жағында соғысуды ұйғарған. Мирошниченко Ресейде көші-қон картасының мерзімі 2023…

Толық оқу

Amanat партиясының экс-депутаты Серікқан Жақыпов педофил деп айыпталып, прокурор оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алдағы күндері сот жеті жастағы баланы зорлады деген күдікке іліккен бұрынғы мәслихат депутатына қатысты үкім шығарады. Жақыповқа арызды баланың анасы (оның жақын туысы) түсірген. Кейін бұл деректі тиісті сараптама растаған. Экс-депутаттың жұбайы күйеуінің мұндай қылмысқа бармағанына сенімді екенін мәлімдеп, тергеу изоляторына ас-ауқат салынған сәлемдеме жіберген. Айта кетейік, Қаңтардан кейін бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі Amanat партиясына халықтың қарсылығы күшейген еді. Жұрттың пікірінше, партия халық сөзіне құлақ аса бермейді. Осылайша «Ескі Қазақстаннан» мұраға қалған саяси ұйым бұқараның сенімінен айырылған.

Толық оқу

Қазақстанда кейінгі он жылда жол апаттарынан 23 мыңнан аса адам көз жұмған. Бұл шамамен Түркістан облысындағы Жетісай қаласының халық санымен тең. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенев мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Әлкеновтің сөзіне сенсек, жүргізілген талдау жол апаттарының негізгі себептері өзгеріссіз қалып отырғанын көрсетеді. «Былтыр жол-көлік оқиғаларынан екі мыңнан аса адам қайтыс болды. Ал кейінгі он жыл ішінде бұл көрсеткіш 23 мыңнан асты. Бұл Түркістан облысындағы Жетісай қаласының тұрғындар санымен шамалас. Комитет жол апаттарын есепке алып отырады», – деді ол Сенаттағы дөңгелек үстел барысында. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі…

Толық оқу

ШҚО-да прокуратура мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі саудасын анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде Өскемен қаласы бойынша жыл басынан бері 17 қылмыстық іс тіркелді, 7 іс сотқа жіберілді, 10 адам сотталды, 6 келіден астам синтетикалық есірткі және 78 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін Өскемен көпсалалы технология колледжінде өткен студенттермен кездесуде Өскемен қалалық прокуратурасының аға прокуроры Сергей Упоров  мәлім етті. Шараны ұйымдастырған Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ермек Асқаровтың айтуынша, «Нашақорлыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында облыстық фронт-офис волонтерлері облыс прокуратурасының өкілдерімен және Полиция…

Толық оқу

Бүгін, 25 ақпан күні ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушуылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері қатысты. «Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық 2023 жылы Президент Жарлығымен тағайындалып, отандық әдебиет әлеміндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Бұл – Мемлекет басшысының мәдениет саласын жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған бастамаларының бірі.…

Толық оқу

Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, — деп хабарлайдыErtenMedia. «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды. «Ядролық қондырғы атом электр станциясын салу аумағы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын таңдау туралы шешім қабылдау», – деп жазылған құжатта. Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енді. Бұған дейін АЭС құрылысы бойынша төрт компаниямен диалог аяқталған болатын. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді. 2025 жылғы 21 қаңтарда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық…

Толық оқу

Президенттің биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты Талдықорған қаласында жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізетін орталық салу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Нысанның құрылысы биыл басталып, келесі жылы бітеді. Орталықтың практикалық сабақтары жаңа технология негізінде оқытылады. Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша өңірдегі 9 колледжде 14 жаңа мамандық ашылған. Бұл ретте заман талабына сай дәнекерлеуші, механик, балық зауытының технологы, аккумулятор зауытының технологы, дронды ұшыра алатын, цифрлық технологияны іске қосатын мамандар даярлауға баса назар аударылып отыр. Кербұлақ ауданында жаңадан ашылып жатқан өндіріс ошақтарының бірі тау-кен металлургия комбинаты өздеріне керекті мамандарды дайындайтын техникалық колледж ашу жұмыстарын жүргізуде. Еске салсақ, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы»…

Толық оқу

Экспорттық әлеуетті дамыту – елдің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттердің бірі. Осыған орай, Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасының Экспорттаушылар қауымдастығы өңір кәсіпкерлеріне арналған арнайы оқыту және біліктілікті арттыру семинарын өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Семинардың негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілердің халықаралық нарықтардың қазіргі заманғы талаптарына бейімделуіне көмектесу және өнімдерін шетелге табысты экспорттауға жағдай жасау. Экспорттаушылар қауымдастығының мәліметінше, бүгінде Қазақстан экспорты жалпы тауар айналымының 65,1%-ын құрайды, оның басым бөлігі минералды өнімдер мен металдарға тиесілі. Семинар барысында қатысушылар халықаралық стандарттардың заманауи талаптары, өнімді аккредитациялау және сертификаттау рәсімдері, жеткізілімнің логистикалық аспектілері мен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша білім…

Толық оқу
Ескі Қазақстан

Ескі Қазақстанның шетелдегі жасырын қаражатының көлемі белгілі болды. Оффшорда жатқан соманың жалпы мөлшері шамамен 1,4 млрд теңгеге жеткен деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлеңкелі ақшаның негізгі бөлігі Панамада (1,2 млрд теңге). Өзгесі Вануату (200 млн теңге) және Сан-Марино (100 млн теңге) сияқты аралдық елдерде сақталған. Шетелдің салық органдары ұсынған ақпаратты зерделеген ҚР Қаржы министрлігі 2 мыңнан аса қазақстандықты жіті тексерген. Нәтижесінде 1602 азамат 5,4 млрд теңге көлемінде жеке табыс салығын бюджетке қайтарды. Осы қаржының негізгі бөлігі БАӘ, Ұлыбритания, Қытай және Түркия секілді елдердегі дивиденд пен сыйақы түріндегі табыстардан түскен. «ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер автоматты ақпарат алмасудың (CRS) бірыңғай стандарты…

Толық оқу

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған фестивальде ғарыш саласын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі Аэрокосмикалық комитетінің құрамындағы «Республикалық ғарыштық байланысы орталығы» (РҒБО) АҚ келушілерді «Ғарыш үйімен» таныстырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz РҒБО инженерлері ғарыш павильоны келушілеріне«Kazsat-3» спутнигінің макетін көрсетіп, ғарыштықбайланыс пен хабар тарату жүйесінің жұмысытуралы айтып берді. Қазақстанның алғашқы ұлттық ғарыштық байланысжәне хабар тарату жүйесі «Kazsat-2» мен «Kazsat-3» спутниктерінен тұрады, олардың басқаруы Ақмолаоблысындағы «Ақкөл» ғарыш байланысы орталығымен Алматы облысындағы резервтік «Көктерек» ғарыш байланысы орталығынан жүзеге асырылады. «Kazsat-2» және «Kazsat-3» ғарыштық аппараттарыгеостационарлық орбитада, шамамен 40 мыңкилометр биіктікте жұмыс істей отырып, еліміздіңхабар тарату, байланыс және кеңжолақты интернеткеқолжетімділік қызметтерінің 100%-ын қамтамасызетеді», — деді келушілерге…

Толық оқу