Автор: Асылхан Бөрібай

Жетісу облысында қазіргі кезде газдандыру деңгейі 56,5% құрайды, яғни 63 елді мекен газдандырылды. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша тағы 63 жобаны іске асырудың арқасында газдандыру деңгейі 71,4% жетеді. Осылайша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекен газға қол жеткізеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. — Облыс қайта құрылған кезде 5 елді мекенге ғана газ жеткізілген, яғни газдандыру көрсеткіші 29 % болған. Биыл газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 63-ке жетіп, тұрғындарды газдандыру көрсеткіш 56,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жылдың соңына дейін…

Толық оқу
блогерлер

Қазақстандық блогерлерге қатысты неліктен салық тексерістері басталғанын Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) түсіндірді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова TengriTV YouTube арнасына берген сұхбатында салық органдарына қазақстандықтардан шағымдар түскенін мәлімдеді. «Бұл тексерулер азаматтардан көп шағым түскеннен кейін басталды. Халық блогерлер сән-салтанатпен өмір сүретініне қарамастан, салық төлемейтініне арызданды. «Оларды тексеріңіздер, олар қымбат көліктер мініп, элиталы пәтерлерде тұрады, зәулім үйлер сатып алады» деген өтініштер көп түсті. Әрине, осындай жағдайда қоғамда олар қанша салық төлейді деген сұрақ туындайды», – деді Құсайынова. Оның айтуынша, блогерлерге салықтық хабарламалар 2025 жылдың ақпан айында жіберілген. Бұл шешім 2022-2023 жылдарға жүргізілген…

Толық оқу

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қазақстан бойынша тегін қаржылық сауаттылық сабақтары басталды. Дәрістерге жасы 18-ден асқан кез келген адам қатыса алады, сонымен қатар проблемалық несиелер бойынша заңгерлерден кеңес ала алады. Халықтың несиеге белшеден батуы қазақстандық қоғам үшін бірінші жыл бетпе бет келіп отырған көкейкесті мәселе емес. 2024 жылдың аяғында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев 8,4 миллиондай адамның немесе экономикалық белсенді халықтың 80 пайызынан астамының несиелері бар екенін мәлімдеді. Мемлекет несие ауыртпалығын азайту мақсатында  түрлі қадамдарға барып отыр. Соның бірі – AMANAT партиясының бастамасымен қолға алынған «Қарызсыз қоғам» жобасы. Бұл жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет…

Толық оқу

Алматы облысында жасөспірімді қорқытқан бопсалаушылар ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйелдің айтуынша, 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында белгісіз адамдар оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, күдіктілер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып 5 миллион теңге талап еткен. «Бұл дерекке қатысты бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушіні интернетте жеке видеосын таратамын деп қорқытып, бопсалағаны анықталды», – деді полицейлер. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 мың теңгенің бір бөлігін…

Толық оқу

Депутат Жанарбек Әшімжан TikTok жастарға кері әсер етіп жатқанын айтып, оны шектеуді ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. «Бүгінгі таңда балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram десек артық болмас. Адамзат баласын отырғызып-тұрғызған осы құбылыстардың әсері әсірелеп айтсақ атом бомбасынан кем болмай тұр. Былтыр әріптесім Ерлан Сайыров TikTok платформасының қоғамдағы кері әсері туралы тиісті орындарға дабыл қағып еді, селт еткен жан жоқ. Сенатор әріптесіміз Нұртөре Жүсіп «бұрын балалаларды «тәк-тәкпен» тәрбиелейтін едік, қазір TikTok-пен тәрбиелеп жатырмыз» деп еді мінбеден. Өлі тыныштық», — деді ол. Депутаттың сөзінше, кейінгі екі жылда 14,1 млн.…

Толық оқу

Бүгін Парламентте Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының депутаттары ел мүддесі жолында қызмет еткен қаламгердің есімін ұлықтау мәселесін көтеріп, жаңадан тағайындалған вице-премьер Ермек Көшербаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Сонымен қатар «ақжолдықтар» Қазақстанның Халық жазушысы, марқұм Қабдеш Жұмаділдің 90 жылдың мерейтойын ел көлеменде атап өту меселесін көтерді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Биылғы жылы елімізде бірнеше көрнекті тұлғалардың мерейтойлары өтетіні мәлім. Соның ішінде, Әнуар Әлімжановтың 95-жылдығы, Тұманбай Молдагалиевтың 90-жылдығы бар. Осы оқиғаларға жауапты органдар дайындалуда. «Ақ жол» Демократиялық партиясы да алға қарап, келесі жылға өз ұсынысын қосайын деп отыр.  Халық жазушысы, қоғам қайраткері…

Толық оқу

Абай облысына 2024 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы аясында 530 адам көшіп келді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Олардың 310-ы Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қоныс аударған. Сондай-ақ ҚХР, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 220 қандас тарихи атамекеніне оралды. 2025 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы шеңберінде 499 адамға (244 қандас, 255 қоныс аударушы) қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы жоспарланған.

Толық оқу

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп ақпанның соңына дейін немесе одан кейін кездесуі ықтимал. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты. Ақпарат ресейлік БАҚ-та тарады, – деп хабарлайды ErtenMedia. Песковтың айтуынша, мұндай кездесуді ұйымдастыру үшін Ресей Сыртқы істер министрлігі тарапынан белгілі бір дайындық қажет. Сонымен қатар, ол Ресей президенті Украина бойынша келіссөздерге қатысты өз өкілін тек АҚШ келіссөз жүргізушісін анықтағаннан кейін тағайындайтынын мәлімдеді. «Алдымен америкалық тарап Украина мәселесі бойынша басты келіссөз жүргізуші кім болатынын жариялайды. Осыдан кейін біздің президент өз өкілін анықтайды», – деді Песков. Бұған дейін БАҚ-та Ресей, АҚШ өкілдерінің Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта…

Толық оқу

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық дөңгелек үстел өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Дөңгелек үстел ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кіріспе сөзімен ашылды. Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды», – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, министр еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сай кадр дайындаудың, ерте жастан кәсіптік бағдар берудің маңызын атап өтті. Дөңгелек үстелге Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әли Солтанбеков, «Мамандығым-болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов, Жетісу облысының колледж директорлары…

Толық оқу

Түркістан қаласында құрылыс заңдылығын сақтамаған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Түркістан қаласы күн санап дамып, жаңа нысандар бой көтеріп келеді. Алайда кез келген құрылыс заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Құрылыс – тек қала көркі ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде. Мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мына деректер анықталды: 112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы…

Толық оқу