Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

«Қазақмыс» өкілдері жеті кеншінің өліміне қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Жомарт» кенішіндегі қайғылы оқиғаға байланысты «Қазақмыс» компаниясы қаза тапқан жұмыскерлердің отбасын қолдау үшін нақты қандай шара қабылданғанын айтты. Іс барысында ішкі штаб құрылып, өтемақы төлеу, мәйіттерді тасымалдау, несие бойынша міндеттемелерді орындау және отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мәселелері назарға алынған. Компания басшылығы еліміздің түрлі өңірлеріне мәйіттерді жеткізу шығынын өз мойнына алған. Жақын туыстарының өтініші бойынша үш кеншінің денесі Түркістан, Қарағанды облыстарына, қалғандары Жезқазған, Сәтбаев қалаларына жеткізілді. Таяуда отбасы мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып, жұмыспен қамту және тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселелері талқыланады. Қазақмыс корпорациясы өз қызметкерлерін еңбек міндеттерін орындау…

Толық оқу

Талдықорғанды қауіпсіз, жайлы және жасыл қала ретінде дамыту үшін 2025-2026 жылдардың нақты жоспарлары жасалып, қала бюджеті 33 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев журналистерге берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңір басшысы өз сөзінде облыс орталығын дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Бұл ретте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі алдыңғы орында тұр. Осы мақсатта қоғамдық тәртіпті қадағалайтын 585 бейнекамера және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 136 «Сергек» камерасын орнату межеленген. «Смарт Сити» форматы бойынша қаланың тіршілігін тәулік бойы бақылай алатын ситуациялық орталықты іске қосу жоспарда бар. Оған қоса көшелерді жарықтандыру да қолға алынады. Бүгінгі күні…

Толық оқу
Нұрғиса Тілендиев

Қонаев қаласында ұлы маэстро Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Кешке көрнекті мәдениет қайраткерлері, оның мұрасын құрметтейтіндер және қазақ халқының дәстүрі мен бірегейлігін бейнелейтін өнерге жақын жандар жиналды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәдениет үйі лық толды: адамдар бірнеше ұрпақтың жадында қалған таныс әуендерді қайта тыңдау үшін келді. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Композитордың Мемориалдық музейінен алынған көрме құнды экспонаттарды ұсынды: қолжазбалар, жеке заттар, фотоматериалдар және залды қазақ тарихының рухымен толтырған аңызға айналған домбыра. «Мұндай ұлы тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз, себебі мәдениетімізді қолдап, келер ұрпаққа жеткізсек қана ол мәңгі жасайды», – деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат…

Толық оқу

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада лифт ішінде 5 жасар балаға жасалған шабуылға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды ErtenMedia. Шенеуніктің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі осы оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. «Қазір психикалық денсаулық қызметтері сараптама жасап жатыр. Бір-екі аптадан кейін барлық материал дайын болады, сол кезде толық ақпарат бере аламыз. Белгілі бір талаптар бар, соның ішінде психикалық жағдайына байланысты мүгедектігі бар балалардың қамқоршыларына қойылатын талаптар да қарастырылған. Бұл талаптар мұндай балалардың тұрақты бақылауда болуын міндеттейді», – деді Ержан Нұрлыбаев. Сонымен қатар, вице-министр шабуыл жасаған жасөспірімді емдеген дәрігерлер тарапынан қателік болмағанын айтты. «Тағайындалған ем өз нәтижесін берді. Бұл факті баланың…

Толық оқу

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызмет» КМК иесіз және бұралқы жануарларға жедел ветеринарлық көмек көрсету қызметінің іске қосылғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа қызметтің негізгі мақсаты – шұғыл ветеринарлық көмекті қажет ететін төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және зардап шеккен жануарларды ветеринарлық клиникаларға тасымалдау. Қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жабдықпен жарақталған екі арнаулы бригада құрылды. Жедел ветеринарлық көмекті қажет ететін негізгі жағдайлар мыналар: ЖКО немесе құлау салдарынан болған ауыр жарақаттар; Улану; Асқынулар мен инфекцияларға әкелуі мүмкін жарақаттар мен шағулар; Жедел аурулар, оның ішінде коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу бұзылыстары. ©Алматы әкімдігінің…

Толық оқу

Сенатта арақ-шарап ішіп рөлге отырған жүргізушілердің жазасын жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр. Қазіргі тәртіпке сай, мас күйінде көлік тізгіндеген адам 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Бұл туралы «Әшкере» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутаттар пікірінше, бұл — мерзім өте ұзақ, әрі талай адамның негізгі табыс көзін шектеп, отбасын асырауында қиындық туғызып отыр. «Егер ол адамның мамандығы жүргізуші болса және жазаланса, отбасын асырап, ақша табуы керек қой. Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: 7 жыл тым көп емес пе? Олар бізге жазады, маған да бірнеше өтініш түсті. Жұрт «жазамызды алдық, 15 күн отырдық, өз кінәмізді түсіндік» дейді. Мерзімін қысқартуды сұрайды», -…

Толық оқу

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және барлық салаларды цифрландырудың жедел қарқын алуы жағдайында ақпараттық жүйелер саласындағы білім беру — қоғамның табысты қызмет етуінің маңызды факторларының біріне айналды. Алматы технологиялық университеті (АТУ) қазіргі заманғы талаптарға сәйкес, сұранысы жоғары әрі перспективалы мамандықтардың бірі — «Ақпараттық жүйелер» бойынша білім алу мүмкіндігін ұсынады. Неліктен АТУ-дың «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасын таңдау қажет? Алматы технологиялық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы — ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу және пайдалану саласында күрделі мәселелерді шешуге дайын мамандарды даярлауға бағытталған оқу бөлімі. Кафедраның білім беру бағдарламасы студенттерге ақпараттық жүйелермен жұмыс жасаудың теориялық аспектілерін ғана емес, сондай-ақ осы саланың нақты жағдайда қолданылатын тәжірибелік…

Толық оқу

Қазақстан БҰҰ Жарғысына қатаң сәйкестікте кең ауқымды көпжақты ынтымақтастыққа бейілділігін айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуде белсенді рөл атқаратынын атап өтті,-  деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 2024 жылы Қазақстан бірқатар беделді халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық етті, бұл өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім саралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ), Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) табысты…

Толық оқу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі қоғамдық кеңестің жаңадан қалыптастырылған құрамымен кездесіп, өткен жылдың қорытындылары мен бірлескен жоспарларын талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоғамдық кеңестер  мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құрал екенін тілге тиек еткен облыс басшысы қоғамдық кеңестің жұмысын өзекті әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық мәселелердің айналасына шоғырландырудың маңыздылығы туралы ойын жеткізді. Бұл ретте қоғамдық кеңес аталған мәселелерді зерттеп, талдап, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізуі пайдалы болмақ. «Сіздерді жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырамын. Біздің тарапымыздан қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру және еңбек ету үшін қолайлы жағдайлар…

Толық оқу

Ақтөбе облысында спорт мектебінің басшылары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс қаражатты екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады. «Олар 12 млн теңгеден аса  бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған», — деп жазылған хабарламада. Бұл деректер бойынша прокуратура 2 қылмыстық істі тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді. Биыл 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Толық оқу