Биыл орман шаруашылықтары үшін өртке қарсы техникаларды сатып алуға 52 млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет отырысында Қазақстандағы орман аумақтарын сақтау және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады. Қазақстанда соңғы 5 жылда орман алқаптарының ауданы 267 мың гектарға ұлғайтылды. Жалпы, бұл көрсеткіш 5% өсімді көрсетті. Орман қорғау мекемелерін техникалық жарақтандыруды қаржыландыруды ұлғайту және орман шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қабылдануда. «Мәселен, өткен жылы техника мен жабдықтарды сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 15,9 млрд теңге бөлініп, 526 бірлік өртке қарсы және патрульдік техника сатып алынды. Биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында…
Автор: editor
Қырғызстандық көліктер Қазақстаннан заңсыз жанармай тасып жатыр. Бұл туралы шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кездесу барысында белгілі болды, -деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Кеңес жұмысына ІІМ, автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшылығы, сондай-ақ Энергетика министрлігінің, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметінің, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты. Қандай қауіп бар? ҚМА мәліметінше, қазір қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделген ЖЖМ ағындары мен «сұр» экспортының күшею қаупі бар. Баға айырмашылығынан ЖЖМ жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады. Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тіл қазынасы – бірлік негізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтіп, түркологияға қатысты бірқатар кітаптың тұсауы кесілді. Атап айтқанда ҚазҰУ ректоры, филология ғылымының докторы, профессор Жансейіт Түймебаевтың «Түркі-моңғол лексикалық параллельдерін тарихи-генетикалық тұрғыдан ажыратудың теориялық қағидалары мен критерийлері» атты монографиялық еңбегі, ақын, ғалым Бекир Чобанзаденің «Тілтұтқа» жинағы, сондай-ақ «Түркі тілдерінің терминологиялық сөздіктері». Аталған кітаптар ҚазҰУ мен Түркі академиясының ынтымақтастығы аясында басылып шықты. Ауқымды шараға Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Эврен Мюдеррисоглу, ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан, филология ғылымының докторы, профессор…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады», — деп жазылған Ақорданың дүйсенбідегі хабарламасында. Айта кетейік, Владимир Владимирович Путин 1952 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Ол — ресейлік саясаткер және қазіргі Ресей президенті. Путин 1999 жылдан бері президент немесе премьер-министр ретінде үздіксіз қызметте: 1999–2000 және 2008–2012 жылдар аралығында премьер-министр, 2000–2008 және 2012 жылдан бері президент. Ол — Иосиф Сталиннен бері ең ұзақ уақыт бойы қызметтегі басшы.
ҰҚК есірткі арнасы жойылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылдың қазанында Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. «Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 кг наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді», — деп жазылған хабарламада. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҰҚК өзге деректі жария етпеді.
Атырауда жағаұстатар жағдай болды. Жас жігіт әке-шешесін өлтіріп, кейін өзі асылып қалған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Астана» телеарнасына сілтеп. 25 жастағы жігіт бұл қадамға неге барғанын полиция тергеп жатыр. Қазір әлеуметтік желіде қылмысқа қатысты түрлі әңгіме желдей есіп жүр. Ондағы мәліметке сенсек, жігіт ата-анасына бірнеше рет пышақпен соққы жасаған. Телеарна мәліметінше, тіпті ақ параққа «кешіріңдер мені»,- деген жазба қалдырыпты. Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде. Полиция жігіттің бұрын соңды істі болмаған және есірткімен тіркеуде тұрмағанын айтты. «Атырау облысы полиция департаментінде адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам…
Алматы облысы Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні 16 жастағы жасөспірім ажал құшқан еді. Марқұмның туыстары күдіктілерді ұстап, тиісті жазасын бергенін талап етіп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Qaz365.kz-ке сілтеп. Марқұмның әпкесі Бақыт Реймова полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығын қамауға алмағанын айтты. «Олардың барлық қылмыскерлерді ұстап, бізге көрсеткенін қалаймыз. Бізді теледидарға шақырып жатыр. Егер резонанс жасамасақ, бізді ешкім естімейді. Інім әскери қызметкер болғысы келді. Қаншама армандары ішінде өзімен бірге кетті. Сондай өкінішті жағдай. Бұлай болмауы керек еді», — дейді Бақыт Реймова. Оның айтуынша, Шерзатты күдіктілер айуандықпен өлтірген. Басы қақ айырылып кеткен деп отыр. «16 жасар баланы анасының көзінше айуандықпен өлтірді. Қансырап…
ІІМ-де интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Ер адам “кардингпен”, яғни банк карталарының деректерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ, ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан. Қазір фигурант ұсталып, сотталды. «Ақпараттық технологиялар мен онлайн-қызметтердің дамуымен интернетте ақпарат қолжетімді. Бұл интернеттегі алаяқтыққа әкелуде. Соңғы жылдары бұл жиі жасалатын қылмысқа айналды», – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов. Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды.…
Талғарда бір топ жігіттің қолынан мерт болған баланың туыстары күдіктілердің жартысы ұсталмаған деп есептейді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. Алматы облысындағы төбелес 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған. Басылым мәліметінше, марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Бұрын тараған ақпараттарға қарағанда, клиент дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемей кетпек болған. Төбелес сол үшін туындаған. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт жақтастарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жыққан. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-шы сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты. Қансыраған бір отбасының мүшелері ауруханаға жеткізілген.…
Алматы облысы Талғар қаласында түнгі уақытта болған оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Оқиғаға қатысы барлар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында екені айтылды.
