Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық блогерлердің тізімі мен олардың табысы туралы ақпаратқа пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл тізім ресми құжат болып саналмайды және жүргізіліп жатқан салық тексерісіне еш қатысы жоқ. «Әлеуметтік желілерде тараған тізім мемлекеттік кірістер органдары жүргізген салық бақылауының ресми актісі емес», – деп мәлімдеді комитет өкілдері Tengrinews.kz-ке. Айта кетейік, желіде тараған тізімде Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Желіні шулатқан борышкерлер тізімінде көш басында блогер Бейбіт Әлібеков тұр. Жанында оның 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемегені көрсетілген. Кейін…
Автор: Асылхан Бөрібай
2025 жылдан бастап Алматыда «Damubala» бағдарламасына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Оферта шартының мерзімі өзгерді Енді жеткізушілермен келісімшарттар жыл сайын жасалады. 2025 жылдың 15-21 қаңтары аралығында ҚР «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарына сәйкес мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс қызметтерін көрсетуші жеткізушілерді қабылдау жүргізілді. 22 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қолданыстағы және жаңа жеткізушілердің өтінімдері қарастырылып, мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес бағаланды. Сонымен қатар, оферта шартына сәйкес, келісімшарттар жыл сайын қайта жасалады. Бұл өзгеріс ваучерлерді әділ бөлуге, үдерістің ашықтығын арттыруға және жеткізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Бұрын оферта шарттарында мерзім белгіленбейтін. Аудан әкімдіктері жеткізушілермен кездесулер өткізіп,…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуеті жайлы мәселелерді талқылады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресми делегацияны жылы қарсы алған өңір басшысы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайлы қысқаша айтып берді. «Жетісу — аграрлық аймақ. Біз қант қызылшасы, жүгері, бидай, майлы дақылдар, ет, сүт сияқты өзімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65%-ын өңдейміз. Облысымыздың өндірістік әлеуеті жақсы. Біз кремний, шойын, қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареяларын, темірбетон бұйымдарын, мәрмәр үгінділерін, шифер және басқа да тауарларды экспорттаймыз. Сонымен қатар Жетісу облысы тиімді геостратегиялық және геоэкономикалық жағынан…
Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Өңірлік жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. Оның ішінде, ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3, ал құрылыс саласы бойынша мамандарды – облыстағы 11 колледж даярлайды. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45…
Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға оқу корпустары мен стадионды қайтарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз сату деректерін анықтады. «Оқу және тұрғын үй алаңы жетпейтініне қарамастан университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттық өткізбей және бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден асатын екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан», — деп жазылған хабарламада. Бірақ ғимараттардың бірі бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған. «Спортты бірлесіп дамытамыз деген көзбояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген. 5 жыл…
Алматы облысында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Талғар қаласының орта мектептерінің оқушылары арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Сонымен қатар, жылыту маусымынан өту оқушымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді, сондай-ақ өрт сөндіргіш құралын пайдаланудың дұрыстығы айқын көрсетілді. Іс-шара оқушылардың жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының кәсіптерін насихаттауға бағытталған. Алматы облысы әкімдігінің…
Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс басшысы ретіндегі алғашқы кездесуін ақсақалдар және зиялы қауым өкілдерімен өткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Емен-жарқын әңгіме барысында өңірдің бүгінгі хал-ахуалы мен келешегіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Үлкеннің батасын алғанның ісі оңалар» деген сөз бар. Өздеріңізбен кездесіп, ақыл-кеңестеріңізді, ұсыныс-тілектеріңізді тыңдап, жұмыс барысында қолданып, іске асыру ниетім бар. Сіздердің қолдауларыңызбен облысымызды дамыту үшін бар-күш жігерімді саламын. Тарихи әділеттік орнап, осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысымызды қайтадан ашты. Ел ерекше қуанды. Енді қуанышты әсерден арылып, нақты жұмыс істейтін кез келді. Өңірде шешімін күткен өзекті мәселелер көп. Алда облыс құрылғаннан бергі атқарылған жұмысты жалғастырып, Президенттің…
Ұлытау облысының бас экологы Дастан Тілеубеков, оның екі орынбасары мен екі кәсіпкер парақорлық дерегі бойынша сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жезқазған қалалық соты Т.Д, Т.Ә, Т.А және А.С-қа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қылмыстық істі қарады. Т.Д және Т.Ә Ұлытау облысының Экология департаментінің басшысы мен оның орынбасары қызметін атқара отырып, алдын ала сөз байласып, 2024 жылғы қазан мен желтоқсан аралығында 5 250 000 теңге пара алған. Сонымен қатар, Т.Д жеке өзі 2024 жылғы желтоқсан мен 2025 жылғы қаңтар аралығында 2 500 000 теңге пара алған. Бұл сомалар пара берушілердің мүддесіне заңсыз әрекеттер жасау үшін алынған. «Р» ЖШС-нің директоры Т.А қоршаған орта…
Кейінгі күндері қоғамда «салық төлемеген» блогерлердің тізімі қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл турасында депутаттар да пікір білдірген, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тізімде Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Желіні шулатқан борышкерлер тізімінде көш басында блогер Бейбіт Әлібеков тұр. Жанында оның 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемегені көрсетілген. Кейін атақты продюсер Баян Мақсатқызы да 272 миллион теңгемен тізімге енген. «КТК» арнасы мәліметінше, 2 жарым миллион оқырманы бар Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «блогерліктен табыс таппаймын» деген. Жарнаманы тегін жасайтынын айтқан ол блогерлердің салықтан жалтармағанын қалайды. «Менде тегін. Тікелей айтайын,…
Қаржылық мониторинг агенттігі 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тексеріс нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, сондай-ақ, тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген. ҚМА мәліметінше, компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден аса сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 көлік тәркіленген.…










