Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф 16 ақпанда америкалық делегация Ресей өкілдерімен келіссөздер өткізу үшін Сауд Арабиясына барғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia ресейлік БАҚ-қа сілтеп. «Президенттің тапсырмасына сәйкес маңызды кездесулер ұйымдастырамыз. Ресей мен Украина мәселесіне қатысты оң нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», — деген Уиткофф. Сондай-ақ ол Украина бұл келіссөздердің бір бөлігі екенін атап өтті. «Украина келіссөздерге қатыспайды деген пікірмен келіспеймін. Олар да процестің бір бөлігі», — деді Уиткофф. Сонымен қатар, ол Дональд Трамптың Владимир Зеленскийге қоңырау шалғанын еске салды. 16 ақпанда Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко Facebook желісінде Украина үкіметтік…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс жүргізіп жатыр. Қалада қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, — деп хабарлайды ErtenMedia Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 14 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысыда 2 552 жол жұмысшысы және 1 219 арнайы техника жұмылдырылды. 17 ақпанға қараған түні қар полигондарына қаладан 1 781 рейспен 23 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 478 264 ауыр жүк рейсімен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар…
Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ertenмedia. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада. Жаңа әкім Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Оңтүстік Қазақстан облысында 1970 жылы дүниеге келген. Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институты, Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институттарын «мұғалім», «бухгалтер», «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасында, кейін ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінде жұмыс істеді. ҚР Парламентінде үкіметтің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, министр…
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы бұйрығымен Аманжол Истолеуович Ибрагимов 2025 жылғы 17 ақпаннан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Аманжол Истолеуович 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «шығыстану» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы теміржолының жетекші маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының халықаралық басқармасында, Шыңжаң — Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдігінің басшысы (ҚХР), “ҚТЖ” ҰК-ның халықаралық басқармасының бөлім басшысы, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия (Пекин) өкілдігінің басшысы, “ҚТЖ”…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын!» – деді Нұралхан Көшеров. Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді. Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып,…
Алматыда полиция қызметкерлері ұсталған адамды азаптағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсталған азаматты азаптаған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді. Бас прокуратура мәліметінше, 2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлері туысының пәтерінде жеткізілген азаматты бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаған. Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеп жатыр. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Жұрт жылдар бойы жазда – пароммен, қыста – мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болғаны түсінікті. Енді мәселе біржола шешімін тапты»,- деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінгі таңда Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Өскемен қаласымен байланыстыра отырып, көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Алғашқы төрт айда көпір арқылы 170 мыңға жуық автомобиль өткен. Яғни, күн сайын 1,5 мыңға жуық көлік көпірді пайдаланады.…
Бас аудитор Әлихан Смайылов орта білім беру саласына бөлінген қыруар қаражаттың мақсатты жұмсалуын тексеріп, бірқатар кемшіліктің бетін ашты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудит нәтижесінде анықталғандай, салаға бөлінген қаржының 65,6 миллиард теңгесі тиімсіз игерілген. Осы мәселе Жоғары аудиторлық палатаның Әлихан Смайылов төрағалық еткен отырысында жан-жақты талқыланды. Жиынға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған жауапты тұлғалар қатысты. Тексеруде 2019 жылдан бері атқарылған шаралардың тиімділігі сарапталды. Бүгінде республикадағы мектеп саны 7,8 мыңнан асады. Соңғы бес жылда оқушылар мен педагогтар санының үздіксіз өсуі байқалады. Білім саласына жұмсалған шығындар да еселеп көбейіп, 2019 жылғы 1,3 триллион теңгеден биылғы көрсеткіш 4,8 триллион…
Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүрді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Нұрдәулет Төлеев 2008 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: әкімшілік басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды. 2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Оның орнына Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Ол Президент әкімшілігіне 2008 жылы келген:…
Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. 1996-1998 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы; 1998-2014 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры; 2014-2015 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының басқарушы директоры; 2015-2018 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; 2018-2019 жылдары — ҚР…










