Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген жастарды еріксіз көлікке тиеп алып кетуге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Әскерге шақыру алгоритмі бар, ол жергілікті әскери басқару, атқарушы органдар және полиция қызметінің қаулысымен бекітілген. Сіздер желіде тараған видеолардан бір бөлігін ғана көретін шығарсыздар, ал негізінде қызметтік куәлігін көрсетіп, көнбеген жағдайда ғана қолданылатын шара. Ішкі істер министрлігінің өкілі көлікпен алып кетуге міндетті. Бұл жерде Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері полицейлерге көмекші», — деген Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжіліс қабырғасында. БАҚ өкілдері министрдің орынбасарынан әскерге шақырылғандарды көшеден жеке көлікпен алып кетудің заңдылығын сұраған. «Болған екі жағдай бойынша қызметтік тексеріс өтті, заң бойынша шара…
Автор: Асылхан Бөрібай
24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24 наурыздан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға қатысты болмақ. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», — деп түсіндірді министрлік өкілдері. Бүгінде Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. «Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік…
12 ақпанда KASE-дегі сауда-саттықта 1 АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден де төмендей түсті. Мұндай құбылыс соңғы рет биржада 2024 жылы 26 қарашада тіркелген болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кешегі ахуал 11 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық валютаның орташа бағамы 506,25 теңге болған еді. Бүгінгі жағдай Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 14: 00-дағы жағдай бойынша 1 АҚШ долларын орта есеппен 500,08 теңгеден сатып алып, 503,94 теңгеге сатып жатыр. Ал Астанада 1 доллардың бағасы одан да арзандай түскен: сатып алу құны — 498,80, сату — 506,75 теңге. Шымкентте 1 АҚШ долларының сату-сатып алу құны 500-502 теңге аралығын қамтиды. Ресейлік БАҚ мәліметінше, Forex халықаралық нарығында америкалық…
Қонаевтағы 6,7-ші жағажайларды жаңартып, жаңғыртатын уақыт келді. Бұл туралы кәсіпкерлермен кездескен қала әкімі Асхат Бердіханов айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылы №5 жағажай қолданысқа берілген болатын. Қазір «Фридом финанс» компаниясы 1 шақырым жағажайды абаттандырып жатыр. Құрылысы жақын арада аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары №8 жағажайда да жүріп жатыр. Алдағы уақытта 5 шақырымнан астам жағажайды абаттандыру, Солтүстік жағажайларды да кезең-кезеңімен дамыту көзделуде. Енді жуық арада 6,7-ші жағажайды абаттандырып, қолданысқа беру қажеттілігі туындап отыр. Себебі, шомылу маусымында осы қалалық жағажайға келіп, демалатын адамдардың саны басқа орындармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Туризмді дамыту, демалушыларға қолайлы…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов әлеуметтік нысандар салуға жұмсалып жатқан қайтарылған активтер қайта ұрланса, Қазақстан «күлкіге қалатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Антикор өкілі Мәжіліс дәлізінде айтты. «Өте жақсы сұрақ, шынымен де өзекті мәселе. Ертең қайтарылған қаражатқа салынып жатқан әлеуметтік нысандар тағы да талан-таражға түспес үшін біз күлкіге қалмауымыз керек. Президент айтып отырғандай, бұл қаражат тек әлеуметтік мақсаттарға жұмсалуға тиіс. Егер тағы да ұрланса, ең алдымен, мұндай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалардың моральдық тұрғыдан құны көк тиын болады», – деп жауап берді Сарқұлов. Бұған дейін Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер…
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бл ретте Президент «Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс» деп нақты бағыт-бағдар берген болатын. Мәселен, 2024 жылы Әділет министрлігі «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы екіжақты серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын. Қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Бұл ретте Ресей Федерациясы президентінің былтыр қарашада Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары айрықша мәнге ие. Елдеріміздің экономикалық байланыстары табысты ілгерілеп келе жатыр. 171 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Оның ішінде 50-ден аса жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Мемлекеттеріміздің құқық қорғау органдары, әскери ведомстволарының арасындағы байланыс та ойдағыдай өркендейді…
Бүгінде елімізде азық қоспалары нарығы қарқынды даму үстінде. Азық қоспаларына сұраныстың өсуі біріншіден, мал шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына, екіншіден, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға байланысты болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл саланы дамыту мақсатында жем-шөп өндірісін жетілдіру бойынша мастер-жоспар әзірлеген. Онда жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынатын құрамажем зауыттарын жеңілдетілген қаржылық қолдау арқылы жаңғыртуда. Құрамажем өнеркәсібін қайта жандандыру – мал шаруашылығы өнімдерінің көбеюі мен ауыл-аймақтардың дамуына ықпал етеді. Өйткені құрамажем – мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тізбегіндегі негізгі құрал. Сапалы жем-шөппен қамтамасыз етілген мал шаруашылығының өнімі жоғары болады. Қара шыбын (Hermetia illucens) дернәсілдерінен алынатын ақуыз-липидті концентрат – жоғары құндылыққа ие шикі заттардың…
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов алаяқтар мәселесін көтеріп, алданғандар арасында депутаттар да барын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ол депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады. Депутаттың сөзінше, «онлайн алаяқтық» салдарынан жаңа кезеңге жылдам бейімделген «жылпос» алаяқтар күн сайын қорғансыз халықтың шотындағы ақшасын ұрлап қана қоймай, мыңдаған адамның атына сырттай несие рәсімдеп, онсыз да зорға жүрген халықты зарлатып отыр. «Өкінішке қарай, жазықсыз жем болған жандардың жағдайын ұғып жатқан Үкімет те, банктер де көрінбейді. Ал көптеген алаяқтық жасау фактілерінде не банк, не жергілікті орган өкілдерінің қатысуымен болғаны дәлелденген. Мысалы, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері мүгедектігі бар, зейнеттегі жиыны 90 адамның…
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр. Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және…










