Автор: Асылхан Бөрібай

Еуразиялық үштіктің қай-қайысы болса да аты көпке мәлім. Солардың арасында аты көп атала бермейтін сұр кардинал Потох Шодиев деген мықты бар. Кезінде атамыздың тілін тауып, қазақтың ен байлығын еркін игерген Шодиев ел ішінде көп бола бермейді. Көбінде ол кісі шетелде жатып, бизнес империясына алыстан дүрбі салып, бақылағанды жөн санайды. Патох Каюмович 1953 жылы 15 сәуірде Өзбекстанның Жизақ қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) халықаралық құқық және жапон тілі мамандығы бойынша үздік бітіреді. Ол жапон тілін жетік меңгеріп, кейіннен саяси ғылымдар докторы дәрежесін алған. Шодиев Жапонияда КСРО Сауда өкілдігінде кеңесші болып жұмыс істегенінін де білеміз. Бір…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, иноагенттер туралы заң қабылдауды сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат өткен пленарлық отырыста USAID қызметіне қатысты депутаттық сауал жолданғанын еске салып, бұл сауал қазақстандық қоғамды дүр сілкіндіргендей болды деді. «Жуырда бұл тақырып тағы жалғасын тапты. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі америкалық салық төлеушілер қаржыландыратын «Азаттық» пен «Америка дауысы» медиасын жабуды ұсынды. Оны Илон Маск бірден қолдады. Ол бұл БАҚ-тарды ешкімге қызықсыз, «радикалды солшыл ақылсыздыққа толы, өз-өздерімен ғана тілдесіп, жылына миллиард долларды жоқ қылатын» ұйымдар деп сипаттап отыр. USAID мәселесіндегі сияқты, мұнда да өздері – яғни америкалықтардың өзі қаржыландырып отырған мемлекеттік медианың деструктивті…

Толық оқу

Адвокат Ажар Әбділ Ақтауда мүгедектігі бар 18 жастағы жігітке зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпаратты жариялады. Бұл деректі Маңғыстау облысының Полиция департаменті де растаған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Адвокат Ажар Әбділдің мәлімдеуінше, жігіт 2024 жылдың 27 желтоқсанында ұрланып, зорланған. Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арыз жазған. Адвокаттың сөзінше, қажет сараптамалар әлі тағайындалмаған, ал қала орталығындағы бейнебақылау жазбалары алынбаған. Ол ақ түсті джип жігітті алып кеткені анық көрінетінін атап өтті. «Жазбалардың екі ай сақталатынын ескерсек, оқиғаның хронологиясын қалпына келтіру қиын емес. Алайда камералар көп болғанына қарамастан, күдікті әлі анықталмаған», — деді ол. Полицияның жауабы Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы –…

Толық оқу

Қазақстандағы балалар педиатриясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев өмірден өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қаралы хабарды Жарас Ормантаев жеткізді. «Бүгін түнде ардақты әкем, Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев өмірден өтті», — деп жазды Жарас Ормантаев Facebook парақшасында. Камал Ормантаев – Қазақстандағы балалар хирургиясы, педиатрия, травматология және анестезиология салаларының негізін қалаушылардың бірі. Ол 20 мыңға жуық ота жасап, медицинаға зор үлес қосты. 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түсіп, кейін балалар хирургиясы кафедрасының клиникалық резидентурасына қабылданды. 1961 жылы клиникалық резидентураны, 1965 жылы ауруханалық хирургия кафедрасының аспирантурасын аяқтап, кандидаттық…

Толық оқу

Астанадағы тұрғын үйдің лифтінде жасөспірім балаға пышақпен шабуыл жасаған. Желіде оқиғаның видеосы тарап кетті. ErtenMedia жантүршігерлік жайтқа шолу жасап шықты. Оқиғаның мән-жайы Астана Полииця департаменті мәліметінше, балаға шабуыл жасаған кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған. Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Қажет тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жасөспірім бірден белгіленген тәртіппен оқшауланады. Оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажет көмекті көрсетіп жатыр», — деді ПД баспасөз қызметі өкілі. Зардап шеккен бала туралы Қалалық денсаулық сақтау басқармасының…

Толық оқу

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған. «Транстелеком» АҚ-да 10 жылдан аса жұмыс істегеннен кейін акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым. Бұл — мен үшін де, керемет даму жолынан өткен компания үшін де маңызды кезең»,  — деді ол. «Транстелеком» – Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтерін ұсынады. Forbes деректеріне сүйенсек, компания акцияларының 75%-ын Unit Telecom арқылы Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев бақылайды,…

Толық оқу

Өткен жылдың қаңтар айында құрылған жаңа қалада құрылыс жұмыстары қарқынды. Іле ауданының құрамында болған, бүгінде асқаралы Алатаудың атын иемденген бұл шаһарда 50 мыңнан астам халық тұрады. 12 ықшам  ауданы бар өңірдің инфрақұрылымын жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында 13 «өсу нүктесі» анықталып, олардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік-коммуникациялық желілердің техникалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz  Алатау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» демекші, бұқараның жергілікті биліктен сұрағаны заманауи жабдықталған аурухана, яғни, сапалы медициналық қызметке қол жеткізу екен.  Халық үніне құлақ асуды ұйғарған әкімдік бірнеше ықшам  ауданда…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде Ириклин су қоймасынан үлкен көлемде су жіберіліп жатқаны туралы видео тарап кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. stopfake.kz мәліметінше, Су ресурстары және ирригация министрлігі өкілі видеоға қатысты пікір білдірген. «Бұл видеоның Ириклин су қоймасына қатысы жоқ. Бұл — 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі Сергеев су қоймасының (Солтүстік Қазақстан облысы) кадрлары. Бүгінгі таңда екі су қоймасы да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы 11 ақпанда Ириклин қоймасындағы су көлемі — 2593 млн м3 (жобалық қуатының 79 пайызы), су жіберу көлемі — секундына 60 м3. 2025 жылғы 11 ақпанда Сергеев су қоймасында (ҚР Солтүстік Қазақстан облысы) 695,4 млн м3 су бар, су жіберу…

Толық оқу

Қарағанды облысында пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында 46 271 гектар көлемінде пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы учаскесі анықталған. Жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден асады. «Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 9 гектар жер мемлекетке қайтарылды. 2024 жылы мемлекет меншігіне 89,7 мың га 357 жер учаскесі қайтарылды. Осылайша, жоспар 128% орындалған.

Толық оқу

15 ақпан –  Халықаралық балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай Педиатрия орталығы «Help Today» мен Әсел Байсейітова атындағы қайырымдылық қорларының қолдауымен «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік!» ұранымен апталық өткізеді.  Апталық аясында бірқатар шаралар өтеді. Атап айтқанда, «Донорлықтың, сүйек кемігін трансплантациялаудың және онкологиялық науқастарды оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелі, мерекелік іс-шаралар,   флешмоб,  арт-терапия, қолөнер бойынша шеберлік сағаты,   аниматорлармен ойын-сауық кештері,  мобильді планетарийге саяхат және т.б. шаралар. Апталық 15 ақпан күні  Алматыдағы Форум сауда орталығында белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концертпен аяқталады.  Оған  Үркер тобы, Кенжебек Нұрдолдай, Самат Жанғазин, «MMDANCE» балалар шығармашылық орталығы, Ұлттық-патриоттық орталығы Алматы қаласы филиалының…

Толық оқу