Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Сенат депутаты Марат Қожаев жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде берілетін 50% жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды ErtenMedia. “Жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастыруды ұсынамыз, әсіресе, техникалық құралдар арқылы тіркелген заңбұзушылықтарға қатысты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) өзгерістер енгізу кезінде он және одан да көп рет ЖҚЕ бұзған жүргізушілерді міндетті түрде теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберу нормасын қарастыру қажет. Сондай-ақ камералар арқылы тіркелген қайталанған құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтіп, тіпті уақытша жүргізуші куәлігінен айыру мәселесін көтеру керек. Жүйелі түрде заң бұзатын жүргізушілерге 50% жеңілдікті міндетті түрде алып тастау қажет”, – деді Қожаев. Депутаттың айтуынша, айыппұл жүйелі заң…

Толық оқу

Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Талғар ауданында қорқытып алумен және тонаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Тергеу барысында қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болған. Ол өз сыбайластарымен бірге құрбандарын әлеуметтік желі арқылы іздеген. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз болған. Ол құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кірген. Алайда бірер уақыттан соң кенеттен өзін «ағаларымыз» деп таныстырған бір топ жас жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастаған. «Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап еткен. Кей жағдайларда…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт «Жұмысшы мамандықтарының қаласын» аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті. Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды. «Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан, бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз. Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз. Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату…

Толық оқу

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетіні туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп. «Бірінші кездесудің күні әлі белгіленген жоқ, бірақ бұл өте ұзаққа созылмайды», – деді Трамп журналистерге Ақ үйдегі жұмыс кабинетінде. Трамптың сөзіне қарағанда, кейін ол Ресейге, ал Путин АҚШ-қа баруы мүмкін. АҚШ президенті Украинаға сапар туралы «бұл туралы ойлайтын едім» деді. Айтуынша, өзі де, Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский де бейбітшілікті қалайды. Брифинг алдында Трамп Путинмен Украинадағы қақтығысты реттеу жайлы сөйлескен. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, әңгіме бір жарым сағатқа созылған. Кейін Трамп Зеленскийге қоңырау шалған. Трамп екі әңгімені де…

Толық оқу

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бүгін Сенатта Түркістанға қатысты екі заң жобасы қаралды: «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». «Қарастырылып отырған заңның мақсаты — Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді реттеу. …Туризм саласын дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша бірқатар құзыреттер беріледі, оның ішінде: — туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде; — жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша; — сыйымдылығы сегіз…

Толық оқу

ҚҚС көтерілетіні туралы жаңалықтардан кейін қазақстандықтарды тұрғын үй бағасы алаңдатып отыр. Бүгін Сенат дәлізінде осы мәселе бойынша ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оның сөзінше, бұл сұрақты қоятындар аз емес. «Бұл сұрақты қойған алғашқы адам емессіз… Шынымды айтсам, тұрғын үй бағасы қалай өзгеретінін білмеймін. Маған белгілісі, соңғы 15 жылдағы тарихи деректерді қарасақ, жылжымайтын мүлік — бұл теңгемен есептелетін тауар, долларлық емес. Яғни, жылжымайтын мүлік бағасы негізінен теңгемен белгіленеді және ұлттық валютаға көбірек тәуелді. Мұны статистикалық мәліметтер де растайды. Кез келген адам мұны өз бетінше зерттей алады. Егер доллар бағамы өзгеріп, кейбір сатушылар бағаларын доллармен сәйкестендіріп түзетсе де,…

Толық оқу

Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды. «Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты бұл жоба мемлекеттік және инфрақұрылымдық жобаларды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүйе мектептер мен жолдардың құрылысын бақылауға, жылу желілерінің жай-күйін қадағалауға, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Облыс әкімдігінде өткен жиында Ақмола облысының цифрландыру және архивтербасқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жобаны облыс әкіміне таныстырды. Презентация барысында пилотсыз ұшу аппараттарын жедел бақылау мен талдау жүргізуде пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді. Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, пилоттық кезең аясында дрондар Көкшетаужәне Қосшы қалаларында қолданылатынын атап өтті.…

Толық оқу

Жамбыл облысында 2003 жылғы полицей өз-өзіне қол жұмсаған. Аймақтың Полиция департаменті ақпаратты растады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оқиға 12 ақпанда кешке Жасөркен кентінде болған. Мәліметке сүйенсек, 2003 жылы туған полиция қызметкері табельдік қарудан басына оқ атқан. Полиция департаменті бұл дерек бойынша «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. «Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі. Айта кетейік, бұған дейін де Жамбыл облысында жол апатынан полицей қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 11 ақпанда сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тасжолының 203-шақырымында болған. Volkswagen Passat маркалы көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз…

Толық оқу

Күні кеше ғана Алматы облысында «Еңбек нарығындағы
жұмысшы мамандықтар жылы» аясында форум өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағы баршаға белгілі. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  . Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру 2025 жылдың басты мақсаты және негізгі жоспардың бірі. Осы мақсатта Алматы облысында жұмыстар жүйелі. Бірі Қарасай ауданында…

Толық оқу

Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-ті сатып алу жөнінде өтініш жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кәсіпкер не дейді? «Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға өтініш бердім. Қазір өтініш қарастырылуда. Реттеуші оны жан-жақты зерттегеннен кейін түпкілікті шешім қабылдайды. Бұл келісімнің Kaspi.kz компаниясына ешқандай қатысы жоқ», – делінген кәсіпкердің ресми мәлімдемесінде. Айта кетейік, 2023 жылы Jusan Қазақстан юрисдикциясына қайтарылған болатын. Вячеслав Ким туралы не белгілі? Ол – Алматы қаласының тумасы, экономист, қаржыгер, қоғам қайраткері, сондай-ақ Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz акционерлеріне Қазақстандағы шағын және орта бизнесті одан әрі…

Толық оқу