Түркістан облысының Жетісай аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп су жаңа «Ангиограф» медициналық құралы орнатылылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық аурухана «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеу жұмысынан кейін емдеу мекемесіне заманауи қабылдау бөлімі және «Магнитті-резонансты томограф (МРТ)» ғимараттары салынған. Күрделі жөндеу жұмыстары республикалық бюджеттен жасалды. Сондай-ақ, заманауи «Ангиограф» медициналық құралы орнатылып, ақхалаттылардың өз кәсібіне деген адалдығының арқасында қазір науқастарға жүрек-қан тамырлары ауруларына күрделі операциялар жасалынуда. Ем алғандар дертіне дауа тауып, билік орындарына алғыс айтуда. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар арасында тек Жетісайда ғана бар. Сондықтан,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың жесірі Сая Есенгелді де қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Азаттық» мәліметінше, 6 ақпанда Алматыда жұрт 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың жесірі Сая Есенгелдіні ақтық сапарға шығарып салған. Қаңтар оқиғасынан кейін төрт баламен қалған Сая қала арасында такси айдап, отбасын асырап жүрген. 4 ақпанда ол Алматы – Бішкек тасжолында көлік апатынан қаза болды Туыстары Саяны Алматының іргесіндегі Саялы ықшам ауданындағы қорымға, күйеуінің қасына жерледі. Марқұмның жақындары журналистермен сөйлескісі келмеген. Қаңтар кезінде жақындарынан айырылған бір топ адам биыл 5 қаңтарда Алматыдағы «Тағзым» мемориалына барып, марқұмдарға құран бағыштап,…
Атыраудағы №3 мектеп-гимназиясының мұғаліміне жарылыс болатыны туралы хабарлама келіп, 80 миллион теңге талап еткен, — деп хабарлайды ErtenMedia «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Ұстаздың шақыртуына полиция қызметкерлері барған. Олар мектепті толық тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады. Атырау облыстық білім басқармасы қазіргі уақытта мектептің екінші ауысым оқушылары қалыпты режимде білім алып жатқанын жеткізді. Оқиға қалай болған? 6 ақпанда сағат 11:30 шамасында Атырау қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғаліміне коды +380 деп басталатын шетелдік ұялы телефон нөмірінен орыс тілінде хабарлама келген. Онда сағат 14:00-де мектепте жарылыс болатыны туралы жалған ақпарат берілген. Сонымен қатар, хабарлама жіберуші 80 миллион теңге талап етіп,…
Назарбаев университеті бұрынғы басшысы Шигео Катсуды сотқа бермек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Университеттің бұрынғы президенті Шигео Катсу оқу орнының қазіргі басшылығын жемқорлыққа жол беріп, басқаруда кемшілік жіберді деп айыптаған. Осыған байланысты Назарбаев университеті оған қарсы сотқа арыз әзірлеп жатыр. Іс АҚШ-та қаралмақ. Әзірге сот процесі туралы толық мәлімет жарияланған жоқ. Шигео Катсу Назарбаев университетін 13 жыл басқарды. Ол 2023 жылдың көктемінде қызметінен кетті. Биылғы желтоқсанда Жоғары аудиторлық палата университет бюджетінің 73 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылғанын анықтағаннан кейін, Катсу бұл жағдайға қатысты қазіргі басшылықты кінәлаған еді. Катсу университетке бұрынғы білім министрі Аслан Сәрінжіповтің оралуын сынға алып, Назарбаев университеті мен НИШ-ті қаржыландыратын америкалық…
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты тақырыпта «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті. Шара барысында талқылауға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Қазақстанда соңғы үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, олардың мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Талқылаудағы алғысөзінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда соңғы үш жылда елімізде ғана емес, бүкіл посткеңестік елдерде бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті. –…
Биыл Жетісу облысында 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 5 көпірді қайта жаңғырту, 1 көпірді орташа жөндеу, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 15 км жолдың реконструкциясы, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының 35-110 км учаскесінің жаңғырту жұмыстары, елді мекендерге кіретін жолдар, ішкі жолдар т.б. жобалар бар, — деп хабарлайды ErtenMedia Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысы құрылғаннан бері 2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар 391,4 км жол және 134 елді мекеннің ішкі көшелері жөнделген. Мәселен, 2024 жылы республикалық және облыстық маңызы…
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министр колонияда қандай жұмыстармен айналысқанын, ол неге сотқа талап арыз бергенін түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қуандық Бишімбаев сотқа талап арыз жолдағанын хабарлады. Бұған мекеме әкімшілігінің оған жеңілдік бермеуі себеп болған. ҚАЖК өкілдері Бишімбаев бір рет тәртіп бұзғандықтан, жеңілдік берілмегенін мәлімдеді. Ерлан Ғазымжанов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында қылмыстық-атқару жүйесінің ережелеріне сәйкес сотталушы келген сәттен бастап үш ай ішінде бақылауда болуы қажет екенін айтқан. Осы кезеңде сотталған адамға жеңілдік берілмейді. Қуандық Бишімбаев 18 шілдеде Степногорск колониясына түскен. 18 қазанда оны бақылау мерзімі аяқталған, бірақ ешқандай жеңілдік жасалмаған. «Үш айдан кейін олар (түзету…
ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі үйдің төменіндегі дүкендерге, мейрамханаларға, базарларға әсер етпейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Олар бөлшек сауда режимінде қалай жұмыс істеді, 4% төледі, сонша төлейді және солай жұмыс істейді. Реформа бизнестің кейбір бағыттарына қатысты», — деп сендірді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы. Оның айтуынша, «көптеген адам реформаның мағынасын түсінбейді». Ол түсінбейтіндерге ештеңе жазбауға кеңес берді. Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалау бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, елдегі бюджеттік дағдарыс ұзақ жыл бойы қалыптасқан, ал оның негізінде жүйелі мәселелер жатыр. Бейсенғалиевтің пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесінің күрт…
«Алатау» шипажайын сату мәмілесінен Назарбаев әулетімен байланысы бар қор шамамен 50 млн доллар пайда көргені хабарланды. Мамандардың айтуынша, бұл сома жылжымайтын мүліктің нақты құнынан едәуір төмен: голландиялық Noord Holland Trading Company B.V. есебінде нысанның бағасы 174 млн доллар деп көрсетілген. Бірақ компания шипажайды шамамен үш есе арзанға сатып алды, — деп хабарлайды ErtenMedia»Выход к морю» телеграм арнасына сілтеп. Арна мәліметіне сүйенсек, «Алатау» кешені 1986 жылы кеңестік шенеуніктер үшін салынған. 90-жылдардың ортасында мемлекеттік ХОЗУ корпорациясының қолына өткенімен, оны Назарбаевтың сенімді серігі саналатын марқұм Владимир Ни басқарған. Кейін жекешелендіру кезінде активтер арзанға сатылып, сатып алушылар қатарында елдің экс-президентіне жақын тұлғалар болған. «2017…
Қазақстандық белсенді Қуат Ахметовті Украинадан ұрлап әкетпек болған ресейлік агенттің жоспары іске аспай қалған. Бұл жайт «Досье» орталығы журналистерінің қолына түскен Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан белгілі болған, деп хабарлайды ErtenMedia Азаттыққа сілтеп. “Украинада тұратын қазақ ұлтшылы Қуат Ахметовті ұстау бойынша арнайы операция жоспарланды. Ол үшін алдымен Украина ішкі істер министрлігіндегі агенттер арқылы оның байланыс деректерін алып, ұялы байланыс трекингін сұраттым. Дегенмен, Қуат Ахметов өзін аңдып жүргенін біреулерден естіп қалған сияқты. Оның қайда екенін таптым дегенде, ол Түркияға қашып кеткен болатын. Артында ешқандай із қалдырмаған, ешқандай сауда жасамаған, ықтиярхат алмаған. Оның әрекетін Қазақстанның арнаулы қызметі басқарып отыр деуге толық негіз…
