Ақтауда I топтағы мүгедек жігіт теңіз жағасында зорланған. Жәбірленушінің анасы оқиғаны баяндап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Оқиға қалай болған? «КТК» телеарнасына мәліметінше, қылмыс болғалы қырық күн өтсе де, ешкім ұсталмаған. Сондықтан полицейлердің жұмысына көңілі толмаған ана облыстық прокуратураға арыз жазған. Ал зәбір көрген жасөспірімнің жүйкесі сыр беріп, ашуланшақ болып кеткен көрінеді. «Кінәлі адамды тауып берсе, қарапайым халықтан көмек сұраймын. Өтініп сұраймын. Маған психиатр сарапшы керек, баламның өзінен анық болған затты естісе. Ол кісі баламды зорлаған, «айқайлай бердім, көмек сұрағым келді, мамама айтып берем дедім» дейді. «Әйелім жоқ, бала-шағам жоқ, енді сізді зорлаудан басқа амалым жоқ» деді» дейді. «Бір адам…
Автор: Асылхан Бөрібай
Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», — деп жазылған Ақорда хабарламасында. Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды. 1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған. 2003-2006 жылдар аралығында…
Биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 510,7 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөнінде облыстық жедел штаб құрылып, жұмыс жасауда. Көктемгі егіске дайындық барысында тұқым, дизель отыны мен техниканы дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, жоспар бойынша көктемде 247 мың гектар жер жыртылады, 127 мың гектар сүдігердің ылғалы жабылады, сонымен қатар 137 мың гектар өткен жылғы көпжылдық шөптер мен күздік дақылдар тырмаланады, жалпы 374 мың гектар жаздық дақылдар себіледі. Оған қажетті 52,1 мың тонна жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы толық көлемде даярланған, оның 31,6 мың тонна – дәнді дақылдар, 9,5…
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматыда бизнес өкілдерімен кездесті. Негізгі талқылау ҚҚС аясында өрбіген, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кездесуге қаржы министрі Мәди Такиев, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы, туристік компаниялар және басқа да салалық бизнес бірлестіктері, 50-ден астам ірі және шағын бизнес өкілдері тәуелсіз сарапшылар қатысқан. Кездесуде ҚҚС бойынша тіркеу бойынша шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету және арнайы B2C режимдегі қызмет түрлерінің аясын тарылту кәсіпкерлердің көтерген негізгі мәселелері болды. Салық төлеушілерді тіркеу үшін реформа шеңберінде белгіленген шек шағын бизнестің одан әрі жұмыс істеуіне кедергі болуы мүмкін және…
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген жастарды еріксіз көлікке тиеп алып кетуге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Әскерге шақыру алгоритмі бар, ол жергілікті әскери басқару, атқарушы органдар және полиция қызметінің қаулысымен бекітілген. Сіздер желіде тараған видеолардан бір бөлігін ғана көретін шығарсыздар, ал негізінде қызметтік куәлігін көрсетіп, көнбеген жағдайда ғана қолданылатын шара. Ішкі істер министрлігінің өкілі көлікпен алып кетуге міндетті. Бұл жерде Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері полицейлерге көмекші», — деген Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжіліс қабырғасында. БАҚ өкілдері министрдің орынбасарынан әскерге шақырылғандарды көшеден жеке көлікпен алып кетудің заңдылығын сұраған. «Болған екі жағдай бойынша қызметтік тексеріс өтті, заң бойынша шара…
24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24 наурыздан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға қатысты болмақ. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», — деп түсіндірді министрлік өкілдері. Бүгінде Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. «Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік…
12 ақпанда KASE-дегі сауда-саттықта 1 АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден де төмендей түсті. Мұндай құбылыс соңғы рет биржада 2024 жылы 26 қарашада тіркелген болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кешегі ахуал 11 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық валютаның орташа бағамы 506,25 теңге болған еді. Бүгінгі жағдай Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 14: 00-дағы жағдай бойынша 1 АҚШ долларын орта есеппен 500,08 теңгеден сатып алып, 503,94 теңгеге сатып жатыр. Ал Астанада 1 доллардың бағасы одан да арзандай түскен: сатып алу құны — 498,80, сату — 506,75 теңге. Шымкентте 1 АҚШ долларының сату-сатып алу құны 500-502 теңге аралығын қамтиды. Ресейлік БАҚ мәліметінше, Forex халықаралық нарығында америкалық…
Қонаевтағы 6,7-ші жағажайларды жаңартып, жаңғыртатын уақыт келді. Бұл туралы кәсіпкерлермен кездескен қала әкімі Асхат Бердіханов айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылы №5 жағажай қолданысқа берілген болатын. Қазір «Фридом финанс» компаниясы 1 шақырым жағажайды абаттандырып жатыр. Құрылысы жақын арада аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары №8 жағажайда да жүріп жатыр. Алдағы уақытта 5 шақырымнан астам жағажайды абаттандыру, Солтүстік жағажайларды да кезең-кезеңімен дамыту көзделуде. Енді жуық арада 6,7-ші жағажайды абаттандырып, қолданысқа беру қажеттілігі туындап отыр. Себебі, шомылу маусымында осы қалалық жағажайға келіп, демалатын адамдардың саны басқа орындармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Туризмді дамыту, демалушыларға қолайлы…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов әлеуметтік нысандар салуға жұмсалып жатқан қайтарылған активтер қайта ұрланса, Қазақстан «күлкіге қалатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Антикор өкілі Мәжіліс дәлізінде айтты. «Өте жақсы сұрақ, шынымен де өзекті мәселе. Ертең қайтарылған қаражатқа салынып жатқан әлеуметтік нысандар тағы да талан-таражға түспес үшін біз күлкіге қалмауымыз керек. Президент айтып отырғандай, бұл қаражат тек әлеуметтік мақсаттарға жұмсалуға тиіс. Егер тағы да ұрланса, ең алдымен, мұндай әрекеттерге барған мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалардың моральдық тұрғыдан құны көк тиын болады», – деп жауап берді Сарқұлов. Бұған дейін Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер…
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бл ретте Президент «Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс» деп нақты бағыт-бағдар берген болатын. Мәселен, 2024 жылы Әділет министрлігі «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар…










