Автор: Асылхан Бөрібай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесу барысында Тоқаев Путиннің Мәскеуге шақыруын қабыл алғаны белгілі болды , — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді. Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің былтыр 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге…

Толық оқу

Түркіменстан билігі мемлекеттік қызметкерлерді «Бердімұхаммедов отбасы мүшелерінің суреті бар газет-журналдарды бүлдірмей, сақтап қоюға міндеттейтін» жазбаша құжатқа қол қойғызған — деп хабарлайды ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп. Басылым дерегінше, мемлекеттік басылымдарға жазылуға мәжбүр болған мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер енді «қағаз басылымдарды бүлдірмеу» туралы жаңа талапқа кезіккен. Балқан уәлаятындағы шенеуніктердің бірі «Азаттыққа» жыл басынан бері осы ережеге қатысты қатаң шаралар енгізілгенін айтқан. Ереженің орындалуын қадағалау үшін билік газет-журналдарға QR-код қою мүмкіндігін қарастырып жатыр. «Біз үйде балалар газеттерге тиісе ме деп қорқамыз. Егер бала кенеттен жыртып тастаса немесе президенттің суретін лақтырса, бұл бізге проблема болады», — деген аты-жөнін айтпаған шенеунік Азаттыққа. Түркіменстанда мемлекеттік басылымдар қатаң цензураға ұшырап, маңызды жаңалықтарды өте…

Толық оқу

Вашингтонда апатқа ұшырап, Потомак өзеніне құлаған ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаудан жұптық әлем чемпиондары Евгения Шишкова мен Ресей құрамасының мүшесі Вадим Наумов болған, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Orda-ның мәліметінше, 52 жастағы Шишкова мен 55 жастағы Наумов 1994 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары. Олар конькимен сырғанаудан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері, Еуропа чемпионатының бір күміс және төрт қола жүлдегері атанған. Мансаптарын аяқтағаннан кейін Шишкова мен Наумова жаттықтырушылыққа ауысып, 1998 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Айта кетейік, АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлаған болатын. Оқиға маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, тікұшақтар мен қайықтар жұмылдырылған. Канзас штатының сенаторы Роджер Маршалдың сөзінше,…

Толық оқу

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тан депортацияланатын қазақстандықтар туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. АҚШ-тың көші-қон және кеден полициясы (ICE) 2024 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша, депортация тізімінде 369 қазақстандықтың бар екенін хабарлаған. «Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына ескерту жасады. Оларға заңсыз статусын мойындап, ерікті түрде елден шығуға мүмкіндік берілген. Біз бұл әрекеттердің салдары туралы ескерткен болатынбыз», – деді Бақаев. Министрдің орынбасары мәжбүрлі депортация жағдайында қазақстандықтарға қандай шектеулер төнетінін де атап өтті. «АҚШ аумағына кіруге тыйым салынады. Басқа қандай шаралар қолданылатыны белгісіз, өйткені бұл АҚШ-тың ішкі саясатына байланысты. Алайда ерікті түрде кету мүмкіндігі бұрыннан бар…

Толық оқу

Алматыда ұсталған блогерлерге қатысты жаңа ақпарат шықты. Полиция олардың екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Бопсалау күдігімен ұсталған блогерлерге сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді қалалық полиция департаменті өкілі. Полицияның мәлімдемесі 23 қаңтарда полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша Алматыда кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазылған…

Толық оқу

Жұмысшы мамандар ел экономикасының дамуына, өндіріс пен қызмет көрсету салаларының тиімді жұмыс істеуіне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан осынау кәсіп иелерін дәріптеу және сұранысты арттыру мақсатында биыл елімізде Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығы құрылымдарында кадр тапшылығы бар, мектеп түлектері тарапынан белсенділік аз. Дегенмен, ветеринариялық технолог мамандығын таңдап, несібесін ауылшаруашылығы саласынан тауып жүрген жастар да жоқ емес. Солардың бірі — мал шаруашылығының жай-жапсарын жақсы білетін жас маман Данияр Абитаев. Ол бүгінде Өскеменнің іргесіндегі Глубокое ауданындағы сүт өнімдерін өндіруге, мал және егін шаруашылығына маманданған «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек етеді. Ауылшаруашылығы саласында жұмыс істегеніне он…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысындағы шұжық өндірісі соңғы жылдары қарқынды дамып, аймақтағы ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің маңызды салаларының біріне айналды. Өңірдің табиғи жағдайлары мен ауыл шаруашылығының мүмкіндіктері шұжық өндірісінің дамуына ықпал етіп, сапалы және әр түрлі өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Осыған орай, облыста заманауи технологиялар мен жоғары сапалы құрал-жабдықтарды қолданатын кәсіпорындар ашылып, өндіріс көлемі артуда. Солардың бірі – Өскемен қаласында «Alex» және «Мереке» тауарлық маркісімен өндірілетін шұжық өнімдері. Мұндағы өндірістің дамуы тек көлемінің артуымен ғана емес, сонымен қатар өнімнің сапасы мен түрлерінің сан алуандығымен де ерекшеленеді. «Біз «Даму» бағдарламасымен жұмыс істейміз. Отандық өнім өндіретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Цех ашылғаннан…

Толық оқу

Дүкендер саны 337-ге жетіп, жалпы сауда алаңы 72 мың шаршы метрден асты. Ең көп дүкен ашылған өңірлер — Ақтөбе облысы, Астана және Павлодар облысы болды. 2025 жылы кемінде 60 жаңа дүкен ашу және адамдарды көбірек жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Төмендетілген бағалар желісінің әлемдегі жетекшісі Fix Price Group 2024 жылы Қазақстанда дүкендер санын 20%-ға арттырып, 57 жаңа сауда нүктесін ашты . 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша желі Қазақстанның 19 өңірін және 57 қала мен елді мекенін қамтып, жалпы сауда алаңын 72 мың шаршы метрден асырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. Дүкендердің басым бөлігі Ақтөбе облысында (10), Астана мен Павлодар…

Толық оқу

Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин бейбіт келіссөздер туралы ойын айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia. Зеленский Fox News-ке берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп ерік-жігері жетсе, Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлей алады деп мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, Трамп Путинді Украинада атысты тоқтату туралы келісім жасасуға шақырды, әйтпесе Мәскеуді одан да бетер экономикалық қысым күтіп тұр. «Путин дәл осыдан қорқады. Ол Трамп Украинаны қолдағанын қаламайды, өйткені Украина күшейе түседі», — деді Украина президенті. Ол Қытай тарапынан Путинге халықаралық қысымды күшейтуге шақырды. Зеленский Путин Еуропадан қорықпайтынын, сондықтан Украинаға АҚШ-тан үлкен кепілдіктер қажет екенін жеткізді. Ал Путин Ресей Зеленскиймен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты, бірақ…

Толық оқу

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов колониядағы жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрады, — деп жазады Ertenmedia Tengrinews.kz-ке сілтеп. Соттың шешімі қандай болды? Павлодар қаласының №2 сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында сотталушы жазасының қалған бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтініш білдіргенін растады. Өтінішті сот 28 қаңтарда қарады. Ресми мәліметтерге сәйкес сот сотталған адамның қамауда болған уақытын қоса алғанда, жазасын өтеу кезеңіндегі тәртібін қарап, сот отырысына қатысушылардың пікірлерін тыңдаған Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандардың үш оң тәртіптік дәрежесі қарастырылған, сондай-ақ жазаны өтеу шарттары (жалпы, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдікті) белгіленген. «Сотталған азаматтың…

Толық оқу