25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерден сырға табылған. Оны астаналық көріпкел Айгүл Бердіғалиева тапқан. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бердіғалиева қайғылы оқиға болған жерден сырға тапқанын және оны қайтыс болған адамның туыстарына бергісі келетінін айтқан видео пайда болған еді. Кейіннен тергеу аясында табылған зергерлік бұйымды полицейлер алып кеткен. Ақтау маңында ұшақ апатқа жерден Айгүл Бердіғалиева тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды. Әзербайжандық 1news.az басылымы осы сырғаның иесін тапқан. «Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды іздеуге қатысып, зергерлік бұйым қазір Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейнқызына тиесілі екенін анықтадық», -…
Автор: Асылхан Бөрібай
Амман, Иордания, 17 қаңтар 2025 ж. – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры, Елші Берік Арын мырза Иорданиядан Газаға «Адамзатқа ұн – Газадағы жағдайға байланысты шұғыл үндеу» атты алғашқы гуманитарлық көмек жөнелту шарасына қатысты. Әз-Зарқа аймағының Ғабауи қаласындағы Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының (ИХҚҰ) қоймасында өткен рәсім Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай мырзаның да қатысуымен өтті. Газаға 12 жүк көлігіне тиелген – 200 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны жөнелтілді. Бұл шара АҚИҰ маңыздылығын қуаттаумен қатар, ұйымның гуманитарлық қызметінің, соның ішінде аталған бастаманы жүзеге асыруда шешуші рөлінің куәсі болды. Сондай-ақ, Қазақстанның дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін ілгерілету мен гуманитарлық…
Алматыда ұсталған блогерлер кім екені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полицияның мәлімдемесі Бүгін полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша Алматыда кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар кімдер? ҚазТАГ мәліметіне сүйенсек, ұсталған блогерлер – Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов. «Көшеев бұған дейін Алматы прокуратурасының ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзу…
Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған», — деп жазылған хабарламада. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбеде «емшіге алдандық» деп 100 шақты адам шу шығарды. Дертіне дауа іздеп барғандарды гипнозбен арбап несие алдыртқан көрінеді. Алданғандардың қатарында туыстары да бар, — деп хабарлайды ErtenMedia КТК телеарнасына сілтеп. 30 жылға жуық емшілікпен айналысқан Сұлушаш Қазыбаеваға алдандық деген ақтөбеліктер саны алпыстан асқан. Олардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Емші қабылдауына келгендерді гипнозбен есінен айырып, онлайн несие алдырады екен. «Еріксіз қарызға батқанымызды есімізді жиған соң ғана білдік» дейді тұрғындар. «Емге барып жүргенімде гипноз арқылы мені 18 миллионға сазға отырғызды. Қазыбаева Сұлушаш деген кісі. Бес баламен қазір жұмысым да, тамағым да жоқ, балаларыма алатын, мысал үшін. Емделуге барғанда жатқызып қойып, гипноз жасай ма, білмеймін.…
Павлодарда дүкенде шыққан дау сотқа дейін жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі қараған. 2025 жылғы 16 қаңтарда Н. Павлодар қаласы Лермонтов көшесіндегі дүкеннің кіреберіс есігі мен сөресіне «Обслуживаем только на русском» деген мазмұндағы хабарламаны жапсырған. «Ол қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн әрекеттер жасаған. Н.-ның кінәсі оның түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбамен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен анықталды. Н. өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Ол өз әрекетін оның «Маған «бір фарш» беріңізші» деген өтінішіне сатушының орысша сөйлеуін өтінуімен түсіндірді, бұл оның осы әрекеттерге баруына түрткі болған», — деп жазылған хабарламада.…
Өзбекстандық еңбек мигранттары жұмыс табу үшін Қазақстанға бағыт ала бастады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл ақпаратты Gazeta.uz жариялады. «2024 жылдың басында Қазақстанда 196,8 мың Өзбекстан азаматы жұмыс істесе, биылғы жылдың басында бұл көрсеткіш 322,7 мың адамға дейін артты», — деп хабарланды. Өзбекстанның Көші-қон агенттігінің мәліметінше, Ресейде жұмыс істеуге деген қызығушылық айтарлықтай төмендеген. Биылғы жылдың басында Ресейде еңбек ететін өзбекстандықтар саны 2024 жылдың басындағы 1,2 миллионнан 698 мыңға дейін қысқарған. Дегенмен Ресей Өзбекстаннан баратын мигранттар саны бойынша әлі де алдыңғы қатарда қалып отыр. Қазақстаннан кейін үшінші орында Түркия орналасқан, бірақ Түркиядағы мигранттар саны 119,8 мыңнан 88,7 мың адамға дейін төмендеген. Миграция агенттігінің мәліметінше, 2025…
Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толығуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Порталдың жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған. Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді. Президенттің отбасы құндылықтары,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров картоп қымбаттағанын сынға алды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутаттың айтуынша, шаруалардың мәселесіне келгенде Үкімет түрлі сылтау айтып, көп сұрақты жауапсыз қалдырады. «Сол үшін де қазір елде картоп қымбаттап, онсыз да ет жеуден қалған халықтың қалтасын одан сайын қағып жатыр. Осы жерде қандай тақырып көтерсек те, ол жеке бастың мәселесі емес. Бір сұрақтың артында жүз мыңдаған отандасымыз бар екенін есіңізге салып өткім келеді», — деді ол. Қожаназаров былтыр жыл аяғында Президент шаруалардың қолданатын техникаларын жаңарту керек деп нақты тапсырма бергенін, алайда 2 апта өткен соң шаруалар мемлекеттік кірістер комитетінен 2021-2024 жылдар аралығында салық төлеу ісі бойынша заңбұзушылықтар бар деген…









