Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Президент  Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек екенін айтты, —  деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге…

Толық оқу

Енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ұлттық қордың қаражаты, сіз тапсырғаныңыздай, тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін ғана сұралатын болады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз. Субсидиялау шығындары барлық салада тоқтаусыз өсіп барады. Оның үстіне олардың нақты әсері есепке алынбайды әрі мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау да әлсіз. Субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес-моделінің бір бөлігіне айналды», — деді Бектенов. Еске салайық, бұған дейін депутат Еділ Жаңбыршин Үкіметті «Қорамсаққа қол салдық, қол салғанда мол салдық» деп Ұлттық қорға қол сала бересіздер» деп сынаған еді. Депутат Еділ…

Толық оқу

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Үкімет отырысында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғысөз сөйледі. «Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты…

Толық оқу

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың емінің бірінші кезеңі аяқталып, Астанаға жолға шықты. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаян екі-үш ай елде болады. Басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезеңдегі реабилитацияны бастайды. «Астанада Ербаян нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің толық бақылауында болады. Бір айдан кейін дәрігердің өзі ұшып келіп, жағдайын өз көзімен көріп кетемін деп отыр. Гёкхан Акдемир Ербаянның басына ота жасаған дәрігер. Ол кісіге ерекше алғысымызды айтқымыз келеді. Сонымен қатар, Ербаян Стамбулда болғанда емін ұйымдастырып, аударма жасап, жандары қалмай…

Толық оқу

Шетел асқан ақшаны қайтару — Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының басты қағидаты. Әлем елдері шеттен қайтқан активтерді қалай жұмсап жатыр? Бұл туралы «Хабар 24» арнасы мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Моңғолияда қайтарылған қаржы жетімдерге жұмсалады. Бұл ел 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының ғаламдық операциялық желісіне қосылған. Бұл активтерді қайтару және қаржылық тергеу бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Біріккен Ұлттар Ұйымымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция аясында 1,3 миллион доллар өндіріп алған. Соманың бір бөлігі Моңғолияның солтүстігіндегі «Энерел» балалар үйіне аударылыпты. Өзбекстанда бұрынғы президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримованың заңсыз иеленген активтерін тәркілеу әлі жалғасып жатыр. Швейцария банктерінен қайтарылған…

Толық оқу

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты, экс-министр Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесін «тесік қайыққа» теңеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат сөзін аллегориядан бастады. «Өзенде жүзіп келе жатқан қайықты елестетіп көріңіздер. Қайықтың түбі тесіліп,  ішіне су толып жатыр. Ішке кірген су тоқтайтын емес.  Қайықшы оны жамаудың орнына, шелекті алып суды сыртқа төгумен ғана әлек. Бірақ су тоқтамайды, қайық бата береді, өйткені бұл әрекет нәтиже бермейді. Міне, дәл осындай жағдай қазір МӘМС жүйесінде орын алып отыр. Мәселенің негізгі себебін жоюдың орнына, тек оның салдарымен ғана күресуде. Жүйелі реформалар орнына – уақытша шаралар», — дейді Аймағамбетов. Депутаттың пікірінше, бұл жүйеге стратегиялық көзқарас жетіспейді. МӘМС-тің қазіргі моделі медицинаны…

Толық оқу

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот шешімі шықты. Осылайша Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелері, ҰҚК-ның 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы Мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Алматы сотында Арман Жұмагелдиевке қатысты тың деректер айтылды. Оның ҰҚК-мен қалай байланыс орнатқаны да белгілі болды. Сот мәліметінше, 2016 жылы Ысқақов ҰҚК-ның 5-департаменті басшысының орынбасары болып жүрген кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қолдауына кепілдік беретінін айтып,…

Толық оқу

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады. «Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады», — деп жазылған хабарламада. 26 қаңтарда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко қайта сайланды. 2025 жылғы сайлауға бес кандидат тіркелген болатын. Александр Лукашенко сайлаушылардың 87,6 пайыз дауысын жинады.

Толық оқу

Үкімет сағатында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі сынға ұшырады. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы МӘМС-ті тоқтата тұруды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «МӘМС-тің жұмыс істей бастағанына алты жыл болды. Марқұм азаматтарды да тіркеп жіберді. «Үш-төрт айлық балалардың тісін емдеттік» деп те қор ақша алып жатқанын көріп отырмыз. Былтыр Президент Үкімет сағатында тапсырма берген медициналық көмектің бірыңғай топтамасы да жасалған жоқ. Былай қарағанда МӘМС-ті жасау арқылы халықты сынақ алаңына салып жіберген сияқтымыз», — деді депутат. Нартай Аралбайұлының айтуынша, бұрынғы жүйе де, қазіргі жүйе де жұмыс істемейді. «Халық қайда барып ем аларын білмейді. Сондықтан менде мынандай ұсыныс: министр ханым, онсыз да басы қатып…

Толық оқу

Усть-Каменогорск – промышленный центр Восточно-Казахстанской области, который, несмотря на свою красоту, часто страдает от загрязнения воздуха. Густой смог, покрывающий город, является одной из главных проблем, беспокоящих местных жителей. Однако, как выяснилось, не всё так безнадежно: местные власти, активисты и бизнес объединяют усилия для улучшения экологической ситуации в регионе. На экологию Усть-Каменогорска влияют следующие ключевые факторы: географические, климатические и антропогенные. Географический город расположен в горном котловане, в устье каменных гор, что способствует накоплению загрязнений в атмосфере. Наличие двух гидроэлектростанций (ГЭС) приводит к тому, что реки Иртыш и Ульба не замерзают зимой, создавая условия для образования густого тумана. И, наконец, антропогенный фактор,…

Толық оқу