Автор: Асылхан Бөрібай

Мемлекет халық алдындағы өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджет қаражатының 50%-дан астамы азаматтарды мемлекеттік қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әлеуметтік қолдау Өткен жылы азаматтардың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен ғана 5,4 трлн теңге қаражат бөлінді. Биыл ол 6 трлн теңгеден асты. Әлеуметтік қолдау шамамен 5 млн адамға немесе әрбір төртінші қазақстандыққа көрсетіледі деп күтілуде. Олардың ішінде 2,5 млн астам зейнеткер, шамамен 1 млн мүгедектігі бар адамдар, 500 мыңнан астам балалары бар отбасы және азаматтардың басқа да санаттары. Бұл ретте әлеуметтік төлемдердің сатып алу құнын қамтамасыз ету үшін жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері инфляция деңгейіне ұлғайтылды, ал ортақ зейнетақының – инфляция деңгейінен асып түсуі +2 пайыз. Жергілікті жерлерде өмірлік қиын жағдайда…

Толық оқу

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының қозғалтқыштарынан қауырсындар табылды, деп хабарлайды Ertenмedia «Азаттыққа» сілтеп. Бұл туралы Кореяның MBN телеарнасы хабарлады. Дерекке сәйкес, қауырсындар ұшақтың екі жағындағы қозғалтқыштан табылған. Бұған дейін ұшаққа құстар соғылып, қозғалтқыштардан ақау шыққан болуы мүмкін деген нұсқа айтылған еді. Айта кетейік, былтыр 29 желтоқсанда Jeju Air әуекомпаниясының Бангкоктан ұшып шыққан Boeing 737–800 ұшағы Муан әуежайында апатқа ұшырады. Борттағы 179 адам қаза болды, экипаждың екі мүшесі аман қалған. Ұшақтың қара жәшіктері апатқа аз уақыт қалғанда мәліметті жазбай қалған. Reuters агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Кореяның көлік департаменті ұшақтың қозғалтқыштарынан қауырсындар табылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Толық оқу

Киберқауіпсіздік бойынша жаңа зерттеулерге сәйкес Ресеймен байланысы бар делінетін UAC-0063 атты хакерлік топ Қазақстандағы дипломатиялық мекемелерді алдап-арбау шабуылдарын белсенді түрде жүргізуде, — деп хабарлайды ErtenMedia Darkreading порталына cілтеп. UAC-0063-ті алғаш рет 2023 жылы Украинаның компьютерлік төтенше жағдайларға жедел әрекет ету командасы анықтап, хакерлерді Ресейдің Бас барлау басқармасына (ГРУ) қарасты APT28 тобына бағынады деп мәлімдеген. APT28 бұған дейін 2016 жылы АҚШ-тағы Демократиялық ұлттық комитетке жасалған шабуылымен және Еуропадағы (Германия, Норвегия, Нидерланды) парламенттік құрылымдарға бағытталған кибершабуылдарымен әйгілі. UAC-0063-тің басты мақсаты – Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің меморгандары, үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ), университеттері мен энергетика және қорғаныс салаларына тиесілі мекемелер туралы барлау…

Толық оқу

Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу әлі жалғасып жатыр. Ресейдің BAZA атты телеграм-арнасы ұшақтың қара жәшігінен алынған жазбалардың мәтінін жариялады.  Әзербайжандық БАҚ-та осы мәліметке қатысты сараптама жарияланды, -деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бұл ақпарат қайдан шықты, қаншалық сенімді, ашылған мәліметтер Қазақстанға жеткізілген бойда оларды кім таратып жіберді?» деген сауалдарға нақты жауап жоқ. Бірақ жарияланған мәтінде назар аударатын негізгі сәттер бар», — дейді басылым. ErtenMedia.kz мақаланың толық нұсқасын жариялауды жөн көрді: «BAZA жариялаған стенограммадағы алғашқы жазба мәскеулік уақытпен 7:36:57-де басталады. Онда қаза болған ұшақ экипажы Грозныйдағы диспетчерлермен күнделікті жұмыс барысындағы байланыс жүргізеді. 8:16-да экипаж диспетчерге: «Грозный, басқару істен шықты. Кабинаға құс соғылды…», – деп хабарлайды.…

Толық оқу

Нұрсұлтан Назарбаевқа санкция салынды. Өзіне емес. Танкеріне. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. PARANOIA.KZ арнасы мәліметінше, жұмада Байден Ресейдің 183 танкеріне санкция салған. «Оның ішінде Н.Назарбаев атындағы танкер де бар. Аталмыш танкерді жасау 2020 жылы 6 шілдеде басталды. Ресейлік “Звезда” кеме жасау компаниясы оны Назарбаевтың 80 жасқа толу құрметіне солай атады», — деп жазылған ақпаратта. Мәліметте Байденнің соңғы санкциясынан кейін ашық теңізде 60-тан аса ресейлік танкер қаңтарылып тұрып қалғаны және оларды порттар қабылдамай жатқаны айтылады.

Толық оқу

Дональд Трамп Ақ үйге қайта оралуына бір апта қалмай жатып, АҚШ пен Ресей арасында жаңа байланыс желісі пайда болып, соңғы үш жылға жуық уақыттан бері қолданылып келген қатынас арналарын ығыстыруға жақын деп жазады ErtenMedia. Украинадағы ахуалға алаңдаулы қауіпсіздік және дипломатия саласындағы мамандар мен олардың серіктестері Ақ үйге келе жатқан жаңа әкімшіліктің қадамдарын мұқият қадағалап отыр. Трамп билікке келе салысымен Украина мәселесінде екпіндете әрекет еткісі келеді. Тіпті көпшілікке жария болғандай, Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуін ұйымдастыру жоспары да бар. Келешек АҚШ әкімшілігінің өкілдері тіпті бұл кездесуді алдағы айда өткізуді көздеп отырғанын кей одақтастарына да жеткізген көрінеді. 2024 жылғы 5 қарашадағы…

Толық оқу

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 20 қаңтарда Вашингтонда өтетін рәсімге Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев барады. Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады. 2013 жылдан 2021 жылға дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Инаугурация — АҚШ-тағы президенттік билікті берудегі маңызды сәт. Осы ресми рәсім кезінде қазіргі президент өз өкілеттігін келесі президентке береді. Айта кетейік, 2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл — елдің…

Толық оқу

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл іске құқық қорғау және мемлекеттік органдар белсенді түрде атсалысып жатыр. 2023 жылы арнайы «Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» заң қабылданды. Оның ережелері қыркүйек айынан бастап толық күшіне енді. Ал 5 қазанда Президент Жарлығымен Бас прокуратура жанынан Мемлекетке активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды. Жаңа Заңды іске асыру үш негізгі құрылымға жүктелген: Комиссия (Премьер-Министрдің басшылығымен): қайтару шаралары мен механизмдерін әзірлейді. Комитет: активтерді анықтап, тексеру және қайтарумен айналысады. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Басқару компаниясы: қайтарылған активтерді сақтап, басқарып, арнайы қорға қаражат аударады. Қайтару механизмі: Ерікті қайтару: активті…

Толық оқу

БАҚ бұған дейін Израиль мен Хамас келісімге келгенін хабарлады. Алайда олардың арасындағы бүгін күшіне енуге тиіс келісім бұзылды. Израиль тарапының хабарлауынша, Хамас соңғы сәтте кейбір келісімдерден бас тартқан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Курсив» басылымына сілтеп.Осыған дейін талқы болған мәмілеге сәйкес, 19 қаңтардан бастап атыс тоқтап, кепілге алынғандар мен тұтқындарды айырбастап, Израиль әскері шегінуі қажет еді. Израиль премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың кеңсесінің хабарлауынша, палестиналық Хамас қарулы тобы соңғы сәтте Израильмен мәміледегі кейбір шарттардан бас тартқан. «Хамас келісімге келуге кедергі келтіретін соңғы сәтте дағдарыс тудыратын келісімдерден бас тартады», — делінген хабарламада. Израиль тарапы делдалдар Хамас құжаттың барлық бөлігімен келісетінін растағанға дейін Үкімет отырысының күні белгіленбейтінін…

Толық оқу

Ақтөбеде кепілден құтқарылғаннан кейін қаза болған ерлі-зайыпты жерленді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. 16 қаңтарда Ақтөбенің жұрт «Мәскеу» деп атап кеткен ауданындағы жеке үйлердің бірінде 74 жастағы отағасы Ә. мен оның 66 жастағы зайыбы Ш. марқұмдардың жаназасы оқылды. Оларды ақтық сапарға шығарып салуға адам көп жиналған. Үйдің маңында полиция мен медициналық жедел жәрдем көліктері де болған. Ерлі-зайыпты екеуі тұрған осы үйде 13 қаңтарда кепілге алынып, полицияның арнайы операциясы нәтижесінде құтқарылғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Ресми ақпаратта Ш. ауруханаға апара жатқан кезде, Ә. ауруханаға түскеннен кейін көз жұмған деп жазылған. Ағайын-туғандары марқұмдарды қала шетіндегі зиратқа жерледі. Олармен бірге кепілде болған…

Толық оқу