Алматыда бопсалау күдігімен ұсталған екі блогер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы прокуратурасының Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында қазір қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны айтылған. Айта кетейік, бұл баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Полицияның мәлімдемесі 23 қаңтарда полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша Алматыда кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. «Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10…
Автор: Асылхан Бөрібай
Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігін экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Оның сөзінше, Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Сонымен қатар, Президент әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болатынын, оларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті екенін алға тартты. «Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек. Әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда…
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бұған дейін «Штрафстан» ұғымын қолданғанын мойындап, бұл терминді пайдалану «дұрыс болмағанын» мәлімдеді, — деп жазады Ertenmedia. Депутат өз пікірін президент Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында «елге әртүрлі лақап ат тағу – ақылға сыймайтын әрекет» деген сөзінен кейін күрт өзгерткен. Перуашев жыл соңында Мәжілісте сөйлеген сөзінде айыппұлдар мен жауапкершілік мәселесіне тоқталып, үкіметтік бастамаларды сынға алып, «Штрафстан» деген сөзді қолданған еді. Ол қомақты айыппұл салу жөніндегі заң жобасын «Ақ жол» фракциясы қабылдамайтынын ашық мәлімдеген болатын. “Шенеунік мырзалар, сіздер үшін мен ұялып отырмын. Бір рет болса да жылы кеңселерден шығып, кәсіпкердің немесе тұтынушының орнына барып тұрып көріңіздер. Сіздер әлдебір ‘Штрафстанды’…
Алматыда экс-полицей биік мұнараға шығып, наразылық білдірді. Сегіз жылдан бері қандай бұйрықты бұзғаны үшін жұмыстан қуылғанын біле алмай жүрген подполковник осыдан басқа амалы қалмағанын айтады, — деп хабарлайды ErtenMedia КТК телеарнасына сілтеп. Жанайқайын басшылығына жеткізу үшін Дәрмен Шыныбеков жоғары кернеулі тоқтың бағанасында бір сағаттай отырып, төменге өз еркімен түсті. Оның талабы — жұмыстан негізсіз қуылғанын дәлелдеп, қызметіне қайта оралу. Сот шешімінде полицей қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылғаны көрсетіліпті. «Экс-полицеймін» деген ер адам жоғары кернеулі тоқ бағанасына тапа-тал түсте шығып алған. Ішкі істер органдарынан кетсе де, үстінен арнайы киімді тастамапты. Ол бұл әрекетімен жедел жәрдем, полицейлер мен құтқарушыларды аяғынан…
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Осы орайда ErtenMedia Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың пікірін сұрады. Депутаттың сөзінше, қазір дүниежүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр, тіпті АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ сияқты әлемдегі ең ірі елдерде санкциялық шектеулер мен саудадағы текетірестер қалыпты жағдайға айналған. «АҚШ Президенті әлемдегі ең жоғары экономикасы бар ел, бүгінгі күні АҚШ ұлттық экономикасын қорғаумен ашық айналысады. Қазір Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ сияқты ірі экономикалар арасында санкциялық текетірестер орын алу қаупі бар. Осы тәуекелдердің барлығы Қазақстан экономикасының даму дәрежесі мен әлеуетіне тікелей әсер етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай түбегейлі өзгерістер болып жатқан кезеңде біз Қазақстан экономикасының…
Шерзат ісінен кейін есімі жиі айтылған Хасан Қасымбаевқа қатысты әлеуметтік желі мен БАҚ-та тағы бір ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Тараған ақпаратта Қасымбаевтан бір айып алып тасталғаны айтылады. Дегенмен Алматы облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. БАҚ мәліметінше, Хасан Қасымбаевтан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деген айып алып тасталған. Ал Алматы облыстық ПД жауабында бір емес, бірнеше бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. «Көрсетілген тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», — деп жазылған жауапта. Хасан…
5-ші «ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы» БҰҰ агенттіктері мен азаматтық қоғам ұйымдарының 150-ден астам өкілінің басын қосты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева елімізде азаматтық қоғам, қоғамдық кеңестің даму қарқыны жоғары екенін атап өтті. – Бұл форум бізге керек жиын. Іс-шарада айтылып, талқыланып жатқан мәселелер өте өзекті. Орталық Азияның азаматтық форумы дамитын болса, онда мемлекеттерде мықты болмақ. Сонымен қатар Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның елдері жақсы қарым-қатынаста бола бермек. Қазақстанда азаматтық қоғамның даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары бірталай заңнама өзгертілді. Конституцияға енгізілген өзгерістердің арқасында қазіргі таңда бірталай жақсы заңдар шыға бастады. Оның ішінде қоғамдық кеңес…
Қазақстанда екі атом электр станциясы қатар салына ма? Бұл сұраққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Министрдің сөзінше, Қазақстан электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, энергетикалық қуаттарды жедел енгізуі қажет. «Ядролық кластер жаңа қуаттарды енгізуге де, көміртегі ізін азайтуға да мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты құрылысты қатар жүргізуге мүмкіндігіміз бар деп есептеймін. Бұл үшін бізде қажет ресурс бар. Құрылыс әртүрлі алаңда жүргізіледі. Жалпы алғанда мұндай сценарийді іске асыруға мүмкіндік бар», — деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтегі брифингте. Айта кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов таяуда Қазақстанда алғашқы АЭС салу жөнінде келісімдер жасалатынын мәлімдеді. «Жақын арада Алматы облысында бірінші…
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің өсуі нарыққа, бағаларға қалай әсер ететінін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жұманғариннің айтуынша, Үкімет әлі ҚҚС мөлшерлемесін нақты белгілемеген: ол 16-20 пайыз аралығында болуы мүмкін. «Бұл сөзсіз бағаға әсер етеді. Әртүрлі салаларға әрқалай ықпалын тигізеді. Біздің есептеуіміз бойынша, мөлшерлеменің көтерілуі кәсіпорындарға орташа жүктемені 4 пайызға арттырады. Ал соңында тұтынушы баға өскенін сезеді», – деді Жұманғарин Үкіметтегі брифингте. Айта кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады. «Негізгі салық жүктемесі Еңбекақы төлеу қорына, яғни өзіндік құнға түседі. Тауар…
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында озық технологиялар бойынша Қытайдың тәжірибесін үйренуіміз керек екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Біз қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтып келеміз. Бірақ азаматтарға үндеу тастау жеткіліксіз. Бұдан бөлек, ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет. Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар. Мысалы, дәл осындай ұстаным ай сайын суды сегіз пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл – аса маңызды. Себебі Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте өзекті. Көрші Қытай елінде әлемдік деңгейдегі озық технологиялар бар, олар тәжірибесін бөлісуге дайын. Бірақ біздің…










