Автор: Асылхан Бөрібай

Болат Назарбаевтың ұлдары

Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Ханболат Астанадағы сот шешімімен бұзылуға міндеттелген құрылыс нысанын ағасы Данияр Кесікбаевқа сыйға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz  Nege.Aqsha арнасына сілтеп. Айта кетелік, былтырғы жылдың 20 ақпанда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сот Болат Назарбаевтың Майра Құрманғалиевадан туған ұлына Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы ойын-сауық орталығын заңсыз салғаны үшін 103 500 теңге айыппұл салған. Ханболат Назарбаев бұл учаскені 2020 жылы ақпанда кәмелетке толуына орай сый ретінде алған. Осылайша бұрын бұл жерде орналасқан қонақүй кешенін бұзып, оның орнына сауда ойын-сауық орталығын құрылыс рұқсатынсыз және алдын-ала ескертусіз жүргізе бастаған. Сот экс-президенттің (Нұрсұлтан Назарбаевтың — еск.) немере інісіне айыппұл төлетіп қана қоймай, заңсыз…

Толық оқу

Жетісуда шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұсталған топ мефедрон психотроп затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған. «Жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажет құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов. Ұстау кезінде олардан шамамен 6 келі мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда. «Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Қуандық Әлжанов.

Толық оқу

Бүгін Қонаевтағы туристік-спорттық ойын-сауық кешені ASP Arena-да қысқы дрифт шоу өтіп жатыр. Шара 16 қаңтар күні басталған. Бүгін ақтық мәре өтуде. Шараны тамашалауға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те келді. Дрифт шоу үшін ауданы 20 600 шаршы метрді құрайтын Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылды. Көлік жарысына әлемнің түкпір-түкпірінен жүргізушілер жиналған. Көрермен үшін мейрамхана жұмыс істеп тұр және тегін ыстық шай, кофе ұйымдастырылған. Сыйлық қоры жекелей қатысушыларға 1000 АҚШ доллары мен командалық есепте 2000 АҚШ долларын құрап отыр. Дрифт шоудан кейін AFTERPARTY өтеді. Оның хедлайнері – Нигатив және V$XV PRiNCE. Сондай-ақ бүгін Қонаев қаласының әкімдігі білім, спорт және әлеуметтік…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үздік шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырды. Бұл бастама отандық университеттердің ғылыми және академиялық әлеуетін нығайтуға, озық әлемдік тәжірибені енгізуге және еліміздің білім беру жүйесін трансформациялауға бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда 34 шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасалған. Елімізде 23 серіктес университет бар, онда мыңдаған студенттер педагогика, инженерия және жасанды интеллект сияқты 34 мамандық бойынша білім алуда. Табысты халықаралық ынтымақтастықтың жарқын мысалдарының бірімен Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бөлісті. 2023 жылдың мамыр айында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің (WSG University…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында. Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Толық оқу

18 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толады. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара 2005 жылы делимитацияланды, яғни картада шекара сызығы нақты анықталып, екі тарап келісімге қол қойды. Бұл келісім 2006 жылдың қаңтарында күшіне енді. Бұл тарихи құжатқа қол қою шекараны межелеу кезеңінің аяқталуын және тұрақты, тату көршілік қатынастарға көшуді білдіретін маңызды оқиға болды. Және де бұл құжат посткеңестік кеңістіктегі аумақтық тұтастық пен достық ынтымақтастық мәселелерін бейбіт және сындарлы шешудің үлгісін көрсетті. Мемлекеттік шекара мәселесі кез келген тәуелсіз мемлекет үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Нақты белгіленген және халықаралық деңгейде танылған шекаралар – бұл…

Толық оқу

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осыған орай, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен 40 жыл шопан болып еңбек еткен батысқазақстандық Сәрсенова Бақытжамал Қабдоллақызын 95 жас мерейтойымен БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. 1930 жылы 14 қаңтарда Ресейдің Ростов облысында дүниеге келген Бақытжамал Қабдоллақызы жастайынан еңбекке араласты. 1946 жылы Сәрсеновтер отбасы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Қаракөл Шоңғай ауылына қоныс аударып, ауыр кезеңдерде елеулі еңбек етті. Кейіннен Астрахань облысы Ахтуба ауданының Қызыл үй ауылына көшіп, 1948 жылы Науша Сәрсеновке тұрмысқа шықты. 1957 жылы Бисен совхозы құрылған соң, Бақытжамал Қабдоллақызы шопандық қызметке кірісіп,…

Толық оқу

Жетісу облысында 18 жастағы мерзімді әскери қызметкер қаза тапты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Марқұмның туыстары Tengrinews.kz редакциясына жүгініп, жағдайды анықтауды сұрады. «14 қаңтарда әскерде менің туысым, 18 жастағы Құрманбек Дастан Маратұлы қаза тапты. Өзі атылып қалды дейді… Қалай өз-өзін атады?», – делінген хабарламада. Хабарламаға жігіттің өлімі туралы куәлік қоса берілген. Қайғылы оқиға Қорғаныс министрлігінің 12740 әскери бөлімінде болғаны атап өтілді. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан өмірге қауіпті жарақат алып, қаза тапқан. «Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен…

Толық оқу

ІІМ бопсалаушылардың қылмыстық топтарын қолға түсірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қаңтарда Павлодарда жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан. Петропавлда да үш адамнан тұратын топ ұсталды. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған. Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілер ұстадды. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау деректері бойынша жүргізіліп жатыр. «Былтыр полиция 500-ден аса бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбіне қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай дерек  Алматы қаласында анықталған. Онда…

Толық оқу

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берді. Антикор қызметінің биылғы жоспары, соның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттерін таныстырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Былтыр 1641 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, жүйелі түрде жемқорлық жасаудың 68 дерегі анықталған. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, сонымен қатар екі топқа үкім шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. 914 адам сотталған. Агенттік 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы сомасы 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Былтыр сомасы 486,5…

Толық оқу