Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қызметінен босатылды. Аталған лауызымға Бесқарағай ауданын басқарған Талғат Мұратов тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Buzyq дерккөзі экс-әкімнің қызметінен босатылуына Семейде болған жағдай себеп болуы мүмкін екенін алға тартады. “Бұл шешім педагогтарды орталық алаңдағы шыршаны безендіру жұмыстарына заңсыз тартуымен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін осы себеппен қалалық білім бөлімінің басшысы да қызметінен кеткен болатын”, — деді дереккөз. Алайда Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарып, Нұрбол Төлегенұлының қызметтен кетуі шырша немесе жарақат алған мұғалім оқиғасымен еш байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Олар бұл жағдайдың тек сәйкестік екенін және әкімнің жұмыстан өз еркімен, қызмет ауыстыруына байланысты кеткенін атап өтті.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы әкімдігінің билікті сынайтындарды анықтау үшін бюджет қаражатын жұмсап, арнайы зерттеу жүргізетіні анықталды. Жыл басында қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік сатып алу арқылы интернет кеңістігіне бақылау жүргізу қызметіне тапсырыс берген: әкімдік ақпарат құралдары мен блогерлер қала билігі мен қала басшысы Ерболат Досаевтың жұмысын қалай бағалағысы келгенін білгісі келген. Бұл жөнінде «Настоящее время» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Тендерді «Alem Research» компаниясы жеңіп алған. Ол 10 мың доллар қаражатқа әлеуметтік желіде Алматы әкімінің аты аталған жазбаларды қадағалаған. Компания әкімдікті сынағандардың аты-жөнін де анықтаған. Зерттеушілердің мәліметінше, жергілікті билікке қатысты көп пікір және материал шілдеде тіркелген: ол кезде Алматы әкімінің аты 12 мың…
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды. Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет сағатында Air Astana компаниясына қатысты бар былықты жайып салды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттардың алдында алғаш рет төбе көрсеткен Питер Фостер мұндай ескерту аламын деп ойламаған сыңайлы. «Біздің депутаттардың бәрі мәселені көтеріп жатыр. Шынында да, Air Astana біздің аспанның Құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындаған кезде көтеріледі, арақашыққа байланысты деген бос әңгіме ғой. Билет жақындаған кезде көтерілмеу керек. Керісінше билет бағасы түсуі керек. Себебі ол билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Мына Air Astana-ны, лоукостердің мәселесін дұрыстап, майшаммен қарау керек. Фостер мырза, сіз деген шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттік заңына бағынуыңыз керек», -…
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Абзал Құспан көлік министрі Марат Қарабаевты әбден састырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Министр мырза, осы екі жылдың ішінде сіздің министрліктің алдында екі ғана мәселе көтерген екенмін. Екеуі де шешімін таппады. Шешімін таппағаны былай тұрсын, сіздің министрлік екі қол, екі аяғымен қарсылық көрсетіп, тіресіп тұрып, керісінше шешілмеудің барлық жағдайын жасадыңыздар. Біреуі Air Astana-ға қатысты, бұл мәселені көтермей-ақ қояйын. Air Astana-ның нарықтағы монополиялық жағдайы сіздің министрліктің деңгейінде шешілмейтін мәселе екеніне көзім жетті. Оған қатысты сұрақ қоймаймын», — деді депутат. Абзал Құспан Қазақстан теміржолына қатысты мәселені де көтеріп, министрге бұл мәселені бірнеше рет айтып отырғанын жеткізді. «Осы жерге бұрынғы…
Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Самат Нұртаза көлік министрінен қанша ескі ұшақ қолданыста екенін сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға 100-ге жуық авиаборт жұмылдырылған деп айтып жатсыз. Әуе компанияларының сайттарын қарасақ, біраз ұшақтың жасы Тәуелсіздігімізбен бірдей, 30 жылдан асып кеткен. Әуе компаниялары заманауи ұшақтар алуы керек, санын көбейту керек деп көп айтамыз. Бірақ билеттің бағасы ғана көтеріле береді. Осыған байланысты 102 борттың қайсының 25 жыл мерзімі өтіп кеткен?»- деп сұрады ол. Көлік министрі Марат Қарабаев 102 ұшақтың бесеуінің мерзімі 25 жылдан көп екенін айтты. Шенеуніктің сөзінше, бұлар — «Южное небо» әуе компаниясына тиесілі ескі АН-24 ұшақтары. «Біз неге оны ұстап…
Депутат Нұртай Сабильянов теміржол саласын сынап, Қазақстан бұл нарықта бәсекеге қабілетті бола алмай отырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сабильянов жылдамдықтың төмендігі, тозу дәрежесінің жоғары болуы және ұйымдастыру проблемалары бұған әсер етіп отырғанын айтты. Мәселен, 2014 — 2023 жылдар аралығында 928 жаңа жолаушы вагоны келсе, тозу себебіне байланысты 969 вагон қолданыстан шыққан (оның ішінде 2020 — 2023 жылдар аралығында 319 түскен болса, 412 бірлік қолданыстан шығарылған). «Теміржол желілері 54 %-ға, локомотивтер 61 %-ға, вагондар 56 %-ға жоғары дәрежеде тозғаны байқалады. Теміржол желілерінің ұзындығы 16 мың км астам болса, олардың жартысынан көбі жөндеуді қажет етеді», — деді ол. Сондай-ақ, депутат жолаушы…
Қоғам белсенділері Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп. Мәлімдемеге Қазақстанның әр өңірінен 78 адам қол қойған. Олардың барлығы Тоқаевтан Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен арнайы тергеу жүргізуді сұрайды. «Жәбірленушілерге қысым көрсетуді тоқтатыңыз және олардың қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенция бойынша міндеттемелерін, соның ішінде қорғау, өмір сүру және Шерзат ісінің әділ тергеу құқығын толықтай бақылауға алыңыз», — делінген хатта. Қайғылы оқиға 2 айдан астам уақыт бойы жәбірленушінің отбасына жүйелі қысым көрсетіп жатқаны айтылды. Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді. Полиция…
Семейде жаңа жылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және осы іс барысында мұғалімнің жарақат алуы — заңбұзушылықтың айқын көрінісі. «Педагогтарды кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту — «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін. Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін»,…
Астананың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңарды. Бұл жаңа автобустардың арқасында мүмкін болды. Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам автобус шықты. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қоғамдық көлік пен жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын арттыру, жайлылық пен қолжетімділікті жақсарту арқылы қоғамдық көлікті пайдалану үлесін арттыру. Биыл жалпы ұзындығы 60 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көпірдің құрылысы аяқталды, бұл Мәңгілік Ел даңғылындағы көлік ағынының азаюына әсер етті, сол сияқты…










