Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың аман қалған жолаушыларының бірі — Қырғызстан азаматы, — деп жазады Ertenмedia.kz. 24.kz телеарнасының мәліметі бойынша ер адамның аты — Эрлан Жүнісәлиев. Ол ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Дегенмен жолаушылар ұшақ қай жерге құлағанын білмеген. «Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбеді», — деді қырғызстандық. Оның айтуынша, ұшақ аударылып кеткен, сондықтан жолаушылар шалқасынан жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алған. «Бізді шығарғаннан кейін «кімсіздер?» деп сұрадық. «Қазақпыз» дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық», — деді ер адам. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден…
Автор: Асылхан Бөрібай
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында Jeju Air жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Кейінгі дерек бойынша қаза тапқандар саны 122 адамға дейін өсті. Ұшақ апатынан құрбан болғандар саны күрт өсуі мүмкін. Әзірге екі адам құтқарылғаны хабарланды: бір экипаж мүшесі және бір жолаушы. Құтқарылған екі адамнан басқалары қаза тапқан болуы мүмкін. Айта кетейік, Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында ұшпай, Муан халықаралық әуежайына қонған кезде қоршауға соғылған. Әуе апаты таңғы 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) болды. Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың көпшілігі…
Бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметтеріне сүйенсек, Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Yonhap агенттігі ресми органдар айтқан ақпаратты келтірді. «Билік: Муанда ұшақ апатқа ұшыраған кезде құспен соқтығысу шассидің істен шығуына себеп болуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада. Ұшақтың шассиі — ұшақтың жер бетінде қозғалуына, қонуы мен ұшуына арналған құрал. Айта кетейік, Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында ұшпай, Муан халықаралық әуежайына қонған кезде қоршауға соғылған. Әуе апаты таңғы 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) болды. Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде…
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатында қазақстандықтар болды ма? Сыртқы істер министрлігі өкілі ресми ақпарат берді, деп жазады Ertenmedia.kz. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, алдын ала мәліметтер бойынша ұшақ бортында қазақстандықтар болған жоқ. «Жергілікті биліктің алдын ала деректері бойынша Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында ұшпай, Муан халықаралық әуежайына қонған кезде қоршауға соғылған. Әуе апаты таңғы 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) болды. Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың көпшілігі Корея азаматтары болды. Таиландтың екі…
Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында Jeju Air жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 85 адамға дейін жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. БАҚ мәліметінше, ұшақ апатынан 85 адам қаза тапқан және жақын арада құрбан болғандар саны күрт өсуі мүмкін. Әзірге екі адам құтқарылғаны хабарланды, бір экипаж мүшесі және бір жолаушы. Құтқарылған екі адамнан басқа ұшақта болған барлық адам қайтыс болды деген нұсқа да жоққа шығарылмайды. Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың көпшілігі Корея азаматтары болды. Таиландтың екі азаматы бар. Жергілікті телеарналар көрсеткен видеода ұшақ босатылған шассисіз қонуға тырысып жатқанын көруге…
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Іс-шараға іргелі білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, түлектері және университетпен серіктестік орнатқан шетелдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Ерлан Қарин жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Хатта Мемлекет басшысы университеттің мерейлі белесі ұлттық ғылым және тұтас білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға екенін атап өткен. ҚазҰУ – еліміздегі алғашқы университеттердің бірі. Қазіргі таңда білім ордасы халықаралық рейтингтерге сәйкес Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында көш бастап тұр, ал оның түлектері еліміздің өркендеуіне елеулі үлес…
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы аймақтағы 2024 жылға арналған инвестиция туралы есебін жариялады. Есепке сәйкес, Қазақстан жаңа жобаларға 15,7 млрд доллар тартып, Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға инвестицияның өсімі 2023 жылмен салыстырғанда 88 пайызды құрады. Облысқа тартылған барлық инвестицияның 63 пайызы біздің елге тиесілі. Одан кейінгі орындарда келесі мемлекеттер орналасты: Өзбекстан – $4 млрд (-49%) Қырғызстан – $2,1 млрд (+310%) Әзірбайжан – $1,2 млрд (+1%) Түркіменстан – $339 млн Грузия – $126 млн Армения – $67 млн Баяндамада аймақтың инвестициялық ахуалы халықаралық…
25 желтоқсанда Ақтауда Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Тосын жайт 38 адамның өмірін жалмады. Ішінде қазақстандықтар да бар. ErtenMedia.kz қайғылы апатқа байланысты авиациялық сарапшы Абыл Кекілбаевтың пікірін сұрады. «Апатқа ұшыраған Embraer — заманауи ұшақ» Сарапшының сөзінше, апатқа ұшыраған Embraer моделі — заманауи ұшақтардың бірі, қолданыста болғанына 20 жылдай уақыт болған. «Бұл модель бүгінгі талапқа сай келетін ұшақтардың бірі саналады. Осы типтегі ұшақ апатынан адамдардың өмірі үзілген үш оқиға болған. Біреуінде адами фактор болған, біреуінде техникалық ақаулар шыққан, үшіншісі — осы апат. Бүгінгі кезге дейін бұл типтегі ұшақтар ұшу қауіпсіздігі жөнінен жоғары бағаланды. Әлемдегі көп авиакомпанияда 100-120 жолаушы тасымалдайтын бағыттарда пайдаланылды. Бұл -…
Росавиация Актау қаласында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағы туралы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Росавиация басшысы Дмитрий Ядров Актау маңында апатқа ұшыраған ұшақ «Ковер» режиміне байланысты жоспарланғандай Грозныйға қона алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Грозный әуежайында қалың тұман болғанын айтты. «500 метр биіктікте ештеңе көрінбеген. Ұшақ командирі Грозныйға қонуға екі рет әрекет жасады, бірақ олар сәтсіз аяқталды», – деді Росация басшысы. Оның айтуынша, бұдан кейін «ұшақ командиріне басқа әуежайларға қону ұсынылды, алайда ол Ақтауға бет алуды жөн көрген». Дмитрий Ядров Қазақстан мен Әзербайжанға ұшақ апатын тергеуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға…
«ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 26 желтоқсанда Қордай аудандық сотының шешімімен «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаев, «ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбанов және «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталды. «Олар қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада. Жымқыру орындалмаған жұмыстар актілеріне қол қою, сол жұмыс түрлеріне екі есе ақы төлеу, жабдықтың құнын асыра бағалау және заттарды аз жеткізу жолымен жасалған. Тультаев пен Құрбановқа тиісінше 10 жыл мерзімге…









