Автор: Асылхан Бөрібай

Алматылық жүргізушілерге жол ережесіне қатысты екі ай бұрынғы айыппұлдар келе бастаған. Себебі «Сергек» камералары жүргізушілердің екі ай бұрынғы жол ережесіне қатысты заңбұзушылықтарын тіркеген. Қалалық полиция департаменті бұл жағдайдың себебін түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Ведомствоның мәліметінше, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс нормаларына сәйкес, құқықбұзушылық жасалған күннен бастап әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі — екі ай. «Егер жүргізуші екі ай ішінде айыппұл туралы тиісті түрде хабардар етілсе және айыппұл төлеу қажет екені туралы талап қойылса, бұл талап міндетті түрде орындалуға тиіс», — деп түсіндірді ведомство өкілдері. Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы жолдарында автоматты түрде 3,8 миллион жол ережесін бұзу оқиғасы…

Толық оқу

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова күйеуінің өліміне қатысты шындық ашыларына сенетінін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй — Мерейдің үйі. Қызым екеуміз барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін», — деді әнші Massaget.kz-ке берген сұхбатында. Айта кетейік, 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды. Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне…

Толық оқу
Депутат Бақытжан Базарбек жер дауы

Депутат Бақытжан Базарбек Алматы маңындағы жерлер сот шешімімен мемлекетке қайтарылғанымен, әлі де іс жүзінде қайтпай жатқанын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, қоғамда үлкен шу туғызған жер телімдерінің бірі генерал Павел Новиковқа тиесілі. Ол бұл мәселенің түп-төркініне тоқталып, жердің қайтарылу процесі туралы пікірін білдірді. «Көпшілік бізге: «Генерал Новиков сияқты ықпалды адамдардың жерін қайтара алмайсыңдар» деп сенімсіздік білдірген еді. Жақында Алматының экономикалық соты прокуратураның шағымы бойынша Қарасай ауданы әкімдігінің 2004 жылы шығарған қаулысының күшін жойды. Бұл құжат арқылы кезінде Іле-Алатаудың ең көрікті, сулы, орманды аумағынан жер телімдері заңсыз түрде жекеменшікке өтіп кеткен. Осыған қатысты прокуратураға менің депутаттық сауалым жолданған еді. Қазір…

Толық оқу
Шарзат Болат

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді марқұм Шерзаттың отбасын қорғап, әділдікке қол жеткізу үшін командаға тағы екі заңгер қосылғанын жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. “Құрметті достар, жақсы жаңалығымызды айта кетейік! Қылмыстық істердің санын ескере отырып, бүгіннен бастап Болаттар отбасын қорғау тобына Алматы қалалық адвокаттар алқасының екі тәжірибелі заңгері – Абдраимов Асылбек Ғабиденұлы мен Адаев Ерлан Амантайұлы қосылады”, — деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, командада бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан заңгерлер де жұмысын тоқтатпайды. “Саида, Карина және Марал өз бағыттары бойынша жұмысын жалғастыра береді. Алайда істің ауқымы өте үлкен болғандықтан, Асылбек пен Ерлан команданы күшейтіп, қыздармен бірге әділдікке қол жеткізу үшін жұмыс істейтін…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов ChatGPT болашақта қандай қауіпке әкеп соғуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бүгінде ChatGPT танымал болып келеді, ол мектеп бағдарламасын, жаттығуларды шешуге, романдардың қысқаша мазмұнын жазып беруге қауқарлы. Бұл тәсіл сыни тұрғыдан ойлау қабілетін төмендетеді, алған білімге теріс әсер етеді, салдарынан маңызды шешімдерді өз бетінше қабылдау қиындайды. Бұл қарқынмен еліміз зияткерлік әлеуетін жоғалтады. Тез әрекет ете алмайтын, өмірдегі күрделі міндеттерді шеше алмайтын ұрпақ тәрбиелейміз», — деді депутат. Магеррамовтың сөзінше, жуырда Еуропалық Парламент жасанды интеллектті пайдалануды шектейтін заң қабылдаған. Аустралия мен АҚШ-тың кейбір штаттарында да әлеуметтік желіні пайдалануда жас шектеулерін қарастыратын заңдар қабылданған. Депутат Қазақстан да шұғыл…

Толық оқу
Сайран автобекеті

Алматы әкімдігі Сайран автовокзалын коммуналдық меншікке қайтару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Журналистердің Сайран автовокзалы аумағын қайта құру және абаттандыру жоспарына қатысты сұрағына әкім жауап берді. Ол нысан 2000-жылдардың ортасында жекеменшікке берілгенін еске салды. 2018-2019 жылдары меншік иесі ғимаратқа базалық жөндеу жұмыстарын жүргізген. – Бұл нысан қала үшін маңызды көлік хабы саналады. Алматының Бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, автовокзал қоғамдық-іскерлік және көліктік қызмет көрсету аймағында орналасқан. Сондықтан жолаушылардың қолайлы ауысып отыруы үшін өте маңызды, – деді қала басшысы Ерболат Досаев. Осыған байланысты Алматы әкімдігі автовокзал иелерімен қосымша реконструкция жүргізу…

Толық оқу
Нартай Аралбайұлы

Депутат Нартай Аралбайұлы құмар ойындардың жарнамасына қатысты біраз әкімдікті сынады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың сөзінше, мемлекеттік органдардың жұмысында кемшілік көп. Өйткені қолданыстағы заңда көшеде, қоғамдық көлікте, билбордта құмар ойынға қатысты жарнама болмауы керек деген норма бар. «Әкімдіктер осы заң талабын орындауға асығар емес. Уәкілетті органның дерегіне сүйенсек, ШҚО әкімдігі заң күшіне 9 қыркүйекте енгеніне қарамастан, құмар ойынның жарнамасы жазылған билбордтарды қарашада ғана демонтаждаған. Ал Алматы мен Шымкент қалаларының, Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының әкімдіктері құмар ойынды жарнамалаған нақты неше сыртқы жарнаманың көзі жойылғаны туралы ақпаратты құзырлы органға әлі бермей отыр», — деді депутат. Депутаттың айтуынша, кейбір әкімдіктер «өңірімізде букмекерлік…

Толық оқу
Қазақмыс

17 желтоқсанда Ұлытау облысында «Қазақмыс корпорациясының» («Жезқазғантүстімет») филиалы — «Оңтүстік Қазақстан» кенішінің № 65 шахтасында ереуіл болды. 250-ден астам кенші жер астына түсуден бас тартты. Олар жалақыларын көтеру және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті. Бүгін, 18 желтоқсанда компанияның баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады Ertenмedia.kz. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «2024 жылғы 17 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрамына кіретін Оңтүстік Жезқазған кеніші мен Жыланды кенішінің қызметкерлері ұжымдық талаптар білдірген. Оңтүстік Жезқазған кенішінде жұмысшылар жалақыны екі есеге арттыру және т. б. мәселелерін атап өтті. Қызметкерлермен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында олар «Жезқазғанцветмет» ӨБ-дағы ең төменгі жалақы 363 000 теңгені (МЖМБ үй-жайларын жинаушы), медианалық жалақы 650 000 теңгені, ал Ұлытау облысы бойынша медианалық жалақы 404 105 теңгені, ал жалпы Қазақстан…

Толық оқу
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Түркістандағы Яссауи кесенесінің жанына түнгі клуб салмақ болған кәсіпкерлерді сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, былтыр Алматы немесе Астанадан келген бір кәсіпкер қасиетті кесенеге жақын жерден көңіл көтеру орнын ашуды жоспарлаған. Алайда бұл бастамаға жергілікті халық пен ақсақалдар бірден қарсы шығып, түнгі клубтың ашылуына жол бермеген. – 2023 жылы Түркістанда бір оқиға болды. Сол кезде алматылық па, әлде астаналық па, әйтеуір бір кәсіпкер дәл осы Яссауи кесенесінің түбінен түнгі клуб ашпақшы болған. Жергілікті ақсақалдар қарсылық танытып, бұл әрекет тоқтатылды. Егер сол клуб ашылып, адамдар арақ ішіп, таңға дейін даңғаза музыка қосылып, түрлі әдепсіздіктерге жол берілсе,…

Толық оқу
Абзал Құспан

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан Шерзат Болаттың ісіне қатысты мән-жайды айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат соңғы күндері Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жатқанын, сондықтан депутат, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақпен бірге Алматы облысына арнайы барғанын мәлімдеді. «Істің барысын зерделеу мақсатында Алматы облысы прокуроры Берік Абызбайұлымен, Облыстың Полиция департаментінің басшысы Мейрам Жұмкенұлымен жолықтық. Мен, заңгер ретінде, бұл ауыр жағдайларды құқықтық тұрғыда қарастырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін», — деп ескертті депутат. Абзал Құспанның сөзінше, прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, қасақана кісі өлтіру күдігімен…

Толық оқу