Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттың айтуынша, қайырымдылық жасау, волонтерлік — қазақтың өзінің тарихындағы, ДНҚ-мыздағы жақсы құндылық. «Кейбір азаматтар «оның барлығын бір ғана платформаға ауыстырамыз ба?» дейді. Менің ойымша, бұл ешқандай нәтиже бермейді. Реттеу керек пе деген сұраққа жауап берсек, реттеу керек. Бірақ шектеу емес. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет. Тек мемлекеттік бір платформа болсын, сол платформа арқылы жүзеге ассын деген нәтиже бермейтін сияқты. Қайырымдылықты қалай қолдаймыз дегенде екі-ақ қана мәселе керек: ашықтық, сенім. Егер сен сенсең, білсең, есебі болса, онда қайырымдылық жасайсың. Басты мәселе — ашықтық пен сенімділікті арттыру. Ол үшін…

Толық оқу
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қоры және Перизат Қайрат

Депутат Берік Бейсенғалиев атышулы «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының құрылтайшылары арасында өзінің партияластары барынан бейхабар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутатқа журналистер: «Қор құрылтайшылары қатарында Amanat партиясының мүшелері бар екені анықталды. Осыған қатысты партия ішінде тергеу жүргізіле ме?» – деп сұрақ қойған еді. «Шынымды айтсам, қор құрылтайшылары арасында Amanat депутаттары бар екенінен хабарсызбын. Мен тек жауапқа тартылған әйел туралы ғана білемін. Партия депутаттары құрылтайшы болған деген ақпарат маған беймәлім», – деп жауап берді Бейсенғалиев. Ал партия ішінде тексеріс бастала ма деген сауалға депутат қысқа ғана «білмеймін» деп жауап қайырды. Еске сала кетсек, бұған дейін Biz Birgemiz Qazaqstan қорының өкілі Перизат…

Толық оқу

Елордадағы өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстарын атады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жобасы Қазақстан аумағы бойынша іске асырылып жатыр. Соның аясында кезекке тұрудан бастап, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейінгі барлық процедура толық қайта қаралуда. – Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстары: Біріншіден, ваучер алған ата-аналар тізімге енгізілген кез келген балабақшаға орын алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшаларға келушілерді тарту және ұстап тұру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсартуға күшті ынталандыру жасайды. Нәтижесінде біз…

Толық оқу

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қызметінен босатылды. Аталған лауызымға Бесқарағай ауданын басқарған Талғат Мұратов тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Buzyq дерккөзі экс-әкімнің қызметінен босатылуына Семейде болған жағдай себеп болуы мүмкін екенін алға тартады.  “Бұл шешім педагогтарды орталық алаңдағы шыршаны безендіру жұмыстарына заңсыз тартуымен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін осы себеппен қалалық білім бөлімінің басшысы да қызметінен кеткен болатын”, — деді дереккөз. Алайда Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарып, Нұрбол Төлегенұлының қызметтен кетуі шырша немесе жарақат алған мұғалім оқиғасымен еш байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Олар бұл жағдайдың тек сәйкестік екенін және әкімнің жұмыстан өз еркімен, қызмет ауыстыруына байланысты кеткенін атап өтті.…

Толық оқу

Алматы әкімдігінің билікті сынайтындарды анықтау үшін бюджет қаражатын жұмсап, арнайы зерттеу жүргізетіні анықталды. Жыл басында қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік сатып алу арқылы интернет кеңістігіне бақылау жүргізу қызметіне тапсырыс берген: әкімдік ақпарат құралдары мен блогерлер қала билігі мен қала басшысы Ерболат Досаевтың жұмысын қалай бағалағысы келгенін білгісі келген. Бұл жөнінде «Настоящее время» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп. Тендерді «Alem Research» компаниясы жеңіп алған. Ол 10 мың доллар қаражатқа әлеуметтік желіде Алматы әкімінің аты аталған жазбаларды қадағалаған. Компания әкімдікті сынағандардың аты-жөнін де анықтаған. Зерттеушілердің мәліметінше, жергілікті билікке қатысты көп пікір және материал шілдеде тіркелген: ол кезде Алматы әкімінің аты 12 мың…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды. Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Толық оқу
Фостер

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет сағатында Air Astana компаниясына қатысты бар былықты жайып салды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Депутаттардың алдында алғаш рет төбе көрсеткен Питер Фостер мұндай ескерту аламын деп ойламаған сыңайлы. «Біздің депутаттардың бәрі мәселені көтеріп жатыр. Шынында да, Air Astana біздің аспанның Құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындаған кезде көтеріледі, арақашыққа байланысты деген бос әңгіме ғой. Билет жақындаған кезде көтерілмеу керек. Керісінше билет бағасы түсуі керек. Себебі ол билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Мына Air Astana-ны, лоукостердің мәселесін дұрыстап, майшаммен қарау керек. Фостер мырза, сіз деген шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттік заңына бағынуыңыз керек», -…

Толық оқу

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Абзал Құспан көлік министрі Марат Қарабаевты әбден састырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Министр мырза, осы екі жылдың ішінде сіздің министрліктің алдында екі ғана мәселе көтерген екенмін. Екеуі де шешімін таппады. Шешімін таппағаны былай тұрсын, сіздің министрлік екі қол, екі аяғымен қарсылық көрсетіп, тіресіп тұрып, керісінше шешілмеудің барлық жағдайын жасадыңыздар. Біреуі Air Astana-ға қатысты, бұл мәселені көтермей-ақ қояйын. Air Astana-ның нарықтағы монополиялық жағдайы сіздің министрліктің деңгейінде шешілмейтін мәселе екеніне көзім жетті. Оған қатысты сұрақ қоймаймын», — деді депутат. Абзал Құспан Қазақстан теміржолына қатысты мәселені де көтеріп, министрге бұл мәселені бірнеше рет айтып отырғанын жеткізді. «Осы жерге бұрынғы…

Толық оқу

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Самат Нұртаза көлік министрінен қанша ескі ұшақ қолданыста екенін сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға 100-ге жуық авиаборт жұмылдырылған деп айтып жатсыз. Әуе компанияларының сайттарын қарасақ, біраз ұшақтың жасы Тәуелсіздігімізбен бірдей, 30 жылдан асып кеткен. Әуе компаниялары заманауи ұшақтар алуы керек, санын көбейту керек деп көп айтамыз. Бірақ билеттің бағасы ғана көтеріле береді. Осыған байланысты 102 борттың қайсының 25 жыл мерзімі өтіп кеткен?»- деп сұрады ол. Көлік министрі Марат Қарабаев 102 ұшақтың бесеуінің мерзімі 25 жылдан көп екенін айтты. Шенеуніктің сөзінше, бұлар — «Южное небо» әуе компаниясына тиесілі ескі АН-24 ұшақтары. «Біз неге оны ұстап…

Толық оқу

Депутат Нұртай Сабильянов теміржол саласын сынап, Қазақстан бұл нарықта бәсекеге қабілетті бола алмай отырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сабильянов жылдамдықтың төмендігі, тозу дәрежесінің жоғары болуы және ұйымдастыру проблемалары бұған әсер етіп отырғанын айтты. Мәселен, 2014 — 2023 жылдар аралығында 928 жаңа жолаушы вагоны келсе, тозу себебіне байланысты 969 вагон қолданыстан шыққан (оның ішінде 2020 — 2023 жылдар аралығында 319 түскен болса, 412 бірлік қолданыстан шығарылған). «Теміржол желілері 54 %-ға, локомотивтер 61 %-ға, вагондар 56 %-ға жоғары дәрежеде тозғаны байқалады. Теміржол желілерінің ұзындығы 16 мың км астам болса, олардың жартысынан көбі жөндеуді қажет етеді», — деді ол. Сондай-ақ, депутат жолаушы…

Толық оқу