Автор: Асылхан Бөрібай

Кеше ғана елден кетіп, Ресейде жасырынғалы алғаш рет мәлімдеме жасаған Сирия президентінің пана тапқан жеріне 250 миллион доллар тасып алғаны белгілі болды. Онда да бұл оның билікте отырған кезі — 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың қыркүйегі аралығында болған. Қомақты қаражат Сирияның орталық банкінен алынып, бүгіндері санкцияға ұшыраған ресейлік қос банктің шоттарында жатқан көрінеді. Financial Times басылымының бұл реттегі зерттеуін ErtenMedia.kz өз назарларыңызға ұсынады. Financial Times мәліметінше, 250 млн долларды Ресейге тасу үшін Асад Мәкеуге 21 рейс жасапты. Басылым соның ішінде екі рейске қатысты толық мәлімет ұсынады. Бірінде, яғни 2019 жылдың ақпанында Сирияның орталық банкі Мәскеуге шамамен 20 миллион евро, ал сол жылдың…

Толық оқу
күйзелістен құтылу

Бүкіл әлемде психикалық денсаулық нашарлай бастағаны байқалған. Бұл туралы ұлыбританиялық Financial Times газеті жазды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Психологиялық пандемия бүкіл әлемдегі еңбекке қабілетті жастағы адамдарды шарпып отыр. Жаһандық психикалық дағдарысты тудыратын факторлар қатарына өмір сүру құнынан бастап әлеуметтік желілерді кеңінен қолдану жатады», — делінген басылымда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне сілтеме жасаған басылым мәліметінше, коронавирустың әсерінен де психикалық денсаулық нашарлай түсті. «Біз пандемияға дейінгі деңгейге әлі оралған жоқпыз», — дейді ДДСҰ-ның психикалық денсаулық маманы Дэн Чисхолма.  ДДСҰ мен Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша адамдар жыл сайын күйзеліс пен мазасыздыққа байланысты шамамен 12 миллиард жұмыс күнін жоғалтады. Ал әлемдік экономикаға…

Толық оқу
Шерзат Болаттың әпкесі

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова 15 тәулікке қамалып, Қазақстаннан депортациялануы мүмкін деген сот шешімі шықты. Алайда оның адвокаты бұл шешімнің заңсыз екенін айтып, шағым түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, қазір Бақыт Реимова Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында отыр. «Біз Бақытпен кездесіп, апелляциялық шағым дайындадық. Оған Әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша, яғни шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты айып тағылған. Сот оны Қазақстаннан депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда біз сот шешімімен келіспейміз. Өйткені, қаулыда бірқатар заңбұзушылықтар анық байқалады. Реимоваға «заңсыз митинг ұйымдастыруға шақырды» деген айып тағылғанымен, іс материалдарында оның ұйымдастырушы болғаны дәлелденбеген», – дейді адвокат. Шекеевтің пікірінше, сот…

Толық оқу
Ерболат Досаев

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес,  Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер  мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті. Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Әнұранын орындауымен аяқталды.

Толық оқу

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің өткен жылдағы елеулі экономикалық табыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Облыс әкімінің айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмасын орындау басты міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың 11 айында облыс қысқа мерзімді экономикалық көрсеткішке 109,1% қол жеткізді, бұл негізгі салаларды дамытудың тұрақты серпінін көрсетеді. Марат Сұлтанғазиев өңірде өнеркәсіп өндірісі 6,9 пайызға артқанын, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,7 пайызға асып түсетінін атап өтті.  Бұл облыстың республика бойынша бесінші орын алуына мүмкіндік берді.  Басқа салаларда да айтарлықтай өсім байқалады: сауда – 13,2%-ға, құрылыс – 20,6%-ға, көлік қызметі…

Толық оқу

Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Халықаралық стандарттарға бейілділігін растап, қоғамдық маңызды міндеттерді шешуде волонтерлердің рөлін нығайтты, – деп хабарлайды  Ertenmedia.kz. Бүгінгі таңда елімізде 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ, 275 мың белсенді волонтер, оның ішінде 3,5 мың «Күміс» волонтер белсенді жұмыс істейді. Азаматтардың волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуы және мемлекет тарапынан бұл үшін жағдай жасауы елдегі волонтерліктің дамуына ықпал етті. Үкімет Қазақстан Республикасының 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың жаңа Жол картасын бекітті. Оны іске асыруда әлеуметтік және медициналық волонтерлік, экологиялық және ЗОО волонтерлік, білім беру және медиа саласындағы волонтерлік, төтенше жағдайлар салдарын жою саласындағы волонтерлік…

Толық оқу

Апелляциялық сот Шерзаттың әкесіне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттары шағым түсіріп, жеңілдететін факторларды ескеруді сұраған. «Нұрымов Қ. — кәмелетке толмаған 4 баланың әкесі, отбасының жалғыз асыраушысы, үйде қарт ата-анасы, жұбайы, кәмелетке толмаған балалары қалды», — деп жазылған адвокаттардың шағымында. Олар сот шешімінің күшін жоюды талап етті. Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Көп ұзамай, яғни 9 желтоқсанда марқұм Шерзат…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев марқұм Шерзат Болаттың отбасына өрттен кейін неге жаңа баспана берілмегені туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әкім отбасына бірден көмек көрсетілгенін айтты. «Үйге келер болсақ. Біз өз көмегімізді ұсындық. Үй салуға көмектескісі келетін қайырымды жандар бар. Үй иелерінің рұқсаты керек. Сондай-ақ қысқы кезеңде құрылысқа қатысты жоспарлау құжаттарын келісу туралы ұсыныс жасадық. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, біз оларға ұсыныс жасадық, бірақ олар сол ауылда ата-анасының үйінде тұруды жөн көрді», — деді Сұлтанғазиев. Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтен өз еркімен кеткенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. ОКҚ брифингінде журналистер облыс әкімінен Аслан Қасымбаевтың отставкаға кету себептерін сұрады. Әкімнің сөзінше, Қасымбаев өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. «Ол берілген өтініш негізінде жұмыстан шығарылды», — деп жауап берді Сұлтанғазиев. Айта кетейік, 15 қазанда Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Еске салайық, 4 қазанда түнде Талғарда 16 жастағы жасөспірім өлтірілді. Қайғылы оқиға болған күні Шерзат Болат дүкенде жұмыс істейтін әкесіне көмектескен. Кәмелетке толмаған баланы…

Толық оқу
Назарбаев байланысы бар

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясы орнында не салынатынын айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудан тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысына бұрынғы резиденция орналасқан жерді игеру бойынша сұрақ қойылды. Әкімнің айтуынша, 225 гектар аумаққа 10 мың орындық стадион, мешіт, балалар алаңдары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін нысандар салу жоспарланып отыр. «Бұл аумақ қаланың бас жоспарына енгізілген, келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындау кезеңдері жүріп жатыр. Самал шағынауданында орналасқан жер учаскесі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын бұл аумақтың бағалау құны шамамен бір миллиард теңге болған», — деді өңір әкімі.

Толық оқу