Автор: Асылхан Бөрібай

Талғар Шерзат Болат

Талғардағы оқиғадан кейін Алматы облысының прокуратурасы үндеу жариялады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ведомство бейбіт жиналыстарды, митингтерді және пикеттерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңымен қатаң реттелетінін еске салды. «Тұрғындарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингтерге қатысуға шақырған үндеулерге ермеуге шақырамыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу — заңды өрескел бұзу және бұл ауыр зардаптарға әкеледі. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабы) қарастырылған. Заңсыз акцияларға қатысу әкімшілік қамауға алу, ірі айыппұл салу және қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», — делінген…

Толық оқу

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты. Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды. Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.…

Толық оқу

Депутат Ринат Зайытовтың Шерзат Болаттың отбасына қатысты оқиғаға пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Өтірік айтпайын, бұл оқиғадан хабарым жоқ. Мен қайдан білемін?! Бейхабармын. Әлеуметтік желіде киноның айналасында да шу болады. Біріншіден, бәрін қарап отыруға міндетті емес шығармын. Екіншіден, егер барлық осы оқиғаның айналасында жүрген журналистер, блогерлер шынымен қазақ қоғамындағы әділетсіздікті, қазақ қоғамындағы кемшіліктерді түзетуге ұмтылған тұлғалар болса, барлығына әділетті қарасын. Ондай оқиға жоқ десе, маған келіңіздер, қай жерде қандай оқиға болып жатқанын қолдарыңызға беремін. Мысалы, Семейде бір кісінің ұлын вахтада болған кезінде өлтіріп кетеді. Соған іс қозғамағанына бір жылдана асты. Бір-ақ кейс қана», — деді ол. Депутат ауылдарда, аудандарда оқушыларды…

Толық оқу

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Сайыров Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты сөзбен түйреп өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қазақстанда ішкі нарықты отандық құс етімен қамтамасыз ету үшін жыл сайын өте үлкен қаражат бөлінеді. Былтыр 32 құс етін өңдейтін кәсіпорын 22 млрд теңге субсидия алды. Ұлттық статистика бюроның ресми деректеріне сүйенсек, былтыр ішкі нарықта құс етінің импортының үлесі 34 пайыз болды. Бұл дегеніміз — ішкі нарықты әлі де отандық құс етімен қамтамасыз ете алмай отырмыз деген сөз. Қазақстанда өндірілетін құс еті орта есеппен ішкі нарықта көтерме бағада келісіне 1200 теңгеге сатылады. Бөлшек саудада келісі — 1400 теңге. Ал сол субсидияланған құс еті…

Толық оқу

Ескі Қазақстанның жарқын өкілі Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының басшысы қызметінен босатылды. Тиіс шешім Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының конференциясында қабылданды. Оның орнына бұл қызметке Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келетіні хабарланды. Айта кетейік, биыл ақпанда Ахметов Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі аясында көзге түсіп қалған еді. Деректерге сүйенсек, экс-шенеунік жеңіл атлетика федерациясының президенті ретінде барған. Шығыс Қазақстанды тапжылмай 9 жыл басқарған экс-әкім осылай спортты тізгіндеуге ойысқан еді. Тимур Құлыбаевтың орнына Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметіне Геннадий Головкин келгеннен кейін…

Толық оқу
Дарын Бұлқайыр

Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саран қаласының әкімі болып бұрын Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған Дарын Бұлқайыр тағайындалды. Жаңа қала басшысын қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Депутаттар кандидатураны мақұлдады. Саран басшысына қаланы дамытудың басым міндеттері белгіленді. «Дарын Бейбітұлы қала әкімі лауазымында оған дейін басталған жобаларды жалғастырып, аяқтайтынына және жаңаларын іске асыратынына сенімдімін, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасына және жалпы қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Дарын Бұлқайыр 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық…

Толық оқу

Алматыда ауқымды игі істер марафоны өз мәресіне жетті. Халықаралық еріктілер күніне орай ұйымдастырылған бұл шара Алматы қаласының еріктілер фронт-офисінің бастамасымен және Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Игі істер марафоны аясында 4-9 желтоқсан аралығында 20-дан астам шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерге қолдау көрсету, қарттар үйіндегі қайырымдылық концерт, экологиялық шеберлік сабақтары және білім беру мен әлеуметтік бастамалар бар. Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисының мәліметінше, Алматы – тек Қазақстанның экономикалық және мәдени орталығы ғана емес, сонымен қатар волонтерлік қызметтің алдыңғы шебінде тұрған қала. Бүгінгі таңда қалада 30-дан астам ірі еріктілер ұйымы…

Толық оқу

Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешім шығарған: «Азамат С.Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтығы жоқ адам ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарылған. Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат…

Толық оқу

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты сараптама қорытындысы шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ. Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән. Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастыруда. Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз…

Толық оқу

Талғарда жерлеу рәсімі кезінде тосын жағдай болған. Полиция мән-жайды түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Бүгін сағат 15: 30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды. Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елемей, өзін өте агрессивті ұстай бастады, суицид жасаймын деп қорқытты, сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н.-ның жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтінішімен оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ұсталды. Қазір ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істейді»,…

Толық оқу