Алматыда Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі премьерасы өтті деп жазады Ertenmedia.kz. Көрсетілімге елге танымал қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, Мәжіліс депутаттары, блогерлер, дубляж актерлері және журналистер жиналды. Кинотеатр фойесінде балалар мен ересектер кейіпкерлермен суретке түсіп, дубляж тобының өкілдерімен әңгімелесті. Фильм 27 қараша, бүгіннен бастап еліміздегі барлық ірі кинотеатрларда қазақ және орыс тілдерінде қатар көрсетіле бастайды. Disney үшін қазақ тіліне дубляж жасау соңғы жылдары тұрақты бағытқа айналып келеді. Компания әр фильмін шамамен қырық тілге аударады, соның қатарында қазақ тілі де бар. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен ірі студиялар әлемдік премьерамен қатар қазақша нұсқа ұсынуға көшті. 2024 жылы Disney «Ойжұмбақ…
Автор: Асылхан Бөрібай
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әділетті Қазақстанды құру жолында әрбір азаматтың адал болуы – қоғамның дамуындағы басты шарт екенін атап өткен болатын, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы орайда, бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Адал азамат – әділетті қоғам кепілі» атты жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті. Форумға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиын жас мемлекеттік қызметшілерге арналған өте әсерлі қойылыммен басталды. Форумға арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев сөз сөйлеп, адал қызмет пен жоғару жауапкершілік мемлекеттік басқару жүйесінің тетігі екенін атап өтті. Олар жастарды парасаттылық пен әділет қағидаттарын ұстануға…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр. Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. – Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық…
Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6 626 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 3 040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдері айтты. Биыл жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін негізде берілді. Жалпы сома – 72 млн теңге. Алматыда сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі құрылыс саласының өсу қарқыны мен тұрғын үй бағдарламалары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылыс секторы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Әкім әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылғанын айтты. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі. Кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда үй салынбағыны жасырын емес. Оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама…
Алматы облысы соңғы жылдары туризмді дамытуды нақты қолға алып отыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев негізгі көрсеткіштерді жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының географиясы, табиғи ресурстары, тау мен су аймақтарының жақын орналасуы өңірге қосымша мүмкіндік беріп тұр. Соның нәтижесінде биыл облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл өткен жылғы 1,6 миллионмен салыстырғанда 36 пайызға көп деген сөз. Демек, атқарылған жұмыс туристер легіне тікелей әсер етіп жатыр. Қонаев қаласы үшін Қапшағай су қоймасы негізгі демалыс орталығына айналып келеді. Әсіресе жазғы маусымда бұл жерге келгендердің саны айтарлықтай өскен. 2025 жылғы жазда акватория мен жағажайларға шамамен 2 миллион…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын қорытындылап, назарды Қонаев пен Алатау қалаларына аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, Қонаев қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Smart Qonaev» тұжырымдамасы енгізілген. Қалада қоғамдық бейнебақылау камералары, iQonaev электрондық жүйесі, жолақы төлеу жүйесі және Біріңғай төлем құжаты іске асырылған. Инфрақұрылымды жаңарту аясында Қонаевта 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр беру желісі және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар қаладағы 65 нысан абаттандырылған. №5 қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-орынды иемденді.…
Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан. Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған, деп жазады Ertenmedia.kz. – Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды, – деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде. 2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3…
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің ішкі саясатындағы маңызды белес әрі тарихи шешім, деп жазады Ertenmedia.kz ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің пікіріне сүйеніп. Аталған құжатты әзірлеу қажеттігі соңғы уақытта жиі көтеріліп, Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында сарапшылардың назарына ұсынылған еді. Белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері – Еділ Жаңбыршин, Айдос Сарым, Никита Шаталов, Андрей Чеботарев, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов сынды сарапшылар ішкі саясаттың жаңа тұжырымдамасын жасауды уақыт талабы деп атады. Жарты жылдан аса уақыт бойы дайындалған бұл тұжырымдаманың басты мақсаты – ішкі саясаттың идеологиялық негіздерін,…
Астанада прокуратура мен әкімдіктің бастамасымен «Заң және тәртіп баланың көзімен» атты ерекше сурет байқауы өтті. Байқауға 5-7-сынып оқушылары қатысып, тәртіп пен заңды өз көзқарасымен қағаз бетіне түсірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығармашылыққа толы жұмыстарды сараптауға ЮНЕСКО-ға қарасты Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Олар балалардың сурет арқылы тақырыпты ашу деңгейіне, ойлау қабілетіне, композиция мен бояу қолдану шеберлігіне назар аударды. Қорытындысында 22 үздік жұмыс таңдалды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Суреттердің мазмұнында бала психологиясы, қоғамға деген сенім, қауіпсіздік пен жауапкершілік идеялары анық байқалған. Кейбір жұмыстарда көшедегі қауіптен бастап, отбасындағы тәртіпке дейін қозғалған. Мұндай тәсіл балалардың заңды мектеп пәні…










