Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Іле-Алатауы ұлттық паркі

Алматы маңындағы Бесағаш ауылының тұрғындары Іле-Алатауы ұлттық паркінің қорғау аймағындағы заңсыз жұмысқа байланысты Президент пен Үкімет басшысына ашық үндеу жолдады, деп жазады Ertenmedia. Жергілікті жұрттың айтуынша, “крутой” біреу ауыл іргесіндегі шамамен 5 гектар жердің құнарлы топырағын күреп, сел қаупі жоғары таудың етегін заңсыз қазып жатыр. Аумақтың құжатында «шаруа қожалығының жайылым жері» деп жазылғанмен, меншік иесінің құрылыс пен жер қазу жұмысына рұқсат қағазы жоқ болып шыққан. Жұртшылық мердігерлерден жұмыс жүргізуге негіз болатын құжаттарды сұратқанда, олар ештеңе көрсете алмаған. «Жақында ғана дәл осы жерде сел жүріп, ауыл халқының мазасы кеткен. Соған қарамастан, мердігерлер заңсыз жұмысын тоқтатпай отыр. Біз биліктен дереу тексеріс жүргізуді…

Read More
Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы үшін биылғы жылдың негізгі экономикалық жаңалығының бірі бюджетке түскен түсімнің 1 трлн теңге шегінен асуы болды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемі 1 триллион теңгеден асқан. Былтыр осы кезеңде 915,1 млрд теңге жиналып, бір жылда түсім 104,5 млрд теңгеге немесе шамамен 11,4 пайызға өскен. Салыстырмалы түрде қарасақ, өңірдің экономикасы да, салықтық база да соңғы жылдары біртіндеп кеңейіп келе жатыр. Өсімнің негізгі бөлігі жергілікті бюджетке түсетін кірістерден түскен. 2025 жылдың он бір айында облыстың өз кірісі 566,8 млрд теңгеге жетті. Ал 2024 жылғы көрсеткіш 468,9 млрд теңге болғанын ескерсек,…

Read More
Қазақстан азаматы

Петербордағы «Шок» радиосының тікелей эфирінде тосын оқиға болды. Қазақстан азаматы студияға баса-көктеп кіріп, микрофонды жұлып алып, Кремльге қарсы үндеу жасаған деп жазады Ertenmedia. Әзір ресейлік күш құрылымдары оның әрекетін мұқият тексеріп жатыр. Оқиға эфирде әдебиет жайлы әңгіме жүріп жатқан кезде болған. Радио қонағы, баспагер Глеб Стафеевтің айтуынша, эфир басталғаннан кейін арада он минуттай уақыт өткенде студия есігін бөгде біреу тарсылдатып қаға бастаған. Есікті ашқан бетте бейтаныс адам жүргізушіге күш көрсетіп, орындыққа жайғасып, тікелей эфирді талап еткен. Талабы орындалмаған жағдайда әлгі жердің күлін көкке ұшыратынын айтып қорқытқан екен. “Ол студиядағы құрал-жабдықтарды өз бетімен басқаруға тырысты. Жағдайды ушықтырмау үшін оны әңгімеге тартуға…

Read More
Әлихан Смайылов

Мемлекеттен жүздеген миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) жұмысы тиімсіз, елге еш пайдасы жоқ жобалармен айналысып отыр, деп жазады Ertenmedia. Жоғары аудиторлық палатаның соңғы тексерісі осыны анықтады. Соңғы бес жылда бюджеттен ӘКК-лардың есепшотына 528 млрд теңге (!) аударылған. Оның жартысынан көбі кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінген. Бірақ нақты инвестициялық жобаларды іске асырудың орнына, кейбір корпорациялар ақшаны депозитке салып, табысы төмен коммерциялық схемаларға жұмсап келген. Бас аудитор Әлихан Смайыловтың айтуынша, ӘКК-лар қазір өздеріне берілген нақты міндетпен емес, өңірдегі басшылықтың қалауымен ғана жұмыс істейді. «ӘКК-лардың әрекеті көбіне Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді. Олар мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмегендіктен, әкімдіктің жұмыс сапасына да әсер…

Read More

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тақырыбы көптің көкейінде жүр. Мұндағы басты талап мемлекет төлейтін ақша нақты оқып жүрген балаға жетуі керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдау кезінде оқушыларды есепке алу мен қаржыландыруда сәйкессіздіктер байқалды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын мектепке тіркелген кейбір балалардың шын мәнінде басқа оқу орнында оқитыны анықталған. Құжаттағы бала бір жерде, партадағы бала басқа жерде болып шыққан жағдайлар бар. Осындай олқылық болса, бюджет қаржысы да дұрыс есептелмейді, ал ата-анаға да түсініксіз сұрақ көбейеді. Түйінді тарқату үшін Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жаңа ақпараттық жүйе әзірледі. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №251 бұйрығы мен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жекеменшік…

Read More
ауыр атлетика чемпионаты

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Дәстүрлі дода «Алатау» спорт сарайында ашылып, елдің 17 өңірінен 177 спортшы қатысуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2022 жылдан бері алғаш рет ересектер арасындағы ел біріншілігі қайтадан елордада қабылданып отыр. Ауыр атлетикада нәтиже бір күнде шықпайды. Күн сайынғы жаттығу, салмақ қуу, дұрыс тамақтану, дәрігерлік бақылау қатар жүреді. Сондықтан чемпионат тек медаль емес, ұлттық құраманың резервін көру, кімнің формасы көтерілгенін байқау, келесі маусымға нақты жоспар жасау алаңы. Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов спортшылардың құрамы мықты екенін айтты. Оның сөзінше, алдағы күндері рекорд жаңаратын мүмкіндік бар, ал үздіктер 2026…

Read More
Оралда жаңа ботаникалық бақ ашылды

Орал қаласында экологиялық әрі әлеуметтік маңызы жоғары жаңа ботаникалық бақ ашылып, жаңа спорттық нысанның іргетасы қаланды. Іс-шараларға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысып, бұл жобалардың өңір дамуына қосатын үлесін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа ботаникалық бақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Оның аумағында 1500-ден астам ағаш, 11 000-нан аса бұта отырғызылып, тынығуға арналған демалыс аймақтары, шахмат және үстел теннисі алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау, жаңа түрлерді бейімдеу және ғылыми тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым да қарастырылған. Бұл аумақ қала табиғатын…

Read More
Сиднейдегі әйгілі Crown казиносында

Сиднейдегі әйгілі Crown казиносында 1 миллион доллардан астам қаржыны алаяқтық жолмен ұтып алған қазақстандық ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы Ділноза Исраилова мен Әлішерқожа Исраилов есімді Қазақстан азаматтарының қулық-сұмдық әрекеттер арқылы ірі көлемде ақша жымқырғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ерлі-зайыптылар казино үстелінде ойын барысында жасырын байланыс құралдарын қолданған. 36 жастағы Ділноза киіміне кішкентай камераны білдіртпей орнатып, ойын үстелін түсіріп отырған. Түсірілім жасырын телефон байланысы арқылы сырттағы серіктеске жіберіліп, сол жерден жасырын құлаққап арқылы ойыншыға қандай картаға және қандай ставка жасау керектігі жөнінде нұсқау түсіп отырған. Полицияның айтуынша, қазақстандық жұп осы әдіспен екі ай ішінде қазан мен қараша…

Read More
2026 жылдың қаңтарынан бастап

Қытай билігі 2026 жылдың қаңтарынан бастап контрацепция препараттары мен жүктіліктен сақтануға арналған заттарға қосымша құн салығын енгізеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Елде соңғы отыз жылда мұндай тауарлар алғаш рет салыққа ілігіп отыр. Бұған дейін, 1993 жылдан бері, яғни Қытайда «бір отбасы – бір бала» саясаты белсенді жүрген кезде, контрацептивтер салықтан босатылған болатын. Ол кезде мемлекет туу көрсеткішін тежеуге мүдделі еді. Қазір жағдай мүлдем басқа: Бейжің керісінше, бала санын арттыруды көздеп отыр. Жаңа өзгеріске сәйкес, контрацепция құралдарына 13 пайыз ҚҚС салынбақ. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл Қытайдың демографиялық саясатына енгізген кешенді өзгерісінің бір бөлігі ғана. Салық заңнамасына енгізілген түзетулерде балабақша, бөбекжай қызметі, қарттар…

Read More
Шымкент әкімі Сыздықбеков

Шымкент қаласындағы «Айкөл» тұрғын алабы алғаш рет орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Су беру жүйесін іске қосу рәсіміне қала әкімі мен осы аумақта тұратын тұрғындар қатысты. Бұл жоба тұрғындармен өткен кездесуде көтерілген нақты ұсыныстан кейін қолға алынған. Сол жиында аймақ халқы сапалы ауыз су мәселесін ашық айтып, оны шешуді сұраған болатын. Әкімдік сол өтінішті жоспарға енгізіп, қысқа мерзімде жобаны жүзеге асырды. Жоба аясында ұзындығы 14,7 шақырым болатын су құбыры тартылды. Нәтижесінде 38 абонент жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар ауыз су жүйесіне қосылып отыр. Бұған дейін кейбір тұрғындар суды тасып пайдаланған немесе уақытпен ғана алатын болған. Енді…

Read More