Автор: Асылхан Бөрібай

Жоғарғы сот мектепте орамал тағуға қатысты мәлімдеме жасады. БАҚ пен әлеуметтік желіде мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты түрлі ақпарат тарап кеткен еді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жоймаған. «Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі», — деп жазылған хабарламада. Жоғарғы сот мәліметінше,…

Толық оқу

Бүгінгі таңда TikTok әлеуметтік желісі әлемнің түкпір-түкпірінде үлкен танымалдыққа ие. Біздің елде де бұл желінің қолданушылар саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Көрші елге тиесілі бұл платформаны кей креативті жандар жасөспірімдерді білімге, ел тарихына қызықтыруға пайдаланып та жүр. Бірақ ондай контент саны өзге контентпен салыстырғанда шөлге тастаған жүзіктей тым аз. TikTok-тағы контенттің басым бөлігі қандай сарында екенін мен айтпасам да, өздеріңіз байқап жүрсіздер. Сол көңіл көншітпейтін контенттің көптігінен Павловтың: «Счастье — где-то между свободой и дисциплиной» дегені ойға келеді. Иә, дұрыс түсініп отырсыздар, мен бұл платформаны «ішінара» шектеу жайына өз бес тиынымды қыстырмақпын. Жастарымыздың назарын жаулаған бұл платформаға белгілі бір шектеулер…

Толық оқу

Бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі, кибербуллинг, онлайн платформалардың, әсірі зор болып тұр. Соның ішінде TikTok әлеуметтік желісінің жастарға теріс әсері жөнінде ҚР Парламенті Сенаты мінберінен депутаттық сауал жолдадық. Артынша Парламент Мәжілісіндегі «Аманат» партиясының депутаттық фракциясы да TikTok-тың жастардың психикалық денсаулығына кері әсері барын айтты. Осыдан кейін Үкімет басшысынан платформаны шектеуді сұрадық. Депутаттардың талабы бойынша тиісті министрліктер ел аумағында жұмыс істейтін әлеуметтік желілердің заңнамаға сай жұмыс жасауына талдау жүргізді. Нәтижесінде қолданушылардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды қатаңдататынын мәлімдеген болатын. Алайда, бүгінгі таңда TikTok парақшаларындағы контенттерді қарай отырып, платформадағы сүзгі тетіктерін әлі де жетілдіруіміз қажеттігін пайымдайсың. Жастарымыз жат құндылықтар жетегінде кетпесін TikTok-тың 80 пайызға…

Толық оқу

Қарағанды облысында мал ұрлығы бойынша сотталған азаматтың жұбайы әділетсіздікке тап болғанын айтып шағымданды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Halyq Uni-не сілтеп. Оның сөзінше, күйеуі ауылда бірге мал өсіріп, Үкіметтен субсидия алуға оқталып отырғанда малын жоғалтқан адамның арызы негізінде жазықсыз ұзақ жылға қамалып кеткен. Бір қызығы, 5 бас сиырынан айрылған жәбірленуші адам сотталған адамнан өтемақы талап етпеген. Ал полиция тергеу барысында күдік туғызатын бірнеше жайтқа жол берген. Мал ұрлығының өзі былтыр Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар аулында болған. Ауыл тұрғыны Нығметжан Омаров өрісте жүрген 5 бас тайыншасын ұрлаттым деп 7 қарашада полицияға шағымданады. Сол уақытта үйінде қасапшыларды жалдап, 13 бас сиырын сойдырып,…

Толық оқу

Алматы облысы білім саласындағы ауқымды реформалары мен тың бастамаларының нәтижесінде халықаралық деңгейде мойындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ World Innovation Award 2024 сыйлығын жеңіп алып, әлемнің 128 елі арасында «Сапалы білім» номинациясы бойынша үздік шықты. Соңғы жылдары өңір білім жүйесін кешенді дамытып, жаңа мектептер ашуға ерекше көңіл бөліп келеді. Атап айтқанда, бір жыл ішінде 19 мектеп салынып, 18 мың жаңа оқушы орны құрылды. Жеке инвесторлардың есебінен 5 заманауи мектеп бой көтерді. Осылайша, үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 39-ға азайды. Өңірдің халықаралық деңгейде білім беру байланыстары да нығайып келеді. Биыл 12 оқушы Қытай жоғары оқу орындарының грантын иеленсе, Қонаев қаласында шетелдік университеттердің филиалдарын…

Толық оқу

Астанадағы қазақ мектептерінің саны артып, орыс мектептері қысқарып келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  2024-2025 оқу жылында Астанада жалпы саны 188 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 109 мемлекеттік, 72 жекеменшік және 7 республикалық мектеп бар. Қазақ тілінде білім беретін 35 мектепте биыл 71 702 оқушы оқып жатыр. Қалалық білім басқармасы ұсынған дерек бойынша, былтыр қазақ мектептеріндегі оқушы саны 68 917 болған, биыл бұл көрсеткіш тағы өскен. Ал орыс мектептері бір жыл ішінде үштен бірге дейін қысқарды. Өткен жылы 3 орыс мектебінде 3039 оқушы болса, биыл тек 1 ғана орыс мектебі қалып, онда бар болғаны 293 бала білім алуда. Алайда аралас мектептер саны…

Толық оқу

ҰҚК-да тағы да тағайындау жүргізілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. «Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Толық оқу

Бас аудитор Әлихан Смайылов олигархтарға жеңілдетілген кредит беру практикасын сынға алғалы, оған қарсы ақпараттық шабуыл басталған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Dalainside телеграм арнасының мәліметінше ескі олигархтар биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастаған. Өздерінің идеологтары бар және олар 2029 жылғы президент сайлауына тыңғылықты дайындық жасап, жоспар әзірлеуде. «Әлихан Смайыловтың олигархтарға қаржыландыру беріп отырған Қазақстан Даму банкінің жұмысына араласа бастауы олардың ашуын туғызып отыр. Сондықтан олигархат түрлі ақпараттық шабуылдар арқылы Әлихан Асханұлына «аяғыңды тарт» деген сигнал бергісі келеді», — дейді арна дереккөзі. Арна мәліметінше, соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейтуде. Олар…

Толық оқу

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасын қалай өтеп жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. Тамызда сот Тұрғымбаевқа лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде 5 жылға үкім шығарды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі 2024 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді, оған шағым түспеген. «Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленді, оны уәкілетті мемлекеттік орган тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы жүзеге асырады», – деп жазылған сот мәліметінде. Пробациялық бақылау қағидалары бойынша Тұрғымбаевтың уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін немесе жұмысын өзгертуге құқығы жоқ. Сотта «экс министр арнайы білезік таға ма» деген сұраққа да жауап…

Толық оқу

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 1,995 миллион долларға сатылымға шығарылды. Мұны жергілікті жылжымайтын мүлік агрегаторларының мәліметтері айғақтайды. Әңгіме Wall Street 55 мекен жайында орналасқан үйдегі пәтер туралы болып отыр. Пәтер — Болат Назарбаевтың бүгінгі күні белгілі болып отырған Америкадағы соңғы жылжымайтын мүлігі. Бұл туралы «Выход к морю» арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Арна мәліметінше, бір кездері Нью-Йорк қор биржасы, кеден және Citibank кеңселері Wall Street 55 мекен жайында орналасқан еді. Иелері ғимаратты кондоминиумға айналдырмас бұрын мұнда зәулім қонақүй болған. 2006 жылғы соңғы жөндеуден кейінгі алғашқы пәтер сатып алушылар қатарында актер Мики Рурк пен супермодель Наоми…

Толық оқу