Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ақтөбеде өз пәтерінде дәрігер Мөлдір Томарованы пышақтап өлтіріп, кейін ұстау кезінде полицияны жарақаттаған ер адамға үкім шықты. Марқұмның ата-анасы да, сотталушы да сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Stan.kz-ке сілтеп. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында эндокринолог-дәрігер Мөлдір Томарованың өліміне қатысты іс жабық қаралды. Оның себебін қылмыстық істе “Зорлау” бабының болуымен түсіндірді. БАҚ өкілдерін сот залына тек үкім оқылғанда кіргізді. Дәрігерді өлтірген танысы 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеді. Сонымен қатар 1 миллион 230 мың теңге жаназасы мен садақасына жұмсалған материалдық шығын және адвокат төленген қаржыны толық…

Толық оқу
Qarmet металлургия

Qarmet өндірісін дамытуға $3,5 миллиардтан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Олардың ішінде $552 миллионға кокстық батареялар салу, $239 миллионға мырыштау және бояу желісін салу, $300 миллионға аглодомен өндірісін реконструкциялау, $150 миллионға ыстықтай илемдеу цехын жаңарту және тағы басқа жобалар бар. Көмір департаментіне $500 миллион, ал темір рудасы департаментіне $978 миллион инвестиция қарастырылған. «5-9-5» даму бағдарламасы тиімділігін делелдеді 2024 жылдың 9 айында болат өндіру 14%-ға артып, 2,6 миллион тоннаға жетті (2023 жылдың осы кезеңінде 2,3 миллион тонна болған), көмір өндіру 2%-ға өсіп, 4,7 миллион тоннаға жетті (өткен жылдың осы кезеңінде 4,6 миллион тонна болған), концентрат өндірісі 17%-ға өсіп, 2,3…

Толық оқу

Алматы облысы Полиция департаменті «Талғарда атыс шықты» деген ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Полиция әлеуметтік желілерде тараған, Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы кафелердің бірінің жанында атыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Мекеме қонақтары сөзге келіп қалып, жанжалға ұласқаны белгілі болды. Оқиғаға сеніп тапсырылған аймақты патрульдеп жүрген полицейлер жедел түрде араласып, жағдайды реттеді», — деп жазылған хабарламада. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы барлар полицияға жеткізілді. «Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді полицейлер. Сонымен қатар, құзырлы органдар тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі…

Толық оқу

Қостанай облысы прокуратурасы Жітіқара ауданындағы кәмелетке толмаған балалардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады,  — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары «АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын-ала себебі пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды. «Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен…

Толық оқу

Қостанай облысында бір үйдің бес баласы жанып кеткен, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен.  Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кіріскен. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. «Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 ж. кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды», — деп жазылған хабарламада. Балалардың үлкені, 2011 жылы туылған бала ғана аман, зардап шекпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың…

Толық оқу
Дубайдағы қазақ шенеуніктері

Қазақстандағы саяси элита мен олардың ет жақындары Дубайдан пәтер алуға әуес болып шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құмнан көтерілген қала қазақ шенеуніктері үшін жай ғана демалыс орны емес, капиталын сақтап, көбейтетін стратегиялық мекенге айналған. Қызметінен кетсе де, байлығын шетелде «қауіпсіз жерге» орналастыруды көздеген тұлғалар үшін Дубайдағы жылжымайтын мүлік символдық мәнге ие. «Азаттықтың» зерттеуі бойынша, Қазақстанның экс-премьерлері мен бұрынғы министрлері ғана емес, орта деңгейлі басшылардың туыстары да осы тізімде жүр. Мұндай дерек шенеуніктердің қаржылық жауапкершілігі жайлы күмәнді одан әрі тереңдете түседі. C4ADS ұйымы 2020-2022 жылдар аралығында жинаған ақпаратқа сенсек, Қазақстаннан 1550 адам Дубайда жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын 2700-дей жылжымайтын мүлікке…

Толық оқу

Алматы облысында Lenovo компаниясының GR директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 9 қазанда Ермек Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қара сұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған. Жақыпжанов Lenovo компаниясында 1,5 жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған. Алматы облыстық Полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталған. «Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеу басталды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Толық оқу
жиналыс

«Зеренді-Астық» ЖШС және оның инвесторы «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС басшылары баспасөз мәжілісінде биылғы егін науқанының барысы жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді,деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС бас директоры Бақтияр Оспановтың айтуынша, биыл «Зеренді-Астық» ЖШС мол өнім беріп, консорциум серіктестікке инвестор болып келгеннен бергі рекордты көрсеткішке ие болған. Қазіргі таңда компания пайшыларға төлемақы беру жұмыстары басталды. Айта кету керек, Қазақстан астық консорциумына кіретін шаруашылықтар арасында «Зеренді-Астық» ЖШС алғашқы болып пай бойынша төлемақы беріп жатыр. «Қазақстан астық консорциумы 2021 жылы «Зеренді-Астық» серіктестігіне оның қарыздарын өтеп, жұмысты жолға қою мақсатында келген болатын. Бұрынғы акционердің кезінде компания құлдырап, оның түрлі банкте қарыздары бар…

Толық оқу

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Руандадағы Марбург вирусы өршуіне байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Руандада Шығыс Африка елінде жойылып бара жатқан тау гориллалары мен сирек кездесетін приматтар өмір сүреді. Елдің ұлттық парктерінде алтын маймылдар, шимпанзе, грациозды құстар, пілдер және леопардтар бар. Жұмсақ климат пен табиғат саяхатшыларды өзіне тартады. «Марбург вирусы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз осы елге барудан бас тартуды ұсынамыз», — деп жазылған хабарламада. Шетелге саяхат жасамас бұрын, табиғат сұлулығын зерттеумен қатар, барған елдің денсаулығыңызға байланысты потенциалды қауіптер туралы қолжетімді ақпарат көздерінен хабардар болу қажет. Вирус тарихы туралы ақпарат: Марбург вирусы 1967 жылы Еуропада, атап…

Толық оқу

Заңгер, құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Заңгер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге іздеу салды. «Бұл қалжың емес. Өкінішке орай тергеу бойынша жағдай осындай болып тұр. Оқиға болғанынан бір жылға жуық уақыт өткенімен, әлі де тергеу орнынан қозғалмай тұр. Мен іске қорғаушы ретінде кіріскен бесінші айдың ішінде тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот медициналық сараптамадан өзге тергеу амалын жасаған жоқ. Оқиға орнынан фото, видео, іс материалдарымен таныстырған жоқ. Іс бойынша туындаған сауалдарға жауап алу үшін хабарлассақ, телефон қоңырауларына жауап бермейді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шықты ма, іс бойынша басқа да мән жайларды білу…

Толық оқу