Автор: Асылхан Бөрібай

кітап көрмесі

Түркістанда түркі тілдес елдердің баспа ұйымдарын, қаламгерлерін, аудармашыларын, әдеби қауым өкілдерін тоғыстырған халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Бұл игі шараны Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырып отыр. Көрменің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, оқырман талғамын қалыптастыру, деп жазады Ertenmedia.kz. Кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Еуразия  Жазушылар одағының мүшесі ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, танымал қаламгер Құлбек Ергебөк, Әзербайжан баспалар бірлестігінің директорлар кеңесінің төрағасы Шәміл Садық, ақын, Түркі дүниесі Жазушылар Одағының төрағасы  Ұлықбек  Есдәулет қатысып, түркі…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Айлық аясында Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері шалғай елді мекендерге шығып, өрттің алдын алу және иіс тиіп улану қаупін төмендету мақсатында рейдтер жүргізуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеру барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар пештің жылыту жүйесін тексерді, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатты. Атап айтқанда облыс бойынша әлеуметтік әлжуаз топтағы отбасылардың үйіне  биыл 2085 датчик қойылды. Кезекті профилактикалық рейд барысында өңірдің ТЖД қызметкерлері Кербұлақ ауданына қарасты Аралтөбе ауылына барып, әлеуметтік осал отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлерді аралады. Атап айтқанда, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар…

Толық оқу
банк

Halyk Finance сарапшыларының пайымдауынша, Ұлттық банк 28 қарашада базалық мөлшерлемені қазіргі 18% деңгейінде қалдырады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы нарығын талдаушылардың айтуынша, қазіргі макроэкономикалық ахуал ақша-несие саясатын қатаңдатуды да, жеңілдетуді де қажет етпейді. Жыл соңына қарай инфляция 12–12,5% аралығында сақталады деген болжам бар. «Қазанда инфляция бір жыл ішінде алғаш рет бәсеңдеп, 12,9%-дан 12,6%-ға түсті. Бұған ең алдымен қызмет бағасының өсу қарқынының төмендеуі себеп болды. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерін уақытша тоқтату, бірқатар өңірлерде су бағасының дифференциалды тарифтерін алып тастау және бензин бағасының тұрақталуы инфляцияның бәсеңдеуіне айтарлықтай ықпал етті», – дейді сарапшы Алексей Әфонский. Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта Ұлттық қордан аударылған трансферт көлемінің…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан қаласында «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің республикалық «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және  Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан қатысты. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев қатысып, командаларды құттықтады. Ол жастардың шығармашылық белсенділігін қолдаудың және мәдени бастамаларды дамытуға бағытталған жобалардың маңызын атап өтті. Жастардың құқықтық мәдениеті мен өнер арқылы ой еркіндігін дамыту бүгінгі қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді. Жайдарман ойыны  жас таланттарды таныту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және елде бәсекеге қабілетті мәдени буын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысында биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 661 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Ералыұлы мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Түркістан облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жыл басынан бері жүргізіп келеді. Нәтижесінде бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар 38 күдікті құрықталды. Олар азаматтарға жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сонымен қатар, Астана қаласында орналасқан 68 дроптан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. «Антифрод-орталық» жүйесі арқылы биыл күдік келтіретін 1 288 тұлғаның есеп шоттарын бұғаттауға арнайы органдарға ұсыныс жолданды. Полиция Департаменті және Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті арасында жасалған меморандум…

Толық оқу

Елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» атты Халықаралық акция басталды. БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін науқан әлемнің 180-нен астам елін біріктіреді. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция Департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының “Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің” аға инспекторы Әйгерім Жарқынбек брифингте мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Биыл науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» деген ұранмен өтеді. Осы уақыт аралығында халықпен кездесулер, мобильді топтардың жұмысы, жедел желілер, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, ұйымдар мен оқу орындарында семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Біз зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруді күшейтеміз. Яғни, жадынамалар, инфографика, әлеуметтік…

Толық оқу
Бірыңғай есепке алу жүйесі

Қазақстанда енгізілуі жоспарланып отырған Бірыңғай есепке алу жүйесі (ЕСУ) Ресейдің атышулы ЦУПИС жобасының көшірмесі болып шықты. Осы жүйенің астарында не жатыр, оны кімдер бақылайды және қоғамға қаупі қандай? Ertenmedia Exclusive.kz зерттеуіне сүйене отырып осы сұрақтарға жауап іздеп көрді. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жақында ЕСУ жүйесіне қатысты қоғам назарынан тыс қалған маңызды деректі жария етті. Оның айтуынша, Қазақстанда бұл жүйені енгізуді қолға алған шенеуніктердің артында NomaPay жеке компаниясымен жасалған құпия келісім бар. Келісімнің нәтижесінде қазақстандықтардың жеке деректері мен капитал сыртқа, нақты айтқанда, Ресейге кетуі мүмкін деген күдік бар. Жүйенің түпнұсқасы Ресейдегі ЦУПИС жобасы. Ресейде осы жүйе бастапқыда құмар ойындар нарығын бақылау үшін…

Толық оқу
медиация

Алматыда «Заң мен Тәртіп: медиацияның қоғамдағы маңызы» тақырыбында конференция өтті. Бұл жиын бір күндік басқосу үшін ғана ұйымдастырылған шара емес, бірнеше айға созылған жұмыстың қорытынды кезеңі болды. Конференция Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырған әлеуметтік жоба аясында өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға қала прокуратурасы мен полиция өкілдері, медиаторлар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және қоғам белсенділері жиналды. Медиация тек заңгерлерге ғана керек құрал емес. Ол тұрмыстық дау, еңбек дауы, көрші арасындағы түсініспеушілік, кәсіпкерлік келіспеушілік сияқты күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларға қатысты. Конференция барысында медиацияның қоғамдағы рөлі ашық талқыланды. Қазір көп…

Толық оқу
Снос

Алматыда Таугүл-3 шағынауданында, Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы осы процесс сот шешіміне сәйкес жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқарманың мәліметінше, нысанның иесі жеке тұлға болған және құрылысты тиісті рұқсат құжаттарынсыз бастаған. Қалада құрылыс салу үшін белгілі тәртіп бар. Жобалау құжаты, келісімдер, қауіпсіздік талаптары, инженерлік желілерге қатысты шарттар қаралады. Осы тізбек сақталмаса, ең соңында тұрғындарға да, көрші үйлерге де, инфрақұрылымға да тәуекел көбейеді. Сол себепті қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік шаралар қолданылған. Заң бұзушылықты жою туралы нұсқама да берілген. Яғни бірден сотқа сүйреп әкелді деу дұрыс болмайды,…

Толық оқу
азаматқа

Абай облысында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұрттың алаңдаушылығын туғызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Желіге шыққан кадрларда шетелдік азаматқа қатысты дөрекі әрі орынсыз әрекеттердің жасалғаны байқалады. Бұл көрініс қоғам тарапынан сынға ұшырап, қызу талқыланып жатыр. Оқиғаға қатысты Абай облысының Полиция департаменті шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеріс басталғанын хабарлады. Қазір құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап, заңға сай шаралар қабылдауда. Бұл оқиға желіге жүктелген кез келген материалдың қоғам алдында үлкен жауапкершілігі бар екенін тағы бір мәрте еске салды. Әлеуметтік желіде жарияланған әрбір әрекеттің құқықтық салдары болатынын мамандар үнемі ескертіп келеді.

Толық оқу