Author: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Үкімет

Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банктің (ДБ), Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК), Азия даму банкінің (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), Ислам даму банкінің (ИДБ) өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесіне Премьер-министр басшылық етті. Кеңес құрамына сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев енді, деп жазады Ertenmedia.kz. Отырыс жұмысын аша отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық қаржы институттарының құрылымдық реформаларды жүзеге асырудағы және экономиканың сапалы өсуіне бағытталған озық тәжірибелерді енгізудегі стратегиялық рөлін атап…

Read More
Илья Рожков

Орталық коммуникацияар қызметі алаңында ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков БАҚ өкілдеріне 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы және  халық пен әлеуметтік нысандарды қажетті отымен қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жылыту маусымы тұрақты өтуде. Биылғы жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергоблокты, 63 қазанды және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 9 энергоблокта, 56 қазанда және 37 турбинада жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Оған қоса, 17 мың км электр желілері мен 420 қосалқы станцияда жөндеу жүргізілді. Барлық іс-шаралар бекітілген кестелерге сәйкес орындалуда. Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері апта…

Read More
цифрлық қауіпсіздік

2025 жылғы 27 қарашада Астанада цифрлық қауіпсіздік және қаржылық алаяқтыққа қарсы жаңа әдістер туралы форум өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараны ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) мен Zakon.kz Ғылым және жоғары білім министрлігі және Астана әкімдігімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырды. Форум мақсаты – цифрлық гигиена, қаржылық алаяқтықтан қорғанудың заманауи әдістері мен дропперлік схемаларды халыққа түсіндіру. «Бұл форум – мемлекеттік органдармен, әсіресе ҚМА-мен бірлесіп жасалатын жүйелі ағартушылық жұмыстың жалғасы. Біз бірнеше жылдан бері құқықтық сауаттылықты арттыру, алаяқтықпен күрес бойынша қоғамға нақты ұсыныстар беріп келеміз. ҚМА құқық қорғау органдарымен бірге осы ұсыныстарды тиімді пайдаланып отыр», – деді «ЮрИнфо компаниясы» ЖШС…

Read More

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан–Америка цитоматрицаны зерттеу орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты жасуша ішіндегі цитоматрицаның құрылымы мен күрделі процестерін терең зерттеп, биомедициналық ғылымның дамуына үлес қосу. Орталық ғалымдары қатерлі ісік жасушаларының биологиясын зерттеп, инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырады. Сондай-ақ, биомедицина саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға мүмкіндік ашылады. Салтанатты жиынға ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев, АҚШ-тағы Хьюстон университетінің профессоры, Peri-Nuc Labs LLP компаниясының бас директоры Таттым Шайкен, «ЭКОМЕД» клиникасының ғылыми директоры, профессор Салтанат Байқошқарова, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жұрабекова, отандық ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші клиникалардың мамандары қатысты.…

Read More
«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің

Алматыда Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі премьерасы өтті деп жазады Ertenmedia.kz. Көрсетілімге елге танымал қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, Мәжіліс депутаттары, блогерлер, дубляж актерлері және журналистер жиналды. Кинотеатр фойесінде балалар мен ересектер кейіпкерлермен суретке түсіп, дубляж тобының өкілдерімен әңгімелесті. Фильм 27 қараша, бүгіннен бастап еліміздегі барлық ірі кинотеатрларда қазақ және орыс тілдерінде қатар көрсетіле бастайды. Disney үшін қазақ тіліне дубляж жасау соңғы жылдары тұрақты бағытқа айналып келеді. Компания әр фильмін шамамен қырық тілге аударады, соның қатарында қазақ тілі де бар. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен ірі студиялар әлемдік премьерамен қатар қазақша нұсқа ұсынуға көшті. 2024 жылы Disney «Ойжұмбақ…

Read More
Түркістан облысы әкімдігі

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әділетті Қазақстанды құру жолында әрбір азаматтың адал болуы – қоғамның дамуындағы басты шарт екенін атап өткен болатын, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы орайда, бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Адал азамат – әділетті қоғам кепілі» атты жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті. Форумға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жас мемлекеттік қызметшілер  қатысты. Жиын  жас мемлекеттік қызметшілерге арналған өте әсерлі қойылыммен басталды. Форумға арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев сөз сөйлеп,  адал қызмет пен жоғару жауапкершілік мемлекеттік басқару жүйесінің тетігі екенін атап өтті. Олар жастарды парасаттылық пен әділет қағидаттарын ұстануға…

Read More
Алматы облысы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр. Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. – Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық…

Read More
Тұрғын үй баспана Алматы

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6 626 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 3 040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдері айтты. Биыл жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін негізде берілді. Жалпы сома – 72 млн теңге. Алматыда сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім…

Read More
Қоныс тойы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі құрылыс саласының өсу қарқыны мен тұрғын үй бағдарламалары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, құрылыс секторы тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың 10 айында облыстағы құрылыс көлемі 21% өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Әкім әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылғанын айтты. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй беріледі. Кейінгі 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда үй салынбағыны жасырын емес. Оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама…

Read More
Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысы соңғы жылдары туризмді дамытуды нақты қолға алып отыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев негізгі көрсеткіштерді жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының географиясы, табиғи ресурстары, тау мен су аймақтарының жақын орналасуы өңірге қосымша мүмкіндік беріп тұр. Соның нәтижесінде биыл облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл өткен жылғы 1,6 миллионмен салыстырғанда 36 пайызға көп деген сөз. Демек, атқарылған жұмыс туристер легіне тікелей әсер етіп жатыр. Қонаев қаласы үшін Қапшағай су қоймасы негізгі демалыс орталығына айналып келеді. Әсіресе жазғы маусымда бұл жерге келгендердің саны айтарлықтай өскен. 2025 жылғы жазда акватория мен жағажайларға шамамен 2 миллион…

Read More