Автор: Асылхан Бөрібай

ҰҚК-да Әбіқаев, Жұмақанов, Мәсімовтердің орынбасары болған генерал-майор қызметінен кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Қалқабаев — ҰҚК басшылығында ұзақ жыл қызмет еткендердің бірі. Қауіпсіздік органдарында барлығы 40 жыл қызмет етті. Ол 1984-1995 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды. 1995-2013 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды. 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды. Сонымен қатар, Марат Қалқабаев Қаңтар оқиғаларын тергеумен айналысқан. Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған өзінің бұрынғы бастығы Кәрім Мәсімовтің ісімен…

Толық оқу
Рыбакина мен Путинцева

Сарапшылар теннисші Рыбакина мен Путинцева не үшін Олимпиадаға қатысудан бас тартуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Чемодан госсекретов» телеграм арнасында осы жайтқа қатысты деректер шықты. Мәліметке сүйенсек, Рыбакина мен Путинцеваның Олимпиадаға қатысудан бас тартуы федерацияның қасақана саботажы болуы мүмкін. Сарапшылар мұндай болжамды дереккөздеріне сүйеніп айтып отыр. «Спортшылар, әсіресе, қоластына алынғандар (екінші бір елдің адамына азаматтық құқық беру), қаламақы (гонорар) сомасына қарайды және олар теннис федерациясының басшылығынан тиісті мотивация алмаған болуы мүмкін. Олар Қазақстанның атынан шықса міндетті түрде медаль алуы мүмкін еді. Дереккөздер бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады», — делінген жазбада. Айта кетейік, бұған дейін WTA рейтингінде 4-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024…

Толық оқу

Ақтауда никаб киіп, «қару» асынып жүрген қыздар анықталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы өңірлік Lada басылымы жазды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.  Никаб киген екі қыздың ойыншық автоматтармен көшеде жүрген Tik-Тok-тағы видеосы тәртіп сақшыларының назарын аударған. Олардың кім екені анықталды. «Тексеріс барысында бұл оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталып, полицияға жеткізілді. 26 шілдеде сағат 22:30 шамасында Ақтау қаласының 15 жастағы тұрғыны 17 жастағы құрбысымен кездесіп, кейін көңіл көтеру үшін «Ақбота» саябағынан ойыншық автоматтар сатып алған. Видео жасау үшін олар өздерін түсіріп алып, оны Tik Tok әлеуметтік желісіне жүктеген»,-  деді облыстық полиция департаменті өкілдері.…

Толық оқу
Ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Ақмырзаұлы

Ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Ақмырзаұлы Олимпиада чемпионы атанған дзюдошы Елдос Сметовке 100 жылқы сыйлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кәсіпкер жеңісті жаңалықты отбасымен бірге көріп, ерекше толқығанын айтады. Ел намысын қорғаған спортшыға берілген бұл сыйдың жалпы құны 100 миллион теңге. «Елдоспен жеке таныстығым жоқ. Бірақ оның әрбір жарысын қалт жібермей, үнемі жанкүйерлік танытамын. Ол бұған дейін Олимпиадада күміс пен қола алған еді. Осы жолы алтынды қанжығасына байласа екен деп тілекші болып жүрген ағаларының бірімін. Бүгін сол арман орындалды. Жеңісі үшін, халқымызға осындай қуаныш сыйлағаны үшін арнайы хабарласып, өзіне 100 жылқы беретінімді айттым», – дейді Әнуар Ақмырзаұлы. Ол мұндай сыйды жасауының тағы бір себебі…

Толық оқу
Алтын валюта банк

Экономист сарапшы Мақсат Халық Қазақстанның қазіргі экономикалық хал-ахуалы, соның ішінде алтын мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Сарапшы Қазақстан неліктен импортқа тәуелді болып отырғанын айтты. «Мәселе тереңде жатыр, 30 жыл бойы жинақталған, қордаланған мәселелер. Ең әуелі мұнайды тауып, оны сыртқа шығарудың өзінде жатыр. Әлі күнге дейін мұнайды шикізат ретінде сатамыз. Тау-кен саласының өнімдері, металдар — барлығын шикізат ретінде беріп отырмыз. Оны өңдеп, құн қосып беретін болсақ, елге келтіретін пайдасы да көп. Одан кәсіппен айналысып отырған адам көбірек табыс табады, мемлекетке көбірек салық төлейді. Осы тізбек бұзылып тұр. 90-жылдары мұнай-газ саласында жасалған келісімшарттардың көбі дұрыс емес деп айтылады. Оның…

Толық оқу
Марат Әйтенов пен Дана Әтешова

Астана сотында Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешоваға қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты отбасы-тұрмыстыққатынастар бойынша құқық бұзушыға қатыстыәкімшілік материалды қарады (ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі). «Іс материалдарына сәйкес, әйел отбасылық жанжал барысында бұрынғы жұбайына қатысты былапыт сөздер айтқан. Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайын былапыт сөздермен қорламағанын, тек былапыт сөздер түріндегі етістікті қолданғанын түсіндірді. Сонымен бірге, бұрынғы жұбайының үйде заңсыз болып, оны арандатқанын жеткізді», — деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында. ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігінің санкциясы ескерту жасау не 5 тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. «Құқықбұзушының балалары бар және ол…

Толық оқу

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Қостанай облысындағы бас имамның жағдайына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбемнен жай түскендей әсер қалдырды. Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді», — деді ол. Қайрат Жолдыбайұлының пайымдауынша, бұл әдейі ұйымдастырылған қастандық болуы мүмкін. «Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбемнен жай түскендей әсер қалдырды. Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді. Бәлкім әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар. Қымызға яки басқа бір тағамға бір нәрсе араластырып әдейі…

Толық оқу
Алтай Айнабек қазақ ғалымы

«Аралға жаңбыр жауғызған» Алтай Айнабек Қазгидрометке үн қатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба авторының айтуынша, Қазгидромет «ғылыми негіз жоқ, Қызылорда және басқа өңірлерде жауып жатқан жаңбыр табиғи құбылыс», — деп жауап берген. «Қазгидромет болжамдары технология пайдаланған кездері әрдайым быт-шыт болатын, бұл жолы да сондай болып отыр. Миллиардтаған теңгені бекерге жеп отырғандай көрінбейік деп, біздің жұмысты жоқ етуге тырысуда! Оларға өз құлқындары Аралдың тағдырынан артық болып тұр ма сонда? Бірігіп ғылыми жұмысқа шақырсаң, қашады. Не ол сонда? Әлде Аралға су жобасы кейбір топтардың «интерестеріне» зиян болып жатыр ма? Қытайлықтарды Аралға кіргізуге мысалы. ҰҚК, Бас Прокуратура, құзырлы органдар, осы мәселеге мән берулеріңізге шақырамын! Менің…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде танымал әнші Ұланғасыр Қамиевтің хиджабқа қатысты мәлімдемесі дау тудырды. Желі қолданушысы Саида Қастанеда өнер иесінің үстінен ІІМ-ге арыз түсіргенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ол үнемі басы дауға қалып жүретін әншінің үстінен депутаттар ешқандай арыз түсірмегенін, есесіне орнына бұл арызды өзі жазғанын айтты. «Арыз тіркелді, іс қозғала ма әлде әдеттегідей бола ма? Көреміз….» — деді ол. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректі растады. «Арыз тіркелді. Тексеріс жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке ресми жауабында. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әншінің хиджабқа қатысты пікірі тараған болатын. «Күйеуі әйелін өлтіріп қойды, анау-мынау дегеннің…

Толық оқу

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселденқорғау» мекемесінің экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облыстық соты Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Істі қайта қарауға бірінші сатыдағы сотқа қайтарды. Осы отырыс барысында Көкірекбаев сот залында ұсталып, қамауға алынды. Бұған дейін алқабилер соты бірнеше рет пара алды деген айыппен тергелген Кәрім Көкірекбаевты кінәсіз деп танып, ақтап шыққан болатын. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты істің мән-жайы анықталды. Айыптауға сәйкес, «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А.…

Толық оқу