Кабинетінде қыз зорлады деп айыпталған полицияның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық сот шешімі белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Tengrinews.kz мәліметінше, Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын қыз зорлау дерегі бойынша сотталған бұрынғы жоғары шенді полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 17 шілдеде сотқа апелляциялық шағым түсірген болатын. Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы бастығы зорлық дерегі үшін сотталды. Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада К. Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған. Сот…
Автор: Асылхан Бөрібай
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Олимпиададан жүлдемен оралған спортшыларды орынсыз мадақтап, бос мақтанға салынып кеткен жұртшылықты сынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрсиланың айтуынша, спортшылардың жеңісін халық тым әсірелеп, «әлемге танылдық» деген даурықпа сөзге айналдырып отыр. «Олимпиада чемпиондарын «көк туымызды көтерді, әлемге қазақты танытты» деп мақтанамыз. Сонда осының несі мақтан? Егер танымал болудың өзі мақтан болса, Қуандық Бишімбаев бір-ақ айдың ішінде тек Қазақстанға ғана емес, Ресейге де, Қырғызстан мен Өзбекстанға да танымал болып шыға келді. Сонда оның ата-анасы «баламыз жарты әлемге әйгілі болды» деп мақтануы керек пе?» – дейді кәсіпкер. Ол спорт пен өнердегі жетістіктерден гөрі, халықтың тұрмысын түзеуге, ел экономикасын көтеруге көңіл…
Белгілі саясаткер Серік Әбдірахманов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа ренжіп жүргенін айтты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әбдрахмановтың сөзінше, Назарбаев халыққа өкпелеп жүргенін Болат Назарбаевтың асында айтқан көрінеді. «Нұрсұлтан сөйлеген сөзінде халыққа деген өкпесін айтты. Жанында жүрген жігіттер арқылы айтқан болуы керек, өкпелейді екен. «Мынау надан халық менің жақсылығымды…» дейді, не жақсылық істеді? Соны айналасы әбден «сіз осындайсыз, сіз Нобельге лайықсыз» деп көндірген. Әбден құлағына сеніп қалған. Ол (Назарбаев) соған алданып отыр, ақылы шамалы, білімі жоқ. Құдай оны ар-ұяттан да айырған екен. Оны 5 қаңтардан кейін біліп отырмыз. Мен Назарбаевқа қарсы болған жоқпын. Мен оған қатты сөздерімді кіріп айтатынмын. Ұрлық туралы, айналасы…
Белгілі тележүргізуші, спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман Қазақстандағы бокстың хал-ахуалы, спортшылардың Олимпиададағы сәтсіздігі туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Нұрсұлтан Құрман бокс Атлантадан бастап медаль алып келіп жатқан спорт түрі екенін, жарысқа барған құрамның негізгі бөлігі жартылай финалда өнер көрсететінін айтты. Дегенмен бұл жолғы Олимпиада басқаларына ұқсамайды. «Жеті спортшымыз (осы Олимпиадаға — еск.) барды, алтауы ұшып кетті. Елімізде үкілеген үміт еткен Қамшыбекті күміс алады деп ойладым, Асыланбектен де бір медаль күткеніміз рас, Сәкен Бибосыновтан медаль күткеніміз рас, Мұхамедсабыр жақсы келе жатыр еді, Нұрбек пен Айбектен о бастан медаль күттім. Нұрбек жартылай финалға шықты, бағы жансын. Алтынға лайық болсын. Дәл осыны қарап…
9-11 августа состоится Первая онлайн-конференция для женщин «Девушка, женщина, старуха и другие мелочи жизни» «Девушка, женщина, старуха и другие мелочи жизни» — это первая онлайн-конференция о женской жизни, созданная женщинами Казахстана. Опытные специалисты разных сфер (психология, медицина, культурология, косметология) собираются вместе, чтобы рассказать о том, какие изменения (физиологические, эмоциональные, телесные) проживают женщины в разных возрастах и статусах. Основой конференции служат темы, о которых не принято говорить вслух. Они вызывают много разных эмоций: раздражение, недовольство, стыд, страх. Например, вопрос старения или материнского выгорания. Онлайн-конференция несет в себе образовательную, просветительскую функцию. Каждое выступление спикера — научно-обоснованная информация и практический опыт специалистов. В…
AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай «Қазақтарды қалай басқаруға болады» атты орыс тіліндегі кітап толықтай сатылымнан алынғанын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл еңбек 1734 жылы Ресей империясының бас хатшысы әрі ғалым Иван Кириллов құрастырған тарихи құжаттарға негізделген. Кириллов патша үкіметіне қазақ жерін басқару туралы жобасын ұсынған еді. Кітапқа сол құжаттармен қатар, Қазақстанның Ресей бодандығына өткеннен кейінгі кезеңде отарлау қалай жүргенін айғақтайтын маңызды тарихи деректер де енген. Кітаптың жарық көруіне бизнесмен Кеңес Рақышев демеушілік жасағаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде, әсіресе Meta мен TikTok-та кітаптың атауы мен мұқабасына қатысты сын күшейді. TikTok желісінде жүздеген адам пікір білдірген. Бір топ қолданушы «кітап тарихты түсінуге…
30 000-нан аса қазақстандық пен елорда қонақтары Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» — La Bella Principessa көрмесін тамашалады. Италияның Қазақстандағы елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant, Италияның мәдениет институты мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің күш-жігерінің арқасында атақты итальян суретшісінің шедеврі Астанадағы ҚР Ұлттық музейіне қойылды. Көрменің алғашқы қонағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Ақорданың баспасөз қызметі мәліметінше, маусымның басында Мемлекет басшысы Ұлттық музейге барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, Президентке La Bella Principessa картинасы көрсетілді. Көрменің ашылуы ҚР Ұлттық музейінің он жылдық мерейтойымен және иелерінің айтуынша, 528 жасқа толған картинаның туған күнімен тұспа-тұс келді. Астанада көрмені…
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов спортшылардың допинг қабылдауы туралы айтты. Оның сөзінше, қазір қамауда отырған Талғат Ермегияевтің кезінде допинг қабылдаған спортшылар жарысқа оңай шығып жүрген. Себебі Ермегияев халықаралық ауыр атлетика федерациясымен келісіп қоятын көрінеді, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Айта кетейік, Талғат Ермегияев 2011-2012 жылдары аралығында Туризм және спорт министрі болған. Өтешов ауыратлеттердің допинг қабылдайтыны рас екенін айтты. «Жалпы допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Допинг — жалпы атауы. Бәрін салады. Допинг полициясы мен біздің министрлік келіседі. Бәрі ақшаға байланысты. Олар бізді тексеруге келеді. «Двойник» деген нәрсе болады. Менің «двойнигім» Айдос деген інім болды.…
Желіде «Қазақтарды қалай басқару керек» деген кітаптың ашық саудаға шығарылуы қызу пікірталас туғызды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы әлеуметтік желіде блогер әрі медиа продюсер Нұрқожа Ерсайын мәлімдеп, наразылығын білдірді. Айтуынша, аталған кітап Алматыдағы туристер жиі аялдайтын жанармай құю бекетінің дүкенінде сатылып жатыр. «Алматының қақ ортасында «Как управлять казахами?» деген кітап емін-еркін сатылуда. Автор 1734 жылы қазақ қоғамы жоңғар шапқыншылығынан әлсіреп, Ресейдің қоластына өте бастаған кезде осы «нұсқаулықты» жазған Иван Кириллов. Мұнда қазақ пен қырғыз руларының арасына от жағып, оларды бөлшектеу арқылы отарлау туралы ашық жазылған. Кітап мұқабасының өзінде қазақ ханының орыс офицерлері алдында бас иіп тұрған суреті бейнеленген. Бұл – ұлтты…
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасында бірінен соң бірі сүрініп жатқан боксшылардың дайындығын сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сәрсекбаев ұлттық құрама сапындағы спортшылардың физикалық дайындығы өте төмен екенін баса айтты. «Біздің жігіттердің физикасы сын көтермейді. Екінші раундтан бастап-ақ демдері жетпей, рингте әрең қозғалып жүр. Соққылары әлсіз, комбинация мүлдем көрінбейді. Үш минуттық бір раундта қанша соққы жасауға болатынын білеміз. Сонда физикалық дайындығына жауапты арнайы шақырылған маман қайда? Ғылыми топ қайда қарап отыр? Боксшыларымыз үш раундты толық өткізе алмай, аяғына әрең тұрса, бапкерлер не істеп жүр? Бәрің жиылып, құр босқа Олимпиадаға шұбырып барғансыңдар ма? Бір ғана сұрақ қояйыншы: әрбір боксшы лицензияны…










