Автор: Асылхан Бөрібай

Қаржы теңге

Марқұм кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің Шымкенттегі мүлкі мен акциялары мемлекетке қайтарылды,  деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады. Шымкент қаласының прокуратурасымен биыл I-жартыжылдықта экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңге мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды. Осылайша, сот азамат Бақыт Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды. Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңге көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді. Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Толық оқу
Қазақфильм дау

«Қазақфильмнің» анимация саласында жүрген мамандары бір жыл бойы маңдай терімен тапқан ақшасын ала алмай жүр. Киностудияның алдына барған қызметкерлер басшылықтан «Алтын адам» жобасына тиесілі жарты миллиард теңгеге жуық қаражатты талап етуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиналған жұрттың айтуынша, былтыр аяқталған толықметрлі мультфильм үшін мемлекеттен бөлінген 500 млн теңге әлі қолына тимеген. Жобаға қатысқан суретшілер мен аниматорлардың көбі қарызға белшесінен батқан. «Өткен жылдың тамызынан бері жалақысыз отырмыз. 3-5 миллион теңгеге дейін еңбекақысын ала алмай жүрген қызметкерлер бар. Қолымызда заңды келісімшарт тұр. Осы студиядан басқа жерде жұмыс істемейміз. Сондықтан бір тиын қалдырмай, еңбекақымызды толық төлеуді талап етеміз», – дейді анимация бөлімінің қызметкері Жанәділ…

Толық оқу

Шымкентте Instagram әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру дерегі анықталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қала тұрғыны «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясыз заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқаны анықталды. Лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды. Бұл заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды. Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сатуда жарнама жасаған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге). Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің…

Толық оқу

Антикор активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Агенттік қандай қаржы мемлекетке қайтарылғанын жариялады, – деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде жыл басынан бастап шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Қазақстан халқына 2,5 жылда оның ішінде олигополиялар тарапынан 1,07 трлн теңге қайтарылды. «Бұл жұмыс БҰҰ-ның тиісті Конвенциясында белгіленген жемқорлыққа қарсы күрестің іргелі халықаралық қағидаты. Қазіргі жағдайда қаражат көбінесе басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды. Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және…

Толық оқу
Марат Әйтенов пен Дана Әтешова

Бишімбаев ісінде Нүкеновтердің қорғаушысы болған адвокат Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың төңірегіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дамир Ишмаметовтің айтуынша, бұл оқиғада полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты да жан-жақты тексеру жүргізілмек. «Қазір Марат Әйтенов әкімшілік кодекстің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұған қоса, оның үстінен қылмыстық кодекстің 108-1-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегімен іс қозғалды. Бірақ біз істің осы деңгеймен шектеліп қалмағанын қалаймыз. Өйткені Марат Әйтеновке қатысты іс материалында полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетін де тексеруді талап ететін жайттар көп. Ең таңғалдыратыны Дана Әтешованы соққыға жығып жатқанда, бірқатар полицейлердің ешқандай әрекет етпей, жай бақылап тұрғаны. Зардап…

Толық оқу

Қазақстандағы тауарлық газдың орташа құны 1000 текше метр үшін 33 169 теңге болады. Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газ бағасы туралы айтты. Оның сөзінше, баға кезең-кезеңімен көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы 23 646 теңге болады. «Газ саласына инвестициялар тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу ескеріле отырып, газ бағасының кезең-кезеңімен көтерілуі талап етіледі», — деді Сатқалиев. Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газ бағасы 1 шілдеден бастап өскен болатын. Ал мамырдың айында Қазақстанда сұйытылған газды әкетуге салынған тыйым ұзартылды.

Толық оқу
Гүлнара Каримова

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнардың түрмедегі жағдайы белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Зәңгіата ауданындағы әйелдер колониясында (КИН-21) жазасын өтеп шыққан әйелдің айтуынша, Гүлнара Каримова басқалар сияқты жалпы режимдегі жасақта отыр. «Оған ерекше VIP-камера берілмеген. Бірақ төрт адамдық кереуеттер орналасқан жерді ол көрпемен қоршап, оқшауланып алады екен. Жұмыс істемейді. Бір рет жұмысқа жіберілгенде шу көтергені бар. Түрмеде отырсың ба – бәріне ортақ тәртіпті ұстауың керек қой. Алайда кейбір мәселеде жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, бізге берілген киім материалынан бөлек, ауа өткізетін арнайы матадан тігілген киім киеді. Басқаларға рұқсат етілмесе де, бауы бар аяқкиім киюіне рұқсат бар», – дейді аты-жөнін айтпаған әйел…

Толық оқу
прокуротура

Бас прокуратура азаптау істеріне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Азаптаулар туралы арыздардың саны өткен жылы 2 есеге (791-ден 417-ге дейін), ал биыл үштен бірге (а.ж. 6 айында 221-ден 139-ға дейін) қысқарды. Ведомство мәліметінше, 2023 жылы сотқа азаптаулар туралы 2 есе көп іс жіберілді (22 ге қарсы 10), олар бойынша 4 есе көп адам сотталды (40-қа қарсы 12). Биыл сотқа 33 лауазымды адамға қатысты 12 іс (8) жіберілді. «Азаптаулардың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған бірқатар пәрменді шаралар қабылданды. Мәселен, нақты нәтиже прокурорлар желідегі жағдайды бақылау мақсатында қосылған үздіксіз бейнебақылау жүйесі арқылы берілді. Көрінбейтін аймақтар жойылды, ұстау және жеткізу процесін тіркеу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бейнежетондармен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдануда. Осы санаттағы істерді талдау…

Толық оқу

Антикор іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесетін ақпарат бергені үшін сыйақы берілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде. «Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде агенттікке мына телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет. Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу
Ресейге қарсы санкциялар туралы

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров АҚШ-тың Мәскеу биржасына салған санкциясы Қазақстанға бәлендей әсер етпейтінін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сарапшының айтуынша, санкция жарияланған алғашқы күні доллар бағамы Ресейде 200 рубльге дейін күрт көтерілгенімен, артынша жағдай тұрақталған. «Бұл дүрбелеңнің әсері еді. Қазір рубль бағамы қайта нығайды. Ресей санкция жағдайында өмір сүруге бейімделіп алғанын көрсетті. Оның экономикасы 5,5 триллион доллар көлеміндегі жалпы ішкі өніммен әлемде сегізінші орында тұр, ал Еуропа бойынша төртінші орында. Сондықтан санкцияның Ресей экономикасын тез арада құлдырата қоюы екіталай», – дейді Уәлихан Қайсаров Barys Media-ға берген сұхбатында. Экономистің пайымдауынша, Ресей экономикасын әскери өнеркәсіп арқылы күшейтіп отыр. «Әлемдік санкцияларға қарамастан, Ресейдегі қара металл өндірісі…

Толық оқу