Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ұлттық тестілеу орталығы биыл жалған ҰБТ сертификаттарын анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылданып жатыр және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан аса дерек тіркелген. «ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», — деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, сертификаттарды қолдан жасауға тырысқан жағайда тиісті шаралар қабылдау үшін бұл дерек құқық қорғау органдарына жолданады.

Толық оқу
Бухгалтерлер ақша жымқырған

Бюджеттің 4,5 млрд. теңгесін жымқырған 21 бухгалтерге сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 1), 2) тармақтары), заңсыз заңдастырғаны (ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігінің 3) тармағы), ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасап және оған қызметтік бабын пайдалана отырып қатысқаны (ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі) үшін айыпталған Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. «3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері С. әріптестерінен құралған (7 – білім бөлімі және 14 – орта мектеп) қылмыстық топ ұйымдастырған. Оның басшылығымен ұйымдасқан топ алдын ала сөз…

Толық оқу
Дана Атешова

Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов бұрынғы жары Дана Әтешовамен арасындағы даулы оқиғаға қатысты өз ұстанымын білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Марат Әйтенов жанжал туындаған үйдің бастапқыда әкесінің меншігінде болғанын жеткізді. Ол үйді 2017 жылы әкесі сатып алып, кейін өзі балаларымен сонда көшіп барғанын мәлімдеді. «Үй мәселесін бейбіт жолмен шешуге тырыстым. Мұнда ешқандай заңсыздық болған жоқ. Дана Әтешова үйге өз еркімен кіріп алған соң, үйдің заңды иесі сотқа шағым түсірген. Сот барлық құжатты қарап, екі жыл бұрын шешім шығарды. Сол кезде сот Дананың жағдайын ескеріп, үйді босатуға бір жыл мерзім берген. Ол 2023 жылы үйді босатуға уәде берген болатын», –…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысына шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», — деп жазылған хабарламада. Әзірге Тоқаев қайда демалатыны, Мемлекет басшысының еңбек демалысы қалай жоспарланғаны белгісіз.

Толық оқу

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 22 шілдеде қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Дәрігерлер сегіз науқастың алтауының жағдайын өте ауыр деп отыр. «Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшыны аман алып қала алмады. 1993 жылы туған, денесінің 85 пайызы күйіп қалған, осы уақытқа дейін өте ауыр жағдайда болған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. Еске салайық, 20 шілдеде, таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Оқыста №1 пештен жалын…

Толық оқу
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданындағы олимпиадалық дайындық орталығында Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алған спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу алдында өңір басшысы спортшылардың дайындығына арналған орталықты аралап, әсіресе «Атыс кешеніндегі» жаттығу базасының мүмкіндігін бағамдады. Бүгінде Алматы облысынан Олимпиадаға жол тартатын бес атлет – балуан Демеу Жадраев, стендтік атушылар Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Эдуард Лещенко және оқ атудан сынға түсетін Никита Чирюкин дүбірлі дода алдындағы соңғы әзірліктерін пысықтауда. Қазақстан спорттық атыс федерациясының басшысы Берік Асылов онлайн байланыс арқылы құттықтау сөз сөйлеп, спортшылар мен бапкерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. «Қазақстан құрамасында Олимпиадаға аттанатын 80 атлеттің 9-ы – дәл осы…

Толық оқу

Белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында демократия нормалары туралы сұраққа жауап берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әрбір мемлекеттің өзіндік даму жолы бар екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Әр елдің өзіне тән даму жолы болатыны заңдылық. Біз өзіміздің ұстанып отырған жолымыз, қалыптасқан салтымыз бар елміз. Біздің қоғамға тән өзіндік құндылықтар, салт-дәстүр, ұлттық менталитет. Демократия желеуімен, жалпы қоғамның наразылығын тудыратын, дінаралық, ұлтаралық араздықты қоздыратын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Алайда бұл демократияның қағидаттарын орындаудан бас тартамыз дегенді білдірмейді. Біз оны ары қарай дамыта береміз» деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. Егер сөз бостандығы желеуімен қоғамның ішіне іріткі салып, заң талаптарын бұзбай, әдеп деңгейінде…

Толық оқу
Аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдарға арналған жұмысынан заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Ertenмedia.kz Жоғары аудиторлық палата деректеріне сілтеп. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдардағы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды. 26 пайыз қаражат игерілмеген Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимовтың айтуынша, салаға жүргізілген екінші аудит 3,8 триллион теңге қаражат пен активтерді қамтыды. 13 ұйымға тексеріс жүргізілді. «Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) 16,2 миллион адам кіреді. Бұл ретте 12 миллион адам жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдікті санаттарға…

Толық оқу

Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді,— деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада. Сот санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Толық оқу

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Бұл туралы әкімнің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. «Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс жасау үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді. Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны орын алып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс жасадық деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге екі жыл бойы сүйікті қаламызды одан әрі көркейтуге тырыстық.…

Толық оқу