Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, Ресейдегі «Азия-Тынық мұхиты банкі» (АТБ Банк) 2023 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық табыс алса, биыл тіпті осы рекордты жаңартатын сияқты. Бірақ банк кез келген уақытта АҚШ-тың санкция тізіміне ілінуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenмedia.kz Nege.kz-ке сілтеп. Басылым мәліметінше, қазір Ресейдегі 320 банктің шамамен 30 пайызы АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау бойынша басқармасының (OFAC) бұғаттаушы тізіміне енгізілген және ай сайын ол тізім толығып тұрады. «Қазір «АТБ Банк» санкция тізімінде емес. Бірақ жылдың аяғына дейін жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Себебі OFAC Ресейдегі қаржы ұйымдарын бұғаттауға қатысты жұмысына жаңа серпін беруде», – дейді NEGE-нің дереккөзі.Санкция қаупін ысырып қойсақ, «АТБ Банктің» жалпы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыдағы «Евразия» және «Рахат» базарларындағы бір топ саудагерлерінің құқығы 6 жылдан бері қорғалмай келеді. Созбалаңға салынған істің нәтижесі боларына үміті үзілген кәсіпкерлер Президенттен араша сұрайды. Сауда үйінің меншік иесі болуға бар тапқан қаржысын құйған кәсіпкерлердің қаражатын кім қайтарады? 6 жылдан бері нүктесі қойылмайтын бұл қандай сот? Істің сағызша созылғанына лауазымды тұлғалардың қатысы бар ма? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеген кәсіпкерлер журналистермен кездесіп мұңын жеткізді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Abai.kz-ке сілтеп. Саудагерлердің айтуларынша, негізгі мәселе 2015 жылы базарларды модернизациялау дегеннен басталыпты. «6 жылдан бері сот процесіне нүкте қойылмай келеді. Біз бұл мәселені айта-айта жауыр болдық. Өйткені жауапты органдар нүкте қоюға құлықсыз. Біз енді…
Солтүстікке отбасымен бірге көшіп барған, бүгінде қазақтардың солтүстікке көшуіне мұрындық болып, қазақ тілінің мәртебесі үшін күресіп жүрген Бурахан Дақанұлы Ауғанстанға баруды да мақсат етіп отырғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, қазақ тарихына деген махаббат бала кезінен басталған. – Кішкентай кезімнен Қазақстан тарихын, қазақ әдебиетін жақсы оқыдым. Мұхтар Шахановтың «Отырар» туралы шығармасын жатқа білдім. Қатты қызығатын дүнием: Қазақстанның тарихы, дүниежүзі тарихы сияқты дүниелер болатын. Сол жерде ұлтымның қандай ұлы болғанын, бұрынғы заманда әлемді дүркіреткен 4 империяның тікелей мұрагері екенін сезіндім. Сол нәрсе жүрегіме күшті сезім сыйлайтын. 2017 жылдары ВКонтакте желісінде «Бөрілі байрақ» деген топ құрдым. Ол кезде интернетте қазақ тілді жазбалар, мәліметтер…
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов 5 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73 — бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты іс қаралды. Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті. Жәбірленушінің…
Адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын салған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Пенсильваниядағы сайлауалды митинг уақытында белгісіз біреу АҚШ-тың 45-президенті, қазір президент сайлауына тағы да түсіп отырған Дональд Трампқа оқ атты, – деп хабарлайды Ertenмedia.kz. БАҚ мәліметінше, Трамп жеңіл жарақат алған. Оқиға орнынан түсірілген видеода Трамптың бетіндегі қан көрінеді. Оны қауіпсіз жерге әкеткен. Қауіпсіздік қызметі мергенді оқиға орнында атып өлтірген. Оқиға Питтсбургтен шамамен 50 шақырым жердегі Батлердегі митингіде Трамп жақтастарының алдында сөйлеп тұрған кезде болған. 45-президент екінші мерзімге сайлануға күш салып жатыр. Оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты айыптады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев…
Астанада «Қазақстан – бар ғұмырым!» атты алғашқы жастар Конвенті өтіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа адамдар жастар қозғалысы ұйымдастырған жиынға елдің барлық өңірінен 7 мыңнан аса жас жиналды. Конвентке жалпы 15 мың адам өтініш берген, бірақ арнайы іріктеуден өткен үздіктер ғана бас қосты. Шараның басты ерекшелігі – жаппай таныстықты дамыту. Қатысушыларға арнайы мобильді қосымша ұсынылып, DOS_coin атты ішкі валюта берілді. Жастар конвенттің 15 түрлі алаңында белсенділік танытып, жинаған монеталарын түрлі тауарларға, сарапшылардың шеберлік сабақтарына және қазақстандық брендтердің киімдері мен сыйлықтарына айырбастай алады. Конвенттің орталық оқиғасы – «Акционисттер жарысы». Бұл сайыста ел ішіндегі өзекті мәселелерге арналған 12 әлеуметтік жоба өзара бақ…
Қазақстандағы бай рантье әйел әрі кәсіпкер Әбілғазиннің әйелі Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сүйенсек, Айдан Сүлейменова ресейлік паспорттан бас тарту туралы өтініш берген. Сүлейменова -Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы, оған қоса қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі. Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі, осы арқылы ол ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге астаналық Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді және Keruen City сауда орталығындағы үлеске ие. Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының…
«Қазақстан» қонақүйіне қатысты сот шешімі шықты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде Алматы қаласының танымал қонақүйін мәдени маңызы бар субұрқақты жаңғыртуға міндеттеді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы қонақүйден нұсқауды мәжбүрлі түрде орындауды талап еткен. Алайда басқарма қонақүйдің «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 17-бабы 1-тармағының 4, 4-1, 6) тармақшаларын бұзғанын көрсетіп, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қойды. «ЖШС «Қазақстан» қонақүйіне іргелес аумақта субұрқақты жаңғыртқан. Жұмыс жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз жүргізілген. Бірақ субұрқақты жоспарланған қайта жаңғыртудың орнына бассейн құрылысы басталды. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж…
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желі мен БАҚ-та өзі туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаткер бұған дейін айтылған «Новичокпен» улануы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарып, қазір Қазақстанда екенін жеткізді. «Маған қатысты улану туралы ақпаратты Orda таратты. Өзімнің бұған еш қатысым жоқ. Улануға қатысты қолымда ешқандай нақты дәлел де жоқ. Жалпы хайп пен шудың маған қажеті шамалы. Елге танымал «Ермұрат Бапи» деген атым, азды-көпті беделім бар», – деп түсіндірді ол. Сонымен қатар, Бапидің айтуынша, улану деген тек болжам ғана болған. «Мен дәрігерлерге толық тексеруден өттім. Қаннан паразитке дейін барлық сынаманы тапсырдым. Бірақ ешқандай күдікті нәрсе табылмады. Содан…










