«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бұрынғы президенті, белгілі кәсіпкер Ерлан Атамқұлов компаниядағы жемқорлықтың басталуына қатысты жаңа деректерді жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Атамқұлов Abay Live арнасына берген сұхбатында теміржол саласындағы қызметін 2002 жылы бастағанын айтып, осы қызметке тағайындалуына сол кездегі премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтің ықпалы болғанын жасырмады. «Иманғали бір жағынан досым, бір жағынан құдам. Ол мені теміржолға әкелу туралы Назарбаевпен келіскен шығар деп ойлаймын. Өйткені ол маған: «Ерлан, сен нарықты білесің, теміржол саласын көтеру керек», – деген болатын», – дейді Атамқұлов. 2005 жылдың 13 қазанында президент Назарбаев оған орынбасар етіп Қайрат Сатыбалдыны тағайындайтынын жеткізген. Атамқұловтың айтуынша, дәл осы сәттен бастап компания ішінде…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жастар арасындағы бопсалау деректері анықталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастарды ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдылығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық деректері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы да мамырда жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Топ мүшелеріне осындай 10 дерекке қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 миллион теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. «Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленушілер…
Қостанай облысында денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қатысты заңсыз сыйақы алу ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, авторлық қадағалау тобының басшысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша дәрігерлік амбулаторияларды салып жатқан компанияның бас инженерінен 9 миллион теңге көлемінде пара алған. Күдікті орындалған жұмыс актілері мен нысандарды пайдалануға беру құжаттарына қол қою үшін құрылыс компаниясының өкілінен бопсалау жолымен ақша талап еткен. «Жедел іс-шара барысында күдікті заңсыз сыйақыны алу үстінде қолға түсті. Сыйақы көлемі аталған құрылыс нысандарының жалпы құнының шамамен 1 пайызын құрайды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Үш өңірді үрейде ұстаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы мен Шымкентті, Түркістан облысын түгел қамтыған арнайы операцияны Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе, Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырды. 17 маусымда жүргізілген жедел-іздестіру шараларында кәсіпкерлерді қорқытып, бопсалап, ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 20 адам құрықталды. Ұсталған топтың Қаңтар оқиғасында белсенді әрекет еткен тұлғалармен байланыста болғаны да әшкере болды. Арнайы жасақ 40-тан аса тінту жүргізіп, атыс және травматикалық қару-жарақ, оқ-дәрілер мен есірткі заттарын тәркілеген. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы негізінде жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жария етілген жоқ. Бұған дейін…
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық домбыра күніне орай пікір білдіріп, ұлттық мұраның мән-маңызы туралы айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Қазақ әдебиетіне» сілтеп. «Домбыра – ұлттық бірегейліктің басты атрибуттарының бірі және ең қадірлі құндылығы. Себебі, халқымыздың тағдыр жолы мен таңбалы тарихында домбыраның алар орыны ерекше. Ерге қуат берген де – домбыра. Ұлысты ұйытып, елді біріктірген де – домбыра. Әр заманның талай тағдыршешті сәттерінде қара домбыра еңсемізді көтеріп, айбарымызды асырған. Бүгінде Ұлттық домбыра күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Мектептерге домбыра сабағы енгізіліп, өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруға баулып келеміз. Домбыраға қандай да бір құрметсіздік байқалса, ол күллі қоғамның қатаң айыптауы мен…
2024 жылғы 5 шілдеде Қарағанды қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті, деп хабарлайды Ertenмedia.kz. Қоғамдық талқылауға қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экологтар қатысты. Тыңдау аясында Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері сөз сөйлеп, АЭС салудың артықшылықтары, қазіргі атом станцияларының қауіпсіздігі, жұмыс принциптері және АЭС-тің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы айтып берді. ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова өз сөзінде Қазақстанда АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды шешім болып табылатынын атап өтті. Оның…
Бүгін, 2024 жылғы 5 шілдеде, Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар. «Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде орын алды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты», — деп хабарлады ведомство. Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші…
Мәдениет экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова жазасын өтеп, бостандыққа шықты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Шынар Ерғалиеваның төрағалық етуімен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы Ғалия Ысқақоваға қатысты үкімін өзгертті. Оның қылмыстық кодексінің 368-бабының 1-бөлігімен («Пара алудағы делдалдық») әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен («Қылмыс жасауға оқталу»), 368-бабына өзгертілді. Ғалия Ысқақова Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 368-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салу арқылы 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2023 жылғы 5 шілдеден бастап үйде қамауда…
Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандырып, билікті күштеп басып алмақ болған деструктивті топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын хабарлады. Арнайы операция кезінде төрт адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, топ мүшелері криминалдық және радикалды діни идеологияны ұстанған. Күдіктілердің үйлері мен көліктеріне жүргізілген тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш заттарға арналған бөлшектер, атыс қаруы мен оқ-дәрі, сауыт-сайман, полиция қызметкерлерінің арнайы киімдері, байланыс құралдары, дрондар, экстремистік әдебиет және басқа да тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді. Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әнші 15 тәулікке қамауға алынды. «Қаулы етемін: тараптардың татуласуы туралы келісім бекітілсін. Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-1-бөлігімен («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылсын. Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын», — деді судья. Ол қамауға алу мерзімі 4 шілдеден бастап сағат 23:50-де есептелетінін айтты. Әнші жазасын Шымкент қалалық әкімшілік полиция басқармасында өтейтін болды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляцияға бере алады. Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін қылмыстық іс фигуранты болған еді. Әнші қамауға…










