Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Антикор іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесетін ақпарат бергені үшін сыйақы берілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде. «Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде агенттікке мына телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет. Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі», — деп жазылған хабарламада.

Толық оқу
Ресейге қарсы санкциялар туралы

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров АҚШ-тың Мәскеу биржасына салған санкциясы Қазақстанға бәлендей әсер етпейтінін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сарапшының айтуынша, санкция жарияланған алғашқы күні доллар бағамы Ресейде 200 рубльге дейін күрт көтерілгенімен, артынша жағдай тұрақталған. «Бұл дүрбелеңнің әсері еді. Қазір рубль бағамы қайта нығайды. Ресей санкция жағдайында өмір сүруге бейімделіп алғанын көрсетті. Оның экономикасы 5,5 триллион доллар көлеміндегі жалпы ішкі өніммен әлемде сегізінші орында тұр, ал Еуропа бойынша төртінші орында. Сондықтан санкцияның Ресей экономикасын тез арада құлдырата қоюы екіталай», – дейді Уәлихан Қайсаров Barys Media-ға берген сұхбатында. Экономистің пайымдауынша, Ресей экономикасын әскери өнеркәсіп арқылы күшейтіп отыр. «Әлемдік санкцияларға қарамастан, Ресейдегі қара металл өндірісі…

Толық оқу
Назарбаев байланысы бар

Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, Ресейдегі «Азия-Тынық мұхиты банкі» (АТБ Банк) 2023 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық табыс алса, биыл тіпті осы рекордты жаңартатын сияқты. Бірақ банк кез келген уақытта АҚШ-тың санкция тізіміне ілінуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenмedia.kz Nege.kz-ке сілтеп. Басылым мәліметінше, қазір Ресейдегі 320 банктің шамамен 30 пайызы АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау бойынша басқармасының (OFAC) бұғаттаушы тізіміне енгізілген және ай сайын ол тізім толығып тұрады. «Қазір «АТБ Банк» санкция тізімінде емес. Бірақ жылдың аяғына дейін жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Себебі OFAC Ресейдегі қаржы ұйымдарын бұғаттауға қатысты жұмысына жаңа серпін беруде», – дейді NEGE-нің дереккөзі.Санкция қаупін ысырып қойсақ, «АТБ Банктің» жалпы…

Толық оқу

Алматыдағы «Евразия» және «Рахат» базарларындағы бір топ саудагерлерінің құқығы 6 жылдан бері қорғалмай келеді. Созбалаңға салынған істің нәтижесі боларына үміті үзілген кәсіпкерлер Президенттен араша сұрайды. Сауда үйінің меншік иесі болуға бар тапқан қаржысын құйған кәсіпкерлердің қаражатын кім қайтарады? 6 жылдан бері нүктесі қойылмайтын бұл қандай сот? Істің сағызша созылғанына лауазымды тұлғалардың қатысы бар ма? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеген кәсіпкерлер журналистермен кездесіп мұңын жеткізді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Abai.kz-ке сілтеп. Саудагерлердің айтуларынша, негізгі мәселе 2015 жылы базарларды модернизациялау дегеннен басталыпты. «6 жылдан бері сот процесіне нүкте қойылмай келеді. Біз бұл мәселені айта-айта жауыр болдық. Өйткені жауапты органдар нүкте қоюға құлықсыз. Біз енді…

Толық оқу
Бурахан

Солтүстікке отбасымен бірге көшіп барған, бүгінде қазақтардың солтүстікке көшуіне мұрындық болып, қазақ тілінің мәртебесі үшін күресіп жүрген Бурахан Дақанұлы Ауғанстанға баруды да мақсат етіп отырғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, қазақ тарихына деген махаббат бала кезінен басталған. – Кішкентай кезімнен Қазақстан тарихын, қазақ әдебиетін жақсы оқыдым. Мұхтар Шахановтың «Отырар» туралы шығармасын жатқа білдім. Қатты қызығатын дүнием: Қазақстанның тарихы, дүниежүзі тарихы сияқты дүниелер болатын. Сол жерде ұлтымның қандай ұлы болғанын, бұрынғы заманда әлемді дүркіреткен 4 империяның тікелей мұрагері екенін сезіндім. Сол нәрсе жүрегіме күшті сезім сыйлайтын. 2017 жылдары ВКонтакте желісінде «Бөрілі байрақ» деген топ құрдым. Ол кезде интернетте қазақ тілді жазбалар, мәліметтер…

Толық оқу

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов 5 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73 — бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты іс қаралды. Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті. Жәбірленушінің…

Толық оқу

Адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын салған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Толық оқу
Дональд Трамп

Пенсильваниядағы сайлауалды митинг уақытында белгісіз біреу АҚШ-тың 45-президенті, қазір президент сайлауына тағы да түсіп отырған Дональд Трампқа оқ атты, – деп хабарлайды Ertenмedia.kz. БАҚ мәліметінше, Трамп жеңіл жарақат алған. Оқиға орнынан түсірілген видеода Трамптың бетіндегі қан көрінеді. Оны қауіпсіз жерге әкеткен. Қауіпсіздік қызметі мергенді оқиға орнында атып өлтірген. Оқиға Питтсбургтен шамамен 50 шақырым жердегі Батлердегі митингіде Трамп жақтастарының алдында сөйлеп тұрған кезде болған. 45-президент екінші мерзімге сайлануға күш салып жатыр. Оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты айыптады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев…

Толық оқу

Астанада «Қазақстан – бар ғұмырым!» атты алғашқы жастар Конвенті өтіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа адамдар жастар қозғалысы ұйымдастырған жиынға елдің барлық өңірінен 7 мыңнан аса жас жиналды. Конвентке жалпы 15 мың адам өтініш берген, бірақ арнайы іріктеуден өткен үздіктер ғана бас қосты. Шараның басты ерекшелігі – жаппай таныстықты дамыту. Қатысушыларға арнайы мобильді қосымша ұсынылып, DOS_coin атты ішкі валюта берілді. Жастар конвенттің 15 түрлі алаңында белсенділік танытып, жинаған монеталарын түрлі тауарларға, сарапшылардың шеберлік сабақтарына және қазақстандық брендтердің киімдері мен сыйлықтарына айырбастай алады. Конвенттің орталық оқиғасы – «Акционисттер жарысы». Бұл сайыста ел ішіндегі өзекті мәселелерге арналған 12 әлеуметтік жоба өзара бақ…

Толық оқу

Қазақстандағы бай рантье әйел әрі кәсіпкер Әбілғазиннің әйелі Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. 11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сүйенсек, Айдан Сүлейменова ресейлік паспорттан бас тарту туралы өтініш берген. Сүлейменова -Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы, оған қоса қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі. Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі, осы арқылы ол ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге астаналық Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді және Keruen City сауда орталығындағы үлеске ие. Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының…

Толық оқу