Автор: Асылхан Бөрібай

Айдос Садықов Тоқаев

Киевте оппозициялық журналист Айдос Садықовқа қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға журналист әйелі Наталья Садықовамен бірге автокөлікте отырған кезде болған. Белгісіз адам көлікке жақындап келіп, оқ атқан. Қазір Айдос ауыр халде ауруханада жатыр. Әлеуметтік желіде шабуылдың артында Қазақстан билігі тұруы мүмкін деген болжам тарауда. Наталья Садықованың өзі де осы пікірді қуаттап отыр. «Бараева» телеграм-арнасының хабарлауынша, оқиғадан бірнеше күн бұрын белгісіз адамдар ерлі-зайыптылардың бұғатталған аккаунттарындағы кейбір жеке сипаттағы материалдарды жариялауды өтінген. Арнаның жазуынша, мұның артында жанжал тудыру мақсаты жатуы ықтимал. Сонымен қатар шабуыл болған күні Садықовтардың арнасында Тоқаев айналасындағы «Кремль агенттері» туралы видео шыққан. Сарапшы не дейді? Саясаттанушы Ғазиз Әбішев…

Толық оқу
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов экс-спикер Нығматулин мен экс-әкімі Даниал Ахметовтің шетелдегі мүлкіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенаттың кулуарында тілшілер қауымы активтерді қайтару бойынша құрылған комиссия жұмысы туралы сұрақ қойды. «Қазір Бас прокуратураның жанынан активтерді елге қайтару жөніндегі комиссия құрылды. Біз осы комиссияның құрамындағы жұмыс органдарының біріміз. Қажетті ақпараттарды жүйелі түрде ұсынып отырамыз. Шетелге заңсыз шығарылған активтер анықталса, арнайы реестрге енгізіліп, әрі қарай тиісті органдар ұжымдық шешім қабылдайды», – деді вице-министр. Журналист Біржановтан Нығматулин отбасының және Ахметовтің ұлының атына рәсімделген БАӘ-дегі бірнеше жылжымайтын мүліктің тағдыры жайлы нақты ақпарат сұраған еді. «Аталған тұлғаларға қатысты нақты ақпарат бізде жоқ. Өйткені активтерді…

Толық оқу
Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша

Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сот отырысында кәсіпкер Абай Жүнісовтің ағасы Қасым Жүнісов жауап берді. Ол кезінде інісі мен Гүлмира Сатыбалды бірлесіп ашқан құрылыс компаниясында қызмет еткен. Жүнісовтің айтуынша, ол Гүлмира Сатыбалдымен алғаш рет 2011 жылы кездесіп, кейін аралары жақсы қарым-қатынасқа ұласқан. Сатыбалды оған және інісіне өз ықпалын пайдаланып, әкімшілік ресурстар арқылы көмек беретінін айтқан. «Біз оған толық сендік, өйткені ол Қайрат Сатыбалды және Назарбаев әулетімен тығыз байланыста болды. Соның нәтижесінде бірден бірнеше ауқымды нысанды сәтті салдық. Мәселен, екі жылда бітуі тиіс 1200 орындық мектеп құрылысы бір жылда…

Толық оқу
экс-президент Назарбаевтың

Жазушы, драматург Дулат Исабеков экс-президент Назарбаевтың ел басқарған кездегі жетістігі мен қателігі жөнінде өткір пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жазушының айтуынша, Назарбаевтың дәуірінде билікпен шындық үшін жиі тартысып қалған кездері аз болмаған. Ол бұрынғы президентпен үлкен дау болып, тіпті Назарбаев оны сотқа беруге дейін барғанын айтты. «Шындықты айтсаң, халыққа жағасың, билікке жақпайсың. Назарбаевқа қатысты үлкен мақала жаздым. Оның кабинетінде екеуміз қатты салғыластық, мені сотқа беремін деді. Кейін татуластық. Бірде Лондонда менің пьесам қойылатын болды. Ал Назарбаев соған арнайы шақырып, бұрынғы өкпе-назды ұмытып, «Қазақ пьесасын Қазақстандағы орыс театрлары қоймаған кезде, сенің туындың Лондонда сахналанғанына қуаныштымын» деп, швейцариялық сағатын беріп, құрметпен шығарып…

Толық оқу
уақыт белдеуін ауыстыру

Қазақстанда уақыт белдеуін ауыстыру мәселесі халықтан түскен петиция негізінде арнайы қаралады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, арнайы құрылған жұмыс тобы қазірдің өзінде өз жұмысына кіріскен. «Заңға сәйкес петицияны қарастырудың нақты алгоритмі бар. Бүгін жұмыс тобының алғашқы отырысы өтіп, ұйымдастыру жұмыстары басталды. Өтініш авторлары тарапынан ұсынылған азаматтар жұмыс тобына енгізілді. Қазір талқылаудың ашық, дәлелді және құрметпен өтуіне назар аударылып отыр. Эмоцияға беріліп, дәлелсіз айыптауға жол берілмейді. Шешім шахматтағыдай әр қадамды мұқият, негіздеп қабылданады», – деді Арман Шаққалиев. Министр жұмыс тобындағы талқылаудан кейін арнайы комиссия қорытынды шығаратынын жеткізді. Барлық жұмыс заңда көрсетілген мерзім…

Толық оқу
Депутат Ерлан Саиров

Депутат Ерлан Саиров Украинада тұрып жатқан журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуылға қатысты пікір білдіріп, елдегі олигархиялық топтарды сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін әлеуметтік желідегі «Бәсе» арнасының авторы Айдос Садықов Киевте белгісіз адамдардың шабуылына ұшыраған болатын. Қазір ол Украинада босқын мәртебесімен тұрып жатыр. Қазақстан билігі Садықовты биыл қазанда ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық тудырды деген айыппен халықаралық іздеуге жариялаған еді. Киевтегі оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде бұл қастандықтың артында Қазақстан билігі тұруы мүмкін деген түрлі болжамдар тарады. Депутат Ерлан Саировтың айтуынша, Президент Тоқаев бұл істің ашық әрі жан-жақты тергелуіне тапсырма берген, қазір іс Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Оның үстіне екі күдіктінің…

Толық оқу
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты сотталушының ата-анасынан «үкімді жеңілдетемін» деп 100 миллион теңге сұраған әйелдің кім екенін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Адвокаттың сөзінше, алаяқ әйел ұзақ уақыт бойы Бишімбаевтың туыстары мен қорғаушыларына тыным бермеген. «Ол бірнеше рет байланысқа шығып, үкімді жеңілдететін ықпалды адамдармен байланысы бар екенін айтқан. Біз оны бұғаттап тастадық. Бірақ ол Бишімбаевтың ата-анасының үйін тауып алып, тіпті баласымен келіп, сөйлесуге әрекеттенген. Сол кезде 100 миллион теңге берсек, үкімді жеңілдетуге көмектесетінін айтты. Осы оқиғадан соң біз бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарластық», – дейді адвокат Ғазымжанов ZTB порталына берген сұхбатында. Операция қалай өтті? Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бишімбаевтың отбасы…

Толық оқу
Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы

Экс-президент Назарбаевтың қызы мен күйеу баласына тиесілі «Алмэкс» холдингі 2023 жылдың нәтижесі бойынша дивиденд төлемейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes.kz дерегінше акционерлердің жалпы жиыны кезінде осындай шешім қабылданған. Жиналыс 2024 жылғы 30 мамырда өтті. Холдингтің былтырғы таза пайдасы қандай болғаны әзірге белгісіз. Акционерлер жылдық қаржылық есепті бекіткенімен, компания ол құжатты көпшілікке жарияламаған. Өткен жылы холдингтің иелері таза табыстың толық сомасын дивиденд ретінде бөліп алған еді. Ол кезде дивидендтің жалпы мөлшері шамамен 88,9 миллиард теңгені құрады. «Алмэкс» холдингін Тимур мен Динара Құлыбаевтар тең үлеспен басқарады. Forbes Kazakhstan дерегі бойынша, олардың ортақ байлығы – 5 миллиард доллар шамасында. Қазақстандағы ең дәулетті 75 бизнесмен…

Толық оқу
мұнай-газ саласындағы

Маңғыстау облысының прокуратурасы мұнай-газ саласындағы бес кәсіпорынды тексеруге алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тексеру барысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ОйлТранспортКорпорейшн» серіктестігінің лауазымды тұлғалары техникалық талаптарға сай келмейтін автобустарды жеткізушіден қабылдап алғаны белгілі болды. Оның үстіне автобустардың бағасы нарықтағы нақты құнынан 400 миллион теңгеге қымбатқа бағаланған. Жалпы сомасы – 1,5 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ дәл осы кәсіпорынның жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды. Ал «ОйлТранспортКорпорейшн»-нің мердігері – «West Oil Software» серіктестігі жұмысқа шықпаған қызметкерлерге 400 миллион теңгеден астам жалақы аударған. Бұдан бөлек, компания басшылығының туыс-туғандары да заңсыз негізде жалақы алып отырған. Қазіргі таңда…

Толық оқу
Вице-премьер Қанат Бозымбаев

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін салынып жатқан баспаналарға «ең арзан, сапасыз жиһаздар алынып жатыр» деген қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистер өңірлердегі халықтың жаңа үйлердегі жиһаз бен тұрмыстық техниканың сапасыз әрі арзан екеніне шағымданғанын айтып, вице-премьерден түсініктеме сұраған болатын. Бозымбаев мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, әкімдіктердің бұл іске қатысы жоқ екенін жеткізді. «Әкімдіктердің міндетіне жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алу кірмейді. Егер тұрғын үйлерге жиһаз немесе техника қойылып жатса, бұған демеушілер есебінен алынған заттар пайдаланылуда. Сондықтан әкімдіктер ешқандай жиһаз да, техника да сатып алып жатқан жоқ», – деп нақтылады ол. Сондай-ақ журналистер Бозымбаевтан келер жылғы су тасқынының болжамы…

Толық оқу