Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткері Амалбек Тшанов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет еткер кезі туралы айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Мен ол кезде үлкен бірлестіктің бас директорымын, сонымен қатар, Жоғары кеңестің депутатымын, әлі жаспын. Оған дейін саясатқа араласу ойымда болған жоқ. Себебі мен үшін өндірісте жұмыс істеу бақыт болатын. Кейіннен маған сондай ұсыныс (Назарбаевтың кеңесшісі болу туралы) болды. Әрине, мен қуана қарсы алдым. Жаңадан президент сайланған, мен Жоғары кеңестің депутаты есебінде бәріне қатыстым. Оңтүстік Қазақстанның өкілі болып бардым. Бар пейілімізбен Нұрсұлтан Әбішұлының президент болуына аянбай қызмет еттік. Оның бәрін жұртқа түсіндірдік» — дейді Амалбек Тшанов Barys media-ға берген сұхбатында. Тшанов Назарбаев талантты…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға арнайы келуі екі елдің байланысын жаңа деңгейге көтергенін көрсетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана әуежайында Си Цзиньпинді Президент Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды. Кездесуде Тоқаев Қытайды Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Саясаттанушы Асхат Қасенғали Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің бұрынғы орнын біртіндеп Қытай басып келе жатқанын айтады. Оның пікірінше, екі елдің байланысы жылдан-жылға артып, арадағы қарым-қатынас тың деңгейге көтеріліп жатыр. «Си Цзиньпиннің Астанаға сапары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты шараның бір бөлігі ғана. Оның артында маңызды келіссөздер мен мемлекетаралық жобалар тұр. Қытай мен Қазақстан шекаралас мемлекет болғандықтан, экономикалық, мәдени, қорғаныс және саяси бағыттағы…
