Автор: Асылхан Бөрібай

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, сондай-ақ, оның әйелі мен адвокатына қатысты іс пен үкімді қарайды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Істі қарау сағат 15.00-ге тағайындалған. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде пайда болды. Айта кетейік, ақпанда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарды. Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Өткен жазаны ескере отырып, бұрынғы шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан…

Толық оқу
Амалбек Тшанов Назарбаев туралы

Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткері Амалбек Тшанов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет еткер кезі туралы айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен ол кезде үлкен бірлестіктің бас директорымын, сонымен қатар, Жоғары кеңестің депутатымын, әлі жаспын. Оған дейін саясатқа араласу ойымда болған жоқ. Себебі мен үшін өндірісте жұмыс істеу бақыт болатын. Кейіннен маған сондай ұсыныс (Назарбаевтың кеңесшісі болу туралы) болды. Әрине, мен қуана қарсы алдым. Жаңадан президент сайланған, мен Жоғары кеңестің депутаты есебінде бәріне қатыстым. Оңтүстік Қазақстанның өкілі болып бардым. Бар пейілімізбен Нұрсұлтан Әбішұлының президент болуына аянбай қызмет еттік. Оның бәрін жұртқа түсіндірдік» — дейді Амалбек Тшанов Barys media-ға берген сұхбатында. Тшанов Назарбаев талантты…

Толық оқу
Си Цзиньпин

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға арнайы келуі екі елдің байланысын жаңа деңгейге көтергенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана әуежайында Си Цзиньпинді Президент Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды. Кездесуде Тоқаев Қытайды Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Саясаттанушы Асхат Қасенғали Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің бұрынғы орнын біртіндеп Қытай басып келе жатқанын айтады. Оның пікірінше, екі елдің байланысы жылдан-жылға артып, арадағы қарым-қатынас тың деңгейге көтеріліп жатыр. «Си Цзиньпиннің Астанаға сапары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты шараның бір бөлігі ғана. Оның артында маңызды келіссөздер мен мемлекетаралық жобалар тұр. Қытай мен Қазақстан шекаралас мемлекет болғандықтан, экономикалық, мәдени, қорғаныс және саяси бағыттағы…

Толық оқу
Қуандық Бишімбаевтың анасы

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұған дейін басқа адамдардың атына рәсімделген компанияларын өзіне қайтаруды бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 71 жастағы кәсіпкер әйел жақында Sapa Logistics компаниясындағы құрылтайшылық үлесін қайта иеленді. Компаниялар тізіліміндегі ақпаратқа сай, қазір Sapa Logistics ЖШС-нің иелері ретінде Әлмира Нұрлыбековадан бөлек, оның туысы Қарлығаш Әділова мен 2018 жылдан бері директор қызметін атқарып жүрген Арман Досмағамбетов көрсетілген. Нұрлыбекова бұл компанияның негізін қалаушылардың бірі болғанымен, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты дау ушыққан тұста, өз үлесін Қарлығаш Әділоваға рәсімдеп жіберген еді. Sapa Logistics Бишімбаевтар отбасына тиесілі ірі кәсіпорындардың бірі. Компания қойма логистикасы қызметін көрсетеді. Ресми деректерге сәйкес, мекеме 2015 жылдан бері…

Толық оқу