Маңғыстау облысының прокуратурасы мұнай-газ саласындағы бес кәсіпорынды тексеруге алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тексеру барысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ОйлТранспортКорпорейшн» серіктестігінің лауазымды тұлғалары техникалық талаптарға сай келмейтін автобустарды жеткізушіден қабылдап алғаны белгілі болды. Оның үстіне автобустардың бағасы нарықтағы нақты құнынан 400 миллион теңгеге қымбатқа бағаланған. Жалпы сомасы – 1,5 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ дәл осы кәсіпорынның жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды. Ал «ОйлТранспортКорпорейшн»-нің мердігері – «West Oil Software» серіктестігі жұмысқа шықпаған қызметкерлерге 400 миллион теңгеден астам жалақы аударған. Бұдан бөлек, компания басшылығының туыс-туғандары да заңсыз негізде жалақы алып отырған. Қазіргі таңда…
Автор: Асылхан Бөрібай
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін салынып жатқан баспаналарға «ең арзан, сапасыз жиһаздар алынып жатыр» деген қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистер өңірлердегі халықтың жаңа үйлердегі жиһаз бен тұрмыстық техниканың сапасыз әрі арзан екеніне шағымданғанын айтып, вице-премьерден түсініктеме сұраған болатын. Бозымбаев мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, әкімдіктердің бұл іске қатысы жоқ екенін жеткізді. «Әкімдіктердің міндетіне жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алу кірмейді. Егер тұрғын үйлерге жиһаз немесе техника қойылып жатса, бұған демеушілер есебінен алынған заттар пайдаланылуда. Сондықтан әкімдіктер ешқандай жиһаз да, техника да сатып алып жатқан жоқ», – деп нақтылады ол. Сондай-ақ журналистер Бозымбаевтан келер жылғы су тасқынының болжамы…
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тарту керектігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, Назарбаев 30 жыл ел билеген кезде болған әділетсіздіктер, заңсыздықтар үшін халық алдында ашық түрде жауап беруі тиіс. Ол бұрынғы президенттің билік басындағы кезеңін «авторитарлық жүйенің сұрқай мұрасы» деп бағалады. «Назарбаев елді дамыттым деп мақтанды да, артына қарамай кете барды. Ал одан қалған жүйе ел байлығын талан-таражға салып, оппозиция өкілдерін қудалады. Тіпті саяси қайраткерлерге қарсы жасалған түрлі қастандықтар бар. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев осы және басқа да мәселелер бойынша халыққа ашық жауап беруі қажет. Жүйелі түрде өткеннің қателіктерін саралап, нақты бағасын беру керек», – деді депутат…
Грекиядағы танымал туристік аймақтардың бірі Гидра аралында болған орман өртінің себебіне Қазақстан азаматтарының қатысы бар деген ақпарат тарады. Тіпті өрт басталған кезде арал маңында тұрған яхтада Қазақстандағы белгілі бизнесмен Данияр Абылғазин мен Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова болғаны айтылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz OCCRP деректеріне сүйеніп. Мәліметке сенсек, демалушылар жалға алынған яхтадан отшашу атқан, артынша жалын тұтанып, 300 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Аралдың мэрі Гиоргос Кукудакис оқиғаға қатысы бар шетелдіктерді сотқа беріп, өтемақы талап ететінін мәлімдеді. OCCRP дерегінше, өрттен кейін яхтадағы жеті қазақстандықтың барлығы бір тәулік өтпей жеке ұшақпен елден кетіп қалған. Топтың ішінде Қазақстандағы дәулетті адамдардың бірі Данияр…
Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер саны артып келеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, биылғы шілдеде еліміздің көптеген аймақтарында ылғал деңгейі қалыпты болады деп күтілгенімен, кейбір өңірлерде құрғақшылық қаупі күшейіп тұр. Әсіресе Қостанай облысының Амангелді мен Жангелді аудандары, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандары қауіпті межеде. Қарағанды облысының Шет ауданы, Ұлытау облысының Ұлытау мен Жаңаарқа аудандары да осы сызықтың бойында тұр. Алматы облысының Балқаш пен Жамбыл аудандары, Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Тұрар Рысқұлов ауданы да құрғақшылыққа бейім деп болжанды. Түркістан облысында да құрғақшылық қаупі бар. Әсіресе Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар мен Бәйдібек аудандарында ылғал тапшылығы…
Әлемжеліде Дариға Назарбаеваның жаңа кітабы туралы ақпарат тарады. «Мои заслуги перед народом» деген атпен жарық көрген кітаптың тұсаукесері жабық форматта өтті деген де ақпарат бар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Таралған мәліметтерде Назарбаеваның кітабында өмірі мен еңбек жолын баяндап, ел дамуына қосқан үлесі жайлы ой қозғайтыны айтылған. «Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы өз естеліктерімен бөлісіп, Қазақстанның болашағы туралы пайымдаған», – делінген желіде тараған ақпаратта. Алайда «Меломан» кітап дүкенінің өкілдері мұндай кітаптың сатылымға шықпағанын, тіпті мұндай кітап туралы ешқандай ақпараттары жоқ екенін мәлімдеді. «Әлеуметтік желілерде тараған «Мои заслуги перед народом» кітабы ешқашан біздің сайтта немесе Marwin/»Меломан» дүкендерінде сатылған емес. Бізге белгілі мәліметтерге сүйенсек,…
2024 жылдың 26 маусымында Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген төрт азамат ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және Ішкі істер министрлігінің қолдауымен жүзеге асырған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бірі шетелде ұзақ уақыт тұрып, сол жақта радикалдық діни идеологияның ықпалына түскен болуы ықтимал. Күдіктілердің мекенжайына жүргізілген тінту кезінде радикалдық мазмұндағы әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленген. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1 және 2-бөлігі («Терроризмдi насихаттау») бойынша тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сай, іске қатысты басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді. Шағын анықтама Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасында терроризмді насихаттаған азаматтарға бес жылдан…
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Оның айтуынша, осы аумақта орналасқан жер телімі заңсыз жолмен жеке меншікке өтіп кеткен. Соңғы кезде Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваның иелігіндегі компанияға тиесілі болған. «Жер аманаты» республикалық комиссиясының жұмысы аясында Алматы қаласының жер ресурстары басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, 2024 жылғы 9 сәуірде Алматы мамандандырылған экономикалық соты осы жерге қатысты 2007 жылы шығарылған әкімдіктің қаулысын және бірнеше сатып алу-сату шарттарын заңсыз деп таныған болатын. Биыл 27 мамырда Алматы қаласының апелляциялық сот алқасы осы шешімді күшінде қалдырды. Нәтижесінде…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты референдум биыл күзде өтетінін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы атом электр станциясының тағдырын халық шешетінін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, экономиканы ілгерілету үшін сенімді әрі тұрақты энергия көзі қажет. Осы мақсатта атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыру туралы Үкіметке нақты тапсырма бердім. Қазір қоғамда бұл мәселе жан-жақты талқылануда. Пікірлер де сан алуан. Осы талқылауға БАҚ та белсенді араласқаны жөн. Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға әлеуеті жеткілікті. Бірақ нақты шешімді халықтың өзі қабылдайды. Сол үшін биыл күзде референдум өтеді. Үкімет референдумның нақты күнін бекітеді», – деді Президент. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы былтырғы…
Грекия билігі Гидра аралындағы орман өртіне Қазақстаннан келген туристердің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Олар тілсіз жаудың тұтануына қайықтан ұшырылған отшашу себеп болды деген болжам жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz. “Персефоне” кемесінің капитаны және 12 экипаж мүшесі жұма күні түнде болған өртке байланысты айыпталып отыр. Бұл туралы Грекия агенттіктері мәлім етті. Ал Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтардың ұсталмағанын және оларға қатысты ешқандай талап-арыз болмағанын хабарлаған болатын. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. “Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және…










