Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев Дохада өткен жарыстан кейін Бекзат Алмаханның жағдайын ойлады. Себебі сол кеште Бекзат октагонда жеңіліп қалды. Асу баспасөз мәслихатында ашық айтып, бауырын сынға жығып жібермей, керісінше қолдау көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, осы деңгейге жетіп, шетелге келудің өзі, қапталда тұрған октагонға бір қадам жақындаудың өзі үлкен ерлік екенін айтты. Асу Бекзаттың жекпе-жегін киім ауыстыратын бөлмедегі экраннан көргенін айтты. Қуанып тұрған сәттің өзінде бауыры жеңілгенде көңілі түсіп кеткенін жасырмады. – Ол менің бауырым, дәл осындай кезде дем бермесек, қашан қолдаймыз? – деп ойын айтты. Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін, бір жекпе-жекпен адамның еңбегін жоққа шығаруға болмайтынын еске…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу облысында биылғы тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция маусымы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, эпидемиологиялық маусым басталғалы 45 674 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Соның 30 912-сі 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Яғни вирустық инфекция көбіне балалар арасында таралып жатыр. Осыны ескеріп, медициналық ұйымдар жұмысты күшейтілген режимге көшірген, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірінші деңгейдегі медицина ұйымдарында 29 мобильді бригада жұмыс істейді. Олар үйден шықпай-ақ дәрігер көмегіне жүгінгісі келетін немесе жүріп-тұруы қиын науқастарға барады. Бұдан бөлек, 25 сүзгі кабинеті арқылы клиникаға келген адамдарды бірден сұрыптап, тұмау белгілері барларын бөлек қабылдайды. Азаматтар телефон арқылы да кеңес ала алуы үшін 48…
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында демеушілердің қолдауымен Панфилов ауданы Талды ауылында 1 саябақ салынса, келесі жылы Жаркент қаласында тағы 1 жаңа саябақтың құрылысы жоспарланып отыр. Сол сияқты жергілікті бюджеттен Атамекен ауылындағы және аудан орталығындағы саябақтар жөнделді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысының айтуынша, Панфилов ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. – Жаркент қаласында 4 көпқабатты үйдің ауласына ағымдағы жөндеу жасалды. Жаркент, Ақжазық, Аққұдық, Сарытөбе, Кішішыған елді мекендерінде балалар және спорт алаңдары салынып, Надек, Үшарал, Ақжазық, Алмалы, Әулиеағаш, Жаркент-Арасан ауылдарының 8 көшесіне 500-ге жуық жарық…
Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы жалғасуда. Іскерлік басқосуға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Форум аясында панельдік отырыстар ұйымдастырылып, онда «Түркістан облысының тұрақты дамуына инвестициялар: Өнеркәсіптен Агроөнеркәсіп кешеніне дейін» тақырыбында сессия отырысы өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков форумның маңыздылығын айта келе, облыстың агроөнеркәсіп саласына инвестициялар тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. – Түркістан облысы бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірегейі және инвестициялық әлеуеті жоғары мекен. Сонымен қатар облыс аумағы табиғи жер қойнауы мен пайдалы қазба кен орындарына бай. Қазіргі уақытта облыста…
Атырауда «Таза Қазақстан»: табиғатқа тағзым – үздіктерге құрмет» қорытынды іс-шарасы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қорытындылау салтанатында экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұқыпты пайдалануға үлес қосты. Шарада үздік мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және белсенді азаматтар марапатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. – Биыл тұжырымдама аясында өңірде аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, заңсыз қоқыс орындарын жою, өзен-көл маңын тазарту және экологиялық ағарту бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл бастамалар Атырау облысының экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты, – деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбарасы Зарина Төребаева. Қорытынды жиын барысында…
Анкарада ТҮРКСОЙ ұйымында түркі халықтарының мәдениетіндегі ана бейнесіне арналған «Түркі әлемінің аналары: дәстүр және қазіргі заман» халықаралық дөңгелек үстелі мен көрме өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шара түркі өркениетіндегі ананың рухани болмысын, даналық пен мейірімділікті дәріптеуге бағытталды. Оған Қазақстан, Түркия және Түрікменстанның мемлекеттік органдары, ғылыми және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиынды «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев ашты. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев түркі әйелдерінің рухани көшбасшылығына жоғары баға беріп, қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер вице-министрі Леман Йенигүн ана ұғымының түркі халықтарында отбасының ғана емес, ұлттың тірегі екенін, тарихи жазбалардан бастап бүгінге дейін даналық пен…
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби бірлестігінің арнаулы тілшісі қазақтың танымал жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұржан Қуантайұлымен сұқбаттасты. Бұл қаламгер де белгілі меценат, ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Алиджанұлы Ибрагимовтың демеушілігімен өтіп жатқан «Қазіргі заманғы қазақ романы» конкурсының үшінші кезеңіне өткен болатын. – Нұржан аға, «Қазіргі заманғы қазақ романы» бәйгесіне меценат Шухрат Ибрагимов мол қаламақы қойылып отыр. Айтыңызшы, қаламақы қаламгердің шығармашылығына қаншалықты күш-қуат береді? – Голливудтың көркем фильмдері неге үздіксіз дамып отырады, өйткені киноиндустрияға жақсы сценарий ұсына алатын сценарийші көп. Олар мол қаламақы алады, өзара бәсекесі өте күшті. Ал енді соларға қаламақы бермей, тегін жазып бер деп көрші,…
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Корея Республикасына жұмыс сапарымен барып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар іскерлік кездесулер өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдымен Қазақстан мен Кореядағы елшілігінде кореялық бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде облыс әкімі Нариман Төреғалиев екі ел арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған мұндай алаңдардың маңызы зор екенін жеткізді. Әкім өз сөзінде Батыс Қазақстан облысының географиялық және экономикалық артықшылықтарына тоқталды. Ресейдің Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектесетін өңірдің транзиттік әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. – Біз бүгін Батыс Қазақстан облысынан арнайы делегациямен Корея Республикасына келдік. Алдымен осындай кездесуді өткізуге…
Алматы облысындағы «Қазыбек бек» индустриялық аймағында Asia United Steel сталь өндіру желісінің құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің жаңа өнеркәсіптік алыптарының бірі ретінде бағаланып отыр. Зауыт шамамен 600 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр, үш кезеңде жүзеге асырылады, жылына 1,2 млн тонна болат өндіреді және еліміздің оңтүстігіндегі ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың біріне айналмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Алпауыт нысанның алғашқы іргетасын қалау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы келді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, шетелдік инвесторлар мен жобалық ұйымдардың басшылары қатысты. Өңір басшысы бұл қадам облыстың ғана емес, тұтас ел экономикасының әлеуетін арттыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында…
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында көлік, энергетика, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қолданыстағы әрі келешектегі инвестициялық жобалар жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын барысында ГТС-2 жүк терминалын дамыту, жылу электр станциясын салу, автобус паркін жаңғырту және зарядтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту жайы талқыланды. Бұған қоса, газ толтыру станцияларын құруға қатысты жобалар да қаралды. Өнеркәсіптік бағытта жаңа буындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу және автокөлік орындықтарын өндіру көлемін арттыруға арналған жобалар ұсынылды. Сайран маңында инновациялық қалалық СЭС пен жасанды интеллект музейін құру жөніндегі бастама таныстырылды. Бұл жоба энергетика, заманауи технология мен білім беру салаларын тоғыстырып, болашақта…










