Бейжің АҚШ-тың Арктика аймағындағы мүдделерін алға жылжыту үшін Қытай мен Ресейді «қауіп-қатер» ретінде көрсетуіне қарсы шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. Ал бұған дейін Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Исландияға сапары барды. Сол кезде ол АҚШ президенті Дональд Трампқа НАТО аясында Қытай мен Ресейдің Арктикадағы ықпалына бірлесіп қарсы тұруды ұсынған еді. – Арктика бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ортақ мүддесіне қатысты аймақ. Қытайдың Арктикадағы қызметі өңірдің бейбітшілігін, тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және халықаралық құқыққа сәйкес жүргізіледі, – деді Мао Нин неміс министрінің мәлімдемесіне жауап беріп. Сонымен қатар, ол «АҚШ-тың…
Автор: Асылхан Бөрібай
13 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал адамды жаңа мүмкіндіктер мен табысқа жетелейтін энергияға толы. Өзгерістерден қорықпай, ішкі түйсікке сенгендер үшін бүгінгі күн ерекше жемісті болмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Бүгінгі күн сізге жаңа таныстық пен тың идеялар әкеледі. Сенімділігіңізді жоғалтпай, мақсатқа нақты қадам бассаңыз, айыңыз оңынан туады. Кешке күтпеген жақсы жаңалық естисіз. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақтарға бүгін қаржылық мәселелерде сәттілік серік болмақ. Бұрыннан жоспарлаған істеріңіз оң шешілуі мүмкін. Дегенмен, жақындарыңызбен қарым-қатынаста сабырлы болыңыз. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Егіздер бүгін айналасындағы адамдарға шабыт беретін энергияға ие. Әсіресе, шығармашылық істерге қолайлы күн. Өзіңізге…
Бүгін Жаңаөзен қаласында заманауи үлгідегі «Bolashaq Saraiy» оқушылар сарайы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Балалар мен жастардың дамуына арналған жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, қалалық мәслихат депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты. Жаңа орталықта шығармашылық, ғылым және спортпен айналысу үшін заманауи зертханалар, ІТ кабинеттер, телестудия, әртүрлі шеберханалар, «Жас құтқарушы» кабинеті, акт залы және балаларға арналған коворкинг аймағы бар. Нысан жоғары технологиялық құрылғылармен, компьютерлік техникалармен және барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асатын бұл…
Әнші Сәкен Майғазиев Нұрлан имамның алдында діни тақырыпта әңгіме айтып, жұртты ұйытты, деп жазады Ertenmedia.kz. «Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған мен де жүрек жұтқан жігіт екенмін», – деп әзілдеді әнші. Сәкен Майғазиев өз сөзінде танымал түрік жазушысы Элиф Шафактың даналығын мысал етіп келтірді. – Жақсы көретін жазушым Элиф Шафактың мынадай сөзі бар: «Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді. Бірақ Алла тағала осылай қалады». Демек, бір адамды екіншісінен кем санау үлкен қателік. Керісінше, бірімізді біріміз толықтырып, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып жүрсек қана шынайы адам бола аламыз, –…
Әлемдік бокстың аңызы Майк Тайсон Қазақстанға астаналық кинофестивальге келген сапарында қымыз ішіп қызық жағдайға тап болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы фестивальді ұйымдастырушы Майра Қарсақбаева айтып берді. Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың өтінішімен Қазақстанға әйгілі боксшы Майк Тайсон шақырылған. Ол елордаға жұбайымен, қызымен, енесімен және жақын досымен бірге келген. Қонақтарды қарсы алған ұйымдастырушылар оларды алдымен мейрамханаға апарып, ұлттық тағамдарға толы мол дастархан жайған. Осы жерде Тайсонға қымыз ұсынылған. – Біреу Тайсонға: «Қымыз ер адамдар үшін өте пайдалы, Қазақстанда тіпті 70 жастағы қариялар да бала сүйе алады» деп айтты. Осы сөзге қызыққан Тайсон бірден бір литрге жуық қымызды сіміріп салды. Мен оған…
Жетісу облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту ісімен айналысатын әзірге Иппотерапия орталығы бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы өңірде балаларды оңалту ісімен 9 мекеме айналысады. Мұнда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 800-ге жуық бала сауықтыру шараларынан өтеді. Аталған Иппотерапия орталығы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы негізінде ашылған «Мерей» балаларды оңалту орталығында орналасқан. Бұл ғимарат арнайы жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Қазіргі таңда орталықта 55 маман жұмыс істейді, олар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға сегіз түрлі бағыт бойынша оңалту шараларын жүргізеді. Бүгінгі күні орталықта 40 бала сауықтыру емінен өтуде. Олар үшін мұнда бассейн, физиотерапия кабинеті,…
Алматы облысында түйе сүтінен жасалатын балмұздақ шығарыла бастады. Қазіргі уақытта бұл өнім халық арасында «қазақ балмұздағы» деген атауға ие болып, үлкен қызығушылық тудыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл ерекше десертті Еңбекшіқазақ ауданының Сарыбұлақ ауылында тұратын кәсіпкер Азангүл Албосын өндіреді. Оның басты ерекшелігі – дәстүрлі шұбаттың пайдалы қасиеттерін сақтай отырып, оны заманауи өнімге айналдырғанында. Қазір бұл балмұздақтың 20-дан астам дәм түрі бар. Дәстүр мен жаңашылдық тоғысы Жоба «Қазақтану» атты мәдени-ағартушылық бағыттың аясында жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат дәстүр мен заманауилықты ұштастыра отырып, ұлттық тағамның тек тамақ қана емес, тарихи және мәдени құндылық екенін көрсету. Кәсіпкер Азангүл Албосынның негізгі мамандығы заңгер. Ол Қазақстанға көшкенге…
Алматыда көрнекті мемлекет қайраткері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 114 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тағылымды шараға Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Халықаралық Д.Қонаев қорының президенті Эльдар Қонаев, М.Әуезов музейінің директоры Дияр Қонаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Дінмұхамед Ахметұлының жақын туыстары мен замандастары, жоғары оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шарада сөз алған Халықаралық Д.Қонаев қорының президенті Эльдар Асқарұлы Қонаев: – Бүгін халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толып отыр. Оның өмірі мен еңбегі мемлекетіміздің дамуына қосылған орасан зор үлес. Димаш Ахметұлының…
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы одан келіссөз өткізуді сұрағанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Иранның жетекшілері маған хабарласты», – деді Трамп. Оның айтуынша, кездесуді ұйымдастыру жұмыстары басталды. «Олар келіссөзге отырғысы келеді. Бірақ бізге кездесуге дейін әрекет ету қажет болуы мүмкін», – деп қосты президент, алайда нақты қандай әрекет туралы айтқанын ашып айтпады. Әзірге Тегеран ресми түрде Ақ үй басшысының мәлімдемесіне қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Бұған дейін Дональд Трамп Ақ үй мен Пентагон Ирандағы наразылық білдірушілерді қолдаудың бірнеше жолын қарастырып жатқанын айтқан еді. – Қазір әскери мамандар жағдайды саралап, біз өте қатаң шараларды қолға алуды қарастырудамыз, – деді ол журналистермен…
2026 жылы Алматы облысындағы агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл қаржы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде қарастырылған. Жалпы көлемі 4 миллиард теңге. Оның 2,5 миллиард теңгесі өңірдегі ірі кәсіпорын «АзияАгроФуд» акционерлік қоғамына жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыру үшін берілді. Кәсіпорын бұл қаражатқа заманауи өндірістік жабдықтар сатып алмақ. Биыл іске қосылатын бұл жоба облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға, қосымша құны жоғары дайын өнім шығаруға және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Сонымен бірге, өңірдегі егіншілік саласындағы маңызды мәселенің бірі су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында нақты қадам жасалды. «Alfalfa» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1,5…










